Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі шабарман Бақтығұлды билер үйінен ертіп шығып, ұрыларды қамап жатқан үйлеріне қарай алып жүрген... Бірақ абақтыға салып, тұтқын қылып ұстау қырдың әдетінде жоқ жаза да, оны істеймін деген болыс, билер де көңілдегідей қылып орнына келтіре алмайтын. Ұрыны сенімсіз көріп, қашып кетеді деп, аяғына кісен салушы еді. Сол кісен шабарманның қолында жоқ болды. Және барлық түстеріне, жөніне қарағанда, екі жігіт Бақтығұлдың кісі ғұрлым көрмейтін әлсіз, жендекілеу жігіттері еді. Өздерінде асынған қару да жоқ-ты. Алдында билік үстінде не дерді білмей, есінен жаңылған Бақтығұл тысқа шығып, енді мына жігіттер аяғына кісен саламыз деп қамданып жүргенде ғана, өз жайының шынымен бұзылып, жат түрге ауысып бара жатқанын ұқты. Қазір сол жерде-ақ зорлыққа көнбей, қашуды ниет қылды. Осы ниетті жаңа ойланып, бекініп болған орайда шабармандар "Осылай тұр!" деп, болысқа тігілген үйге таман кісен іздеп жөнелісті.

Сол уақытта Бақтығұл саспастан, аяңдап барып, билер үйінің жанында тұрған атына мініп алды да, үй-үйдің тасасымен желіп жүріп кетті. Артынан бір шабарман шығып "аһу!" деп жұртқа жар салып, "Қайда кетті, қайда кетті?" деп бос қарбаласьш, жүгіріп жүрген кезде, Бақтығұл ауылдың жанындағы кезеңді асып, жорытып отырып жартасты езекке түсіп, содан тас-тастың арасына батып, тауға кіріп, адастырып кетті. Осы сағаттан бастап Бақтығұл қашқын болды.

Бұрын ілініп көрмеген, көрмесем деп тілеген жаманатына еріксіз келіп басы сұғылды.

Қазірде аз күн өтсе де, Бақтығұл қашқындықтың сұрықсыз жаман, жат пішінін әбден көріп, басынан бірталайды кешіріп қалды.

Съез басынан қашып шыққан соң, болыс сол күні тыным тапқызбай іздеткен екен. Кешке шейін маңайды аралатқанмен, таба алмапты. Бұл уақытта Бақтығұл жолға бөгелместен, тура тартып келіп: қатынына қысқаша жайды айтып, киім-кешегін алып, астындағы жиренді тастап, жүйрік құланы мініп, шиті мылтықты барлық оқ сайманымен мойнына асып алып, кешке шейін ел көзіне көрінбес үшін, белгілі қора тасқа бекініп отырған. Мұнда, бір жағынан, қарауыл қарай отырып, екінші бітірген жұмысы: үйіне қатынына тары-талқан түйгізіп жатыр еді. Және өзі қора тасқа бір тоқтысын алып келіп, соны сойып, жарты етін қатын-баласына тастап, жартысын өзіне азыққа арнап бұзып, тұздап қарынға салып еді. Кешке ымырт жабыла қатыны талқанды алып келген соң, бұдан былай қанша уақытқа кететінін айтпастан, "құдайға тапсырдым" деп қош айтысып, құла атқа қосып бір семіз күрең атты қосарына алып, тауға қарай тартып берген.

Қатша бөтен ешнәрсе айтпастан:

– Келіп-келіп аяғы бұған жетті ме? Құдай төбеңнен ұрғыр, Жарасбай! Осы қылғаның өз басыңа келсін! – деп, байы көз ұшынан жоғалғанша, артынан қараңғыға қарап тұрды да, ет салған қапты арқалап үйге қайтты.

Сол күні түнде болыстың қуғыншылары келді -таба алмады. Қатшадан ешбір дерек ала алған жоқ. Ол "таңертең кеткен" дегеннен басқа түк хабар берген жоқ. Не болғанын аңқаусып өздерінен сұрады.

Болыс Бақтығұлды қырына алып жазаламаққа байлаған соң, не де болса, оның елде еркіншілікте жүрмей, барарына тезінен бармағын тілеп еді. Сондықтан алғашқы күннен бастап, осы соңғы уақытқа шейін тыным таппай, талай жерден талай түрткі салып қуғызып келді. Қуғыншыға жердің жөнін білетін тас-тасты көп аралаған аңшыны немесе ұрыны қосып беріп те жіберетін. Бір-екі кісі емес, бес-он кісі Бақтығұл қашқаннан бері қарай үнемі ат үстінде болып, тыным алмай таутасты сүзіп жүр. Бірақ бұл күнге шейін Бақтығұл қолдарына түспей келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий