Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ораз бен Сәтте сенің қандайлық партия кегің бар еді? Әлде дуан тартысында Сәт екеуің бастарың бір жерге сыйыспай шығып па еді? – деп тағы кекетті.

– Өзім тартыспасам, елім, жақын көрген басшым тартысқан шығар. Егер қарасы болып, мен де біреудің соңына еріп, сойылын соққан шығармын.

– Сонда сен ненің орайы деп Сәт пен Ораздың бес жылқысын алдың? Ел келесін, басшылар тартысын былай қой. Олардың сөзі бір белек. Олар өз жайларын жеке сөйлесіп, бітім табысып жатыр. Сен оларды бұл жерге қабаттама. Оны саған әдейі арылта айтамын. Сенің басшы ғылдым деген кісілерің бұл бес жылқыдан бойын аршып, мына жоқшының кезін жеткізіп шығып отыр. Бес жылқыны сен өзің алдың да, өзің пайдаландың, соған не айтасың? -деді.

– Мен бірді алайын, онды, бесті алайын – бәрін де өз кегімді қуып алғамын жоқ, емеурінмен алдым. Алғызғанды алыстан іздемеймін. Нақ міні – мына отырған Сәрсен мен Қоқышақ бұл жазғы мен істеген істен бойын аршып кете алмайды! – деді.

Қоқыш бұл үйге жаңадан келіп отыр еді. Бақтығұл сөзіне қарсы қамшымен қолына білеп, салмақтап отырып, тесірейе қарап:

– Партия женімен алынған барымта, тартыс – бір басқа, ол сөздің түйіні саған келген жоқ. Құр беталды өз пәлеңді жұқпайтын кісіге жұқтырамын деп шапшыма, білдің бе! Ұры сенсің, мен емеспін. Жеген сенсің, мен емеспін. Өлер болсаң, Сәрсен екеумізге қақтықпай өл. Билер! Бұл жұмыс барымтаға да, партияға да жанаспайды, басы ашық ұрлық. Бұл бізге ғана емес, Жарасбайға да жармасар. Болыс маған осы сеөзді билерге айтып кел деп, әдейі жіберді. Міне -ұрың, әні – мойнына алып отырған ұрлығы! Ендігісін өздерің біле бер! – деді.

Бақтығұл күйіп кеткендей болды. Мал Жарасбай мен Сәрсеннің екеуі бөліп жеген мал еді. Айыпсыздың ызасы мен реніші кернеп кетті. Көріп отырған жәбір-жапасына, жалғыздығына өзіне-өзінің жаны ашынғандай, көзі жасаурап, тамағы кебірсіп, аузына сөз түспеді.

Билердің жүзі көрнеу тұрған қиянатты әдейі арсыздыққа жеңгізіп, арамды ақтың үстіне не айламен болса да шығарамыз деп, жұмыла қарайып алған. Сөз біткен сияқты керініп, мың батпан жауыздықты ұятсыз, арсыз қалың кеудемен өрге сүйреп женелді. Бақтығұлға кесік айтылуға жақындап қалды.

Бақтығұл жаңағы халінен бой жиып, оңала алған жоқ. Дауды қойды да, ендігі соңғы айтқан сөзі:

– Егер осы Қоқыш сөзін Жарасбайдың айтқаны шын болса, арманым жоқ! Өртеп жіберіңдер, бүйтіп итшілеп жүрген тіршіліктің бұдан былай маған бес тиынға да керегі жоқ. Жалғыз үй Сарымен ешкімнің де тобы көбеймес. Келді-кетті бір жалғыз кедей. Не көрсем де сенгенімнен көрген шығармын! Бірақ қоймаларыңды көрдім. Керегі жоқ, жарайды... – деп көзіне жас алып, буынып кеткендей болып, сазарып түрегеліп, жүріп кетті.

Үйдің іші аз үндемей отырып, артынан қайта сергіп, кесік әңгімесіне кірісті. Бақтығұл сыртқа шыққанда, жотасын сырт беріп, үш-төрт жуанмен бірге көлденең өтіп бара жатқан болысты көрді. О да сәлемін алған жоқ. Мықты болыстың нағыз, арсыз, жуан жонын көріп тұрып: Бақтығұл тістеніп ап: "Қап!" деп ернін шайнады. Жүрегіне у төгілгендей болды.

Бұл уақытта шабарман қайта шақырып, үйге кіргізді. Билер бес қараға бес жуан қара кесік айтты да, артынан үш жыл абақтыны бірге кесті.

VII

Арада екі жұмадай уақыт өтті. Бұл кезде Бақтығұл – елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын.

Болыстың съезінде сатымсақ билер істеген билік сол күні орнына келетін болып, билік артынан Бақтығұлды жібермей ұстап, тұтқын қылуға айналған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий