Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күн болмаса, бір күнде ісім түсе ме деп, ауылға жалтаң көз болып жүретін кедей-кепшік, аз ата ендігі салмақты қыл мойынмен көтеріп жатыр. Кескілескен тайталаста, барымта-тартыста соғысқан – солар. Таяқ жескен, бірін-бірі кем-кетік еткен, бас жарып, қан төгіскен – солар. Сөйтіп пәле мен қаза қалың момын елдікі болып жатқан шақта, сары қымызды сіміріп, семіз сүрге, балпаң бағлан майына жалмауыз пышағыжорғалай түсіп семіріп, мақтан, атақ алған Жарасбайдай, Сәт пен Сәрсен, Бәйтен, Ораз, Қозыбақтай жуан ауылдар болды.

Ел ішіндегі, ауыл арасындағы жай осы болса, облыстық қаланың ояз бен облыс кеңселеріне біреуді-біреу қаралап көрсеткен арыздар айлар бойы тола берген-ді. Әсіресе ұрлык, барымта көбейіп барады. Ояз ішінде қазақтың атқа жиі мініп, жауынгерлікке бет алып, аяқ басып бара жатқаны байқалады. Кейбір ұсақ ұлықты, стражник, урядникті тыңдамайтын болды. Қазақ болыстарының залалы станицаларға да біліне бастады деген сыбыс-хабарлар қалың қабырғалы меңіреу кеңселердің ұйқысын аша берді. "Ұры көбейді, елтырды" деген сөздерді ақпар етіп, крестьян начальнигі, ояз, жандарал кеңселеріне жағымпаз болыстардың өздері де, жауларын көрсетумен қатар, білдіре берген. құ

Ақыры бір күні жандаралдың өмірімен қала сілкінгендей болды да, партия жайлаған елдердің барлық болыстары мен билері қалаға шақырылып, тергеуге түсті. Дағдылы әдетпен қоқанлоқы жасап қорқытып, жалындырып, арада параға қалтаны толтыра жүріп, болыс, ояз чиновниктері мен тілмаштары партия басшыларына: "тез бітім табыңдар" деп әмір етті. Бұл "жандарал әмірі" деп жеткізді.

Осыған көнбесе, болыс атаулы орнынан түсіп, партия басылар елден кетіп, жер аударылады десті. Баяғыдан осылай ұлық кеңсесі ұшықтағанда, ел жуандарының ет пен тері арасында жүрген қымыз желігі тез басылып, тез айығатын. Бұл жолы да сол ем бол-ды. Барлық алысып жүрген партия басы араздар облыстық қалада бір күнде үлкен жиын жасады. Көк қасқа сойып, бата ғылысып, құдай-құранды айтысып, араздықты тастасатын болып, бітім табысты. Содан кейінгі кеңестерінің байлауы – ел ішіндегі тентек-тебізді, ұры-қарыны тиямыз деп серттесті. Ол тентегі мен тебізі, ұрысы мен қарысы дәл өздері екенін аңдамаған, ұқпағансиды. "Е дескен пәлеқор, айлакер қорқаулар аттарын атаспаса да, елдеріне қайтқанда, кімдерді жазалап, кімдерді қудалайтынын іштерінен мейлінше жақсы білісуші еді.

Осы жөнінде Жарасбай да қалада болып, өзге жауларымен де, әсіресе Сәтпен татуласып, табысып қайтты. Тіпті облыстық қаладағы ең алғашқы татулыққа аталған көк қасқаның өзі осы екеуінің татулығына арналып сойылған құрбандық болатын.

Елдеріне қайтысқан соң, сол жуандар үсті-үстіне ақсарбас, көк қасқа сойыса берді. Бірінің үйіне бірі барып тұсу, құдаласу, табысулар көбейе берді. Енді осы тоғысудың соңынан ашылатын съездердің уақыты жақындап қалған еді. Әрбір болыс, би өз кісілеріне, қарақан қара басына жаманат келтірмейтін жақты ойлап, енді қиялап шығатын, пәле-жаладан құтылатын жолдарды табу керек. Кейбір істерге, ақы-пұл дауға съез үстінде орын қалдырмау мақұл. Сондықтан көп дауды съезге жеткізбей, алдын ала тексеріп бітім беріп, тыныштық табысып жатқан аз күндер болды. Осы ретте Жарасбайдың қайыны Досай аулы өзімен тұстас аразы Қозыбақпен де, Оразбен де түгел табысқан. Сол табысу үстінде Ораз аулы Жарасбайлар әкеткен малын айтыпты да кеше болыстың Бақтығұлға қадалып, аямай мал кесіп бергені сол еді. Бірақ Бақтығұлдың сыбағасы мұнымен бітіп болған жоқ. Бұған арналған пәле-жаланың, зәрлі-зілдің ендігі бір көзі қаладағы ұлық кеңсесі болуға айналды.

Ояздың тілмәші Жарасбайдың қаладағы жең ұшынан жалғасатын нық сенімді тірегі Тоқбаев дейтін болатын. Сол Жарасбайды сыртынан қорғаштап жүретін, параларын арналған жеріне жеткізуші; соған орай өз жемін қысы-жазы мол алатын. Ал Жарасбай үшін өзі және келер-кетер жаманшылық-жақсылықты ұдайы білдіруші, Жарасбайға парамен сатылып келген тілеулестік ішіндегі мархамат періштесіндей жаршының өзі болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий