Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ол не дегенің, Бақтығұл? Сәт ата жауың еді, бабыңа келтіріп қосқалы тұрғам жоқ па? Және түбінің жауабы сенде ме, менде емес пе еді? Сен іркілетін қисын жоқ. Саған келген пәле – менікі. Тегі бойыңды тартар жерден тарт. Ал мұндай кезегі кеп тұрған дер кезінде жасқансаң, ол – жасық болғаның. Өйткен шіркін тіршілік неге керек?! Болды енді, құдайдың берген абыройына сен де жүре бер! – деп, Жарасбай орнынан тұра берді.

Енді Қоқыш Бақтығұлға жауап та айтқызбады. "Сөз бітті, болды. Бұдан әрі барудың керегі жоқ. Бақтығұл аттанады" деп, бір-ақ байлады. Бақтығұл Жарасбайдың әлгі сөзінен соң бегеліп қалған.

Сол күні кешке шейін Жарасбайдың қалың жылқысы мен Қоқыш, Сәрсен жылқыларының ішіндегі желді-аяқ, жүйрік ат-айғырдың он шақтысын таңдап отырып ұстатты да, қасына өзі іріктеп, тоғыз жігітті алып, Бақтығұл ымырт жабыла атқа мінгелі жатты. Бұлар ұры емес, барымташы деп аталды. Осы себепті болыс мына жігіттердің өз аулынан аттануын жасырған жоқ. Ауылдың барша көрші-қолаңы, бастығы -Қоқыш, Қайранбай тәрізді тілеулес достар болып, кешке жігіттер атқа мінерде тамашаны көрмек боп тысқа шығысты.

Көлденең ел бұлардың түсін керіп үрпимесін деп, Бақтығұл жүрістің мезгілін дәл осы ымыртқа байлаған. Өзге жолдастарының барлығы да Бақтығұл тәрізді ықшам, жалғыз шекпен ғана киген. Сырт ажарлары айбынды. Жігіттер тегіс мол денелі, ұзын бойлы. Омырау алқылдап ашылған. Кейбіреулері қапсағай, сүйекті, сіңірлі. Тағы біреулері иір-иір тарамыс, шақпақ еттері қайыңның безіндей мықты жігіттер.

Бұлар желіге күлісіп, даурыға сөйлеп, бірін-бірі әзілмен қағытып, сенімді ажар байқатады. Барымташылар ат қүйрығын тегіс түйіп тастапты. Ықшам ермен ерттелген, жалаңдап, көлбең қаққан атақты құлан бедеулер немесе бойына сенгендей басты анда-санда бір шұлғып тастап, құлшына жұтылып тұрған белгілі бәйгі аттар. Жаңағы жігіттер желігін бұлар аспандата көтеріп тұрғандай.

Жігіттер атқа мінгенде, астарындағы кейбір қылаңдар кешкі ала көлеңкеде жарқ-жұрқ келбек беріп, ауылға айдын бітіріп жібергендей. Барлық басқа жортуылшы атқа тегіс мініп, Бақтығұлды тосты. Бір мезгілде сұр шекпеннің оң жақ жеңін сыртындағы белдікке ілген, белуарында жалаңаш алтатар жарқ-жұрқ етіп, үлкен үй жақтан шығып келе жатқан Бақтығұл көрінді. Даусы – әмірлі. Бұл кезде тойынып алған денесі бұрынғыдан да кесектеп, ірілей түскен. Кеуделі, иықты келген де, төсі мен қолының бұлшық еттері кесек-кесек түйірлердей. Өзі кәзір езгеріп, өркештеніп, жаңа қырға мініп алған. Болыстың тілін екі етпейтін елгезектік оның көңлінен күдіктің бәрін кетірген. Дөңгелек кесек денесі екпінмен, күшпен қайнағандай тез қозғалып, шапшаң айналды. Жолдастарына тақап келгенде:

– Уа, көкжендеттер, жол болсын! – деп, шапшаң ғана саңқ етіп қатты айтты.

– Уә, әлей болсын, әлей болсын!

– Бірге, бірге болсын! – десіп, бірнеше дауыс сондай шапшаң шу етті.

Қалың қара мұрттың астынан Бақтығұлдың езуі сүйсінгендей жымиып жүр. Жүзінде толқынған қуарыңқы рең бар. Кездері қараңғыда қызулы тілектің отын шашқандай, күлімсіреп, жарқылдай береді.

Кермеге қарай көптің қасына басып, жақындай бергенде, Жарасбайдың бәйгі шабар атын бір малшы әкеліп көлденең тартты. Жігіт аттандыра бергенде, шылбырды беліне тез ғана іліп қалып, көп дүбірге желігіп, алағызып тұрған ат басын шұлғып, жіті басып, ілгері қозғалып айнала бергенде, Бақтығұлдың аяғы үзеңгіге тиер-тиместен ақжал шабдардың үстіне тап етіп қонып алды.

Әзірше жігіттердің көпшілігі сойыл-шоқпарларын қолтықтарына қысып, кейбірі ердің қасына көлденеңсалыпты. Ең айдынды, ең қызулы көрініс осы мүйнет болды да, тамашалаған ауылға соңғы көрініс те сол болды. Бақтығұл атқа мінісімен: "Әйдә, тарт!" деп тебініп жіберіп, қозғалып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сатыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шылдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалап, тартып берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий