Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сарымсақтының жақын бетінде талай-талай замандар тіршілік еткен кәрі, жуан, ку қарағайлар жуан тамырлары адырайып, қопарылып, кәрі алыптың көп жылдар қуарып, жатқан елігіндей болып, бетке сұлай жығылып жатыр.

Әр жерде де сондай қуарып тозып жатқан елім белгісі көрінеді. Қарағай Сарымсақтыдан әрі қарай белдеу таудың бәрін қара қошқылдандырып қаптай басып, жалпақ қара жыныс болып кеткен. Алыста Түрген суы жарып шыққан қара қойын қарағайлы, жартасты қара шат қарауытады.

Сол қара шаттың жоғарғы үсті – шашырай біткен тоғайы бар Назардың биігі. Ол да жазғы жайлаудың бірі. Дүңкиіп, сары жотасын білеулендіріп жатыр.

Бұлардың бәрінен әрі бұлтты сұр аспанға ақ шашты кәрі басын созып, Ожардың қарлы биігі жарқырайды. Ала жаздай мұзы жарқырап жататын қалың ақ қарлы суық басы бұл күнде ерекше жаттыққа, жайындыққа екілендіріп тартқандай болады.

Бақтығұлдың нық бекінген ойына Ожардың қазіргі түсі: аянышты білмейтін, қаталдықпен суынған, асау жаулық жайын сыбырлағандай болады. Бар көріністің ішінде көңліне иек қағып, дем берген айдаушы сол сияқты. Биік, суық, мұзды басынан күздің жүдеген сұр күнінің ортасында тіл келгендей. Тасты, мұзды суық табиғат бір ерекше жат жайын, қимылды ыстық көріп, соны ашынып, жаланып тілегендей болады.

Бақтығұл маңайға біраз ойланып, қарап тұрған соң, түс ауа бергенде Асы жақтан ең шеткі кезеңнен аяңдап асып келе жатқан қалың шоғырды көрді. Топ алыстан көрінді. Кәзірде құр ғана үлкен қарасы байқалады. Бірақ тым жақын болмаса да, Бақтығұл келе жатқандардың – мал айдағандар емес, көп аттылар екенін байқады. Сол арада бөгелместен, қайта бұрылып, атын шапшаңдата басқызып, таудан түсе бастады. Беттегені бағанағы қызыл тақыр жотаның түбіндегі терең шат.

Аздан соң атын жолмен келе жатқан жүргінші көрместей, бір қиын дараға әкеліп бекітіп тастап, өзі киімді жеңілдеп киіп, терлейтепши, ернеу жолдың жанындағы сары ағашқа келіп жетті.

Бұл арадан да Ожардың шошақ басы көрініп, мойын созып еліріп қарап тұр. Сарымсақтының қарағайлы биігі Сары ағаштан қараған көзге екінші жалпақ бетін көрсетеді. Бақтығұл отырған шаттың күн шығыс жақтағы қарсы беті – сол биік. Мұның етегінен басына шейін жарыса ескен қалың қарағай. Тау басына тырмысып, қаптап, өрлеп бара жатқан қалың, қара топыр қол сияқты. Немесе тау қара сеңсең бестек жамылғандай. Бір уақытта Бақтығұлға: қарағай етектен тау басына Қарай қашып бара жатқандай, бұл ойлаған ниеттен үркіп жосығандай көрінді.

Сонда қара мұрттың астынан езу тартып, суық жымиып:

– Болсын солай!.. – деді де жаңағы бетке тағы қарады. Қалың қарағайлы бетте анда-санда әр жерде қара быжырақ болып қара жартастар көрінеді. Киіздей қалың, қара көк ағашты сол тастар әр жерден тілім-тілім қылып бөлгендей: көк жасыл керіністің ортасынан түсіп, көркін бұзып, тас шимайын салып, беттің түсін суытып, құбыжықтандырып тұр.

Ожардың қарлы басының астынан көрінген жері қып-қызыл жалаңаш тас. Тақыр тас ерекше қызылданады. Соның төменгі түбінен Түргеннің асау суының басы басталады. Берірек келіп көрінетін қара қойын Түрген басының тау жүрегін сара тіліп шыққан анайы ұясы сияқты.

Сары ағаштан айнала көрінетін қарағайы жоқ тақыр беттердің барлығы да үлкенді-кішілі кеуделеріне тау селінің айқын таңбасын басып алыпты: бәрінде де тау суы айғыз-айғыз ғылып, тастарын ақситып, жар ғылып, сойып кеткен таңба бар. Биік бастарынан етекке қарай құлап түскен қисық, ирек жыралар қасқа жол сияқтанып аңдыздап жатыр.

Бұл көріністе: күшті екпіні бар қатты ағын ұлы тасқынды еске түсіріп, омыраулап ұмтылуға, шап-шаңдап іс істеуге екілендіріп, жетелеп тұрғандай.

Иесіз биіктерде қалың қарағайдың ішінде тығыла қашып, жүйткіп жүрген елік, тау ешкі, арқар сияқты тағылар бар. Бүгінгі Бақтығұлға жан иесінің ішінде күйі жақын жандар солар сияқты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий