Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Анық қара күз болып, ел қыстауға қонатын кезде партия қызуы амалсыздан саябырлай бастап еді. Жарасбай болса, енді "өйт-бүйт" деп, онда-мұнда нұскан, аттандырып жіберетін өз мінез-әдетінен тыйылды да, аз уақыт Бақтығұлды өз бетімен жібергендей болды. Бұл шақта тегі Бақтығұл болыс аулының жай шаруасынан қол үзіп, ат үсті адам боп кеткен. Енді өз аулында, өз үйінде көбірек күн өткізетін болды. Болысқа анда-санда ғана барып амандасып, бірер күн жатып, қонақ болады да, кейін тағы он шақты күн көрінбей кетеді.

VI

Соңғы кездегі жүрісі бұрынғыдай емес. Болыстан сәл шеткері бола бастаған соң, Бақтығұл бұл уақыттағы партия жайы қалай төңкеріліп, қалайша құбылып жатқанын білмеді. Өзімен-өзі болған жүрісі ел сезіне бұрынғыдай алаңдатпады. Ел келесі жөнінде жаздан ұғынып алған бір ғана аңғары бар. Болыстың жауы – Қозыбақ аулы, Сәт болыс. Ал сол болыстың жауы – бұның да жауы.

Қозыбақ ішінде Сәлмен – әсіресе мұның қанды мойын құныкер жауы. Сол бір аңғарды білді де, жүре берді. Бір күні түс кезінде болыс аулының бір жігіті келіп, Жарасбай шақырып жатыр деді. Бақтығұл атына мініп келгенде, болыстікінде, әдеттегіше, Шалқар болысының көп атқамінері жиын екен. Жарым жұрт тыста аттарын тұсап-тұсап, отқа қоя беріп, әр жерде бөлек-бөлек топ болып, қоралай-қоралай отырысқан. Шетірек отырған бір топтың ішінде Бүрген болысының дәл Қозыбақ қолтығындағы Ораз аулының кісілері отыр екен. Бұлар – Жарасбайдың жаздай тісін басып жүрген араз аулы.

Бақтығұл тобы, Қозыбақ жылқысы қолға ілінбегенде, бұлардан да бір-екі рет алғаны бар. Шақырған жұмыс ненің жайы екенін білмесе де, Бақтығұл ішінен "солардың сөзі бөлар ма?" деп күдік қылды.

Ойлағандай, солай боп шықты. Бірақ бұрынғыдай емес, көп ортасында отырған болыстың түсі Бақтығұлға суықтау. Сырт қарап қалған тәрізді. Сәлемін зорға алды, амандықты дауыстап сұраған да жоқ. Ендігі сөзін бастар жерден қатаң тастап, ұрыса келіп, аяғында айтқаны:

– Әй, Бақтығұл, сен шек білмей, асып кетіпсің. Жамандықты жақтамас деп сенген бойда мен жүрсем, сыртымнан мені былғап жүріпсің. Мен саған не ғылған кісімін? – деп, көп алдында арыла сөйлеп, өз басын әдейі осындай доң-айбатпен аршығалы отыр. Шүу деген жерден Бақтығұлды тұқыртып, мойындата бастады.

Бақтығұл бұл күнге шейін Жарасбайдың осылай сөйлеген түрін көрген жоқ-ты. Таңырқап та, сасып та қалды. Сонымен бірге жаңағы айтып отырған жұмыстарға өзін сондайлық кінәлі екенмін деп білмейтін.

– Мен не ғылыппын, болысеке? Неге таусыла сөйледіңіз? Кінәмді мойныма қойып өлтіріңіз. Әйтпесе біреудің нұсқаған жаласы шығар. Тексеріп, тергеп алыңыз.

– Тергейтін түк те жоқ. Сен, сенен басқа кісі істеген жоқ. Бүрген ішінде анау Ораз аулынан бір сары, бір торы ат, екі ту бие алыпсың. Қазір соны орнына сал! – деп бұйырды.

Бақтығұл үндемеді. Алғаны – шын. Жалтарғысы да келмейді. Жарасбайдан жасырам дей ме? Болыстың өзі де бұл істі бек біледі. Өзінің емеурінімен істелген қимыл болатын.

Бақтығұл әлі үндемей, көбінше таңданумен отыр. "Болыс неге бүйтіп құбылады? Әлденені сылтау ғылып, құйрығын сыртқа салғаны ма? Жоқ, жұртқа әдейі кез ғып отыр ма? Әлде ел көзінше осылай деп, Бақтығұлға жаманатын аударып, мұны тентек қып қойып, өз басын жаманшылықтан ақтамақ бола ма? Олай болса, артынан Бақтығұлды өзі арашалап алмақ шығар. Солай ету бар атқамінер-жуанның әдеті еді ғой. Ендеше, бетінен алмайын. Қарсы келмей, дегеніне үндемей ғана көнейін" деген байлауға келді.

– Алғаным рас еді. Малым да, жаным да сенікі, болыс. Сенен асып қайда барамын, кімді би ғыламын? Ойыңызға сыйғанын істеп, Оразды ырзалаңыз. Басқа, бөтен айтарым жоқ! – деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий