Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бақтығұл Талғарды қысып тулатқан шаттан озып, жоғары жайдақ жерге таман шықты. Бірақ мұнда да тентек су өткел беретін түрді көрсетпейді. Ішіндегі қазандай-қазандай кесек тастарға екпіндеп кеп соғып, ытқып аққан толқынды ағын әлі де басты айналдырады. Талғардан көпірсіз жерден ешкім өтпейтін болса да, Бақтығұлға тегінде арғы бетке тығыл таяңдау уақытта өтіп жүретін бір оңайлау жерді біліп қою керек. Өзенді сонымен жағалап көріп еді. Бірақ жақында ондай жер кездесетін сияқты емес.

Осымен алданып, өзенге ғана көз салып келе жатқанда, құла ат алдыңғы жаққа қарап елең ете түсті. Бақтығұл жалт қараса: жарты шақырымдай жердегі бір мұрыншаққа бір-екі атты шығып қалған екен. Жай кісі емес: қолдарында ағашы бар; аттары жарау. Жолда тоғай мен тастақ төбелер бар еді, Бақтығұл тез ғана бұғып, төменірек түсті. Сәл кезде арт жағында төмендегі бір мұрыншақтан қарауылдап тұрған 4-5 кісіні тағы көрді. Олар мұны көре сала, айғайлай жіберіп, шауып келе жатты. Алды-артын қамап алған сияқты. Болар жері осы деп мөлшерлегендей, алдынан тосқауыл қойып, артынан қуғын жасамақ екен.

Өзен мұндай жерде, қауіпті тор сияқты, үлкен кесел шығаратын болды. Тығырыққа қамалып, қаша алмай қалатын болды. Жалғыз жалтаратын беті өзеннен бүйірірек жаққа қашу болар еді. Бірақ оны қуғыншы кәзір келіп кесіп алатын.

Жаулық пен қатер құшағына қаусырмалап қысып келе жатқандай көрінді. Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміті: не Талғар еткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады – әйтеуір дұшпанға жоқ. Осындай не өлу, не құтылу сияқты бір-ақ қана түйіннің үстіне келді де, құла атты қамшылап-қамшылап жіберіп Талғардың тасқынына қойып кетті.

Өзеннің аржағына аман өтсе, қауіптен құтылады. Өйткені ол жағада жау жоқ. Онда ел де жоқ, иесіз болатын. Қаншалық көзі қызығып өшіккенмен, қуғыншы Талғардан өтемін деп өктемейді. Тіпті өтпек болса да, бір бет ашық – Бақтығұл қашып құтылады.

Өзен суы Бақтығұл түсе қалған жерден құла аттың жалпақ тізесінен келді. Ішінен "я құдай, я аруақ!" деп, не де болса жылдам бастырайын деп, Бақтығұл құла атты тебініп берді. Азырақ жүріп барғанда толқын қолтыққа келді. Дүние шыр көбелек айналғандай, біресе құлдырап жүгіріп аласұрып ашыққандай шапшып, секіріп, дабысымен жер жарып, басты қаңғыртқандай қатты тасқын құла атты қолтыққа ілінген соң-ақ бетінен жалтарып, төмен қарай қағып, әкетіп

бара жатты. Сонда да иесінің қысылғанын сезгендей барын салып, қарманып келе жатқан жануар көлденеңдеп, ілгері қарай ұмтылып келеді. Кейде омырауға соғып жіберген толқын құлатуға айналып, еңсеріп кетсе де, көзі шатынап, екі құлағын қайшыландырып, оттай ыстық қайрат жиып, жан айласын істеуден жаңылмайды. Су үзеңгіліктен асты. Толқын үсті-үстіне соғады. Ат малтуға салды. Енді қатты ағын шап-шаң ағыза жөнелді.

Бақтығұл құла ат ағып жөнелген соң-ақ, өмірден үмітін үзді. Әлдекімге "қош!" деді. Көзінен біртамшы ыстық жас та ыршып кетті. Жалғыз жалынды арман сияқтанып: "әттең жалған-ай!" деген бір ғана ащы күйік тілі шықты. Сол кезде құла атты меңдетіп, билеп алған қатты толқын екпінмен алып келіп, жолдағы үлкен тасқа соғып жіберді, жақында ажал тос-қауылындай болып, су астында күмпиіп жатқан қазан қара тасты кергенде, Бақтығұл енді "біттім" дегі еді.

Бірақ соғып қалғанда, құла ат жықылып, аунап түскен жоқ. Аяғын қайта басты. Тасқа кептеліп, тұрып қалды. Сол уақытта жағаға екі-үш адымдай жер қалған екен, құла ат тәлтіректеп есінен айрылып, жығылуға айналған уақытта Бақтығұл "а, құдай!" деп айқайлап жіберіп, аттың жалынан басып секіріп кетті. Сонда да су белден келеді екен. Дөңгелек айналдыра жөнелді. Ағызып өкетті. Аяғы анда-санда бір жерге тиеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий