Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алғашқы қашып шыққан күннен бастап, Бақтығұлдың ойы ылғи абақты жайында болатын. Өмір бойы жаны шошып қорқатын, "содан сақта" деп тілейтін жалғыз қорқынышты дұспаны еді: желмая мініп, Құламергенді қуған ертегінің жалмауыз кем-піріндей қадалып, түйіліп, мұның соңына түсті. Күндіз-түні бір күдік, бір қауіп, жүректе оқтай қадалып, қабағын ашқызбай, ас батырмай, ұйқы ұйықтамай, иығынан басып салбыратып бара жатты. Кейде арт жағы қаптап келе жатқан өрт сияқтанып, яки дүниені жалмап, жапырып төнген тасқын сел сияқты көрінетін. Түсіне оянуы, ояуына түсі араласып, әрқашан арт жағынан аузын ашып, жұтқалы ұмтылған ажалды сезіп тұрғандай күйлер көбейді.

Сол қорқынышты ажал: абақтының шойын есігі, қараңғы тас қабырғасы сияқтанатын... Ерте күннен жайын мінезді жабайылықпен қорқатын әдет бұл күнде ұйықтап жатқанда да, селк еткізіп, шошытып оятатын. "Тіршілікті темір тұзақтың ішіне салып, тірі шығармын деп ойлаған жанның көрген күні бар болсын. Одан өлім артық, бәрібір бұл да елім. Ләнет, ләнет болсын бұл күйге, бұл күнге!.. " деп, ертеден қара кешке осы сияқты бір қараңғы суық түсті қара үңгірге оймен телміріп қадалып алып, соның албас-тысынан бойын босатып ала алмай қойды. Қуғын жиілеген соң, жаңағыдай жат түсті абақтымен қатар тұрған әзірейіл Жарасбай болды. Оның да жуан жотасы, суық түсі әлгі ажалды мұның артына көздеп салып, тыным таппай қуғызып отырған мың да бір дұшпаны болды.

Осындай күшті, жуан жаулардың бір күні болмаса, бір күні уысына еріксіз түсетінін ойлағанда, Бақтығұл іш құса болып, алағызып кететтін . Бірақ ес жиған уақытында бойын билеп, өз-өзіне қайрат бергенде:

– Не қылса да ұстатпаймын, қолыңа тірі түспеймін, қашамын, кашамын, қашып жүріп өлемін... Егер тіпті болмай бара жатсаң, Жарасбай, көрермін!.. -деген байлауға келген.

Болыс он бес күннен бері тыныштық алған жоқ. Әлі де Бақтығұлдың соңына шам алып түскендей болып келеді.

Соңғы кездегі қуғын әлденеше жақты болуға айналды. Бір жағынан, он шақты кісіні, қолдарына мылтық, қару-жарақты сығайлап беріп, күндіз-түні тау-тастың барлығын кезгізуден басқа, тауішінде отырған елді де мұның соңына салмақшы болды. Бірталай елді салып та қойды. "Кімде-кім Бақтығұлды көрсе, я ұстап берсін, яки хабар ғылсын. Ол ұсталмаса, тыныштық болмайды. Қаладан отряд шығады. Лауымен, сойысымен сол елдің өзінің мазасын кетіреді. Оның үстіне ұрыны, қашқынды сүйедің деп жазаға ұшыратады" деп, үстінен құс, астынан ит жүгіртіп, момын елді неғылса да, Бақтығұлға жау қылатын болды. Осы сияқты қорқытқан қоқан-лоқыдан басқа жаңағы елдің арасындағы көңілжетер, тіл алар деген ауқатты, әлді қария, пысықсыған атқамінер болса, солар арқылы сәлеммен де асылып, салмақ салып жатты.

Сонымен аз күнде Бақтығұлға қалың таудың іші де соншалық мықты, сенімді пана болмайтын сияқтанды. Енді не де болса, көпке сенбей, көп жерге қонақтамай, барды берсе де, бір ғана жасырын орынды тауып алып, соны мекен етуге тура келді. Екінші, жау көп, аямайды; қуғыншылардың қарусызы жоқ. Бұл болса, әрі жалғыз бас, оның үстіне сүмбемен оқтайтын жалғыз ауыз қара шитіден басқа сенімді қаруы да жоқ.

Өзгеден бұрын бір зор қиыншылық осы. Қашқын болған соң ат, сайман көңілдегідей болмай болмайды. Әйтпесе қашып, қорлыққа түсу де керек емес. Соны алғашқы шыққан күннен көп ойлап, мықтап ескерген Бақтығұл бүгін ғана мұратына жетіп, қолына сенімді қару түсіріп алды. Кәзір мұның қойнында жаңа алтыатар, мойнында жақсы сенімді бердеңке бар. Бұлар көп зарықтырды, бірақ шығынсыз түсті. Өйткені екі-үш жыл бұрын жорыққа аттанып жүрген кезінде Бүргеннің бір кәрі орысымен достасып еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий