Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жақында Жарасбайды оңаша алып, өз пәтерінде қонақ қып отырып, Тоқбаев бірталай сыр айтып, ақыл берген.

Сондағы үлкен сөзінің бірі – ояз кеңсесіндегі Жарасбайдың үстінен жаз бойы түскен арыздың көбінде бұны "ұры ұстайды" депті. "Ұдайы кісі аттандырады. Талай мал алды. Қолында барымташы, атышулы мықты жігіттері бар" депті.

Осы хабарды, сырды білдірумен қатар, Тоқбаев Жарасбайға: "тезінен бұл пәледен құтыл, арыл! Ол үшін бірнеше адамды "ұры" деп шығарып бер. Өз билеріңнің атынан абақты кесік кескіз.

Сол кесік бойынша приговорды мықтап тұрып, осы қаланың абақтысына айыпкерлерді өз ат-шабарларың айдап кеп, табыс етсін" деген.

Бір бәленің үстіне тағы бірі жамылғандай, Бақтығұлды шығара қуып, кінәлауға соңғы күндерде бір сылтау тағы шыққан. Қозыбақ аулы жақында бір топ мал жоғалтып, соны тағы келіп Бақтығұлдан көріп, қадала бастады. Бақтығұл бұл малдан аман болатын. Жарасбай жұмсаған шақта Қозыбақ аулынан барымтаны оның көп алғаны, өшіге түсіп, аямай алғаны рас болса да, өз бетімен қотыр тайын ұрлаған жоқты. Алып келген малының бәрін де Жарасбай, Сәрсен, Қоқыш, Қайранбай – төртеуінің қолдарына өткізетін. Сейтіп партия біткелі, барымтаны қойғалы тыныш қана жатқан Бақтығұлға Қозыбақ аулы ескі кек сылтаумен тағы кеп жабысты. Соқыр көргенінен жазбас деп, артынан қалмай қойған.

Бұл жолы жоқ іздеп келген кісі екеу еді. Бақтығұл барын айтып арылса да, мыналар тоқтамай, шектен аса берген. Екеудің пысығы сонада келіп, Сәлменмен бірге Бақтығұлды сабап кететін теке сақал, бітік кез, сары Әзберген еді. Сол Бақтығұлға "былтырғы істеген істі тағы да сағынған екенсің" деп, содыр жуандықтың жотасын көрсетті. Өзінің айыбы жоқ және ескі кегі ұмытылмаған Бақтығұл мына сөзге шыдамады. Ашу қысып булыққаннан Әзбергенді боқтап жіберіп, қынынан сапыдай ұзын, қара пышағын суырып алған. "Жарып тастайын сен итаршы төбетті!" деп, тап берген.

Әзберген қырсық мінезді, қыршаңкы тілді болғанмен, қуыс кеуде қорқақтың бірі болатын. Бақтығұл сырын біліп, доң-айбат жасап еді, сонысы ем болды. Екі жоқшыны боқтап-боқтап, аулынан айдап салды. Болысқа жетіп жүрген арыз-шағымның ішіне бұ да қосылған. Енді Жарасбайдың өзі ғана емес, болыс аулы тегіс сыртқа теуіп, қырын қарап қалыпты.

Сондай бір шақта Қатша үйіндегі қатқан-құтқанын асып, Жарасбайдікіне сыбаға әкелді. Әкелгенмен, бәйбіше күрең қабақпен сұлықсыз қарады. Қатша бұлардың жат сияқтанып қалғанын сезіп отыр. Аяғында кетерінде Сейітті былтырғыша осы ауылға тағы да әкеліп, оқуға бермегін айтып еді. Баласының "барамын" деп үйдің мазасын кетіріп жүргенін сездіргенде, болыс пен бәйбіше бірдей жауап бермей, сөзін ескерусіз тастады. Қатша "жеңеше" деп сөйлесе де, бәйбіше өз қасындағы күтуші қатындары, малшы қосшыларымен Қатшаны көбінесе күлкі ғылып мазақтай берді. Айласы құрыған Қатша дал болып үйіне қайтты.

Осы сияқты әр жайдан әр түрлі шаң берген суық қабақ, бегде белгінің бәрі де Бақтығұл басына қарай үйірліп, айналып келе жатқан дауыл бұлтындай бір жаманшылық салқыны еді. Сонда бәр-бәрінің түп қазықтай жуан тамыры, арғы себебі Жарасбай болыстың ішінде енді бүгіліп жатқан бір ғана қатал қиянат, арам есепке саятын.

Осындай іште іркілген бітеу жарамен кеше бір заманда Бақтығұл сеніп келген Жарасбай жүрді. Өз күйі не болары белгісіз дүмбілез дағдарысқа Бақтығұл түсті. Сонымен он шақты күн өткенде, Шалқар болысының съезі де ашылып қалды.

Бақтығұлға алғашқы күндерден бастап-ақ суық хабарлар жетіп жатты. Съез басында болыстың өзі де бар дейді. Билер кісісіне қарай өлгенше қатал. Кесік үлкен. Шалқардың атқа мінген билері мен жуандары болып, болысты ортасына ала отырып, ұрыны аямас-қа "аруақ-құдай" десіп анттасыпты. Кеңесіп отырып, жиырма кісіні "ұры" деп, қаттап алыпты деген де сыбыр бар. Олардың арасында кім бар, кім жоғын бегде жұрт білмейді. Бірақ осыларға түбінде абақты кесілер деген дақпырт та естіледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий