Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тегінде Қозыбақ – Сәт жаулығы атты алысқа айдаған үлкен жаулық болған сайын, әрқашан оның қарсысына тең түсерлік жуан тамырлы бір досты ұстап отыру Жарасбайға қатты керек. Сол себептің достық жақыншылықты күшейткені және бар. Бүгінгі майдан бірлігі сондай жандармен тым-тым жақындастырды. Мұның бәрінің үстіне Досай аулының бүгінгі басы – Бәйтенде Қалыш дейтін бойжеткен сұлу қыз бар-ды.

Жарасбайға биылғы жыл қай жағынан болса да, шарасынан шыққан жыл боп тұр. Соның салдарынан ба, болмаса Қалышқа шынымен көңлі ауып, қызықты ма – әйтеуір бір сұлу тоқалды болғысы келді. Солайша достық түбін сүйек айырсын деп, Досай аулына күйеу болып Қалышты айттырды.

Досай аулы бұл жақындыққа барынша ырза болған. Партия шығыны Бәйтенді де, Жарасбай сияқты белуардан борышқа, шығынға батырып бара жатқан. Ал оның өз басына қараған малы Жарасбайдай емес, шағын. Соны ойлап: Қоқыш, Сәрсен, Жарасбай болып ақылдасып, Бәйтен аулына қарғыбау мен қалың малды бірге қосып, қарбытып бір-ақ беріп жіберген.

Сөйтіп Бәйтенге жиыны елу жуан қара жөнелтілді. Осының бәрі жиналып келген соң, мынадай аяспай қимыл етіп жатқан тартыс шағында, Жарасбай мен Бақтығұлды адастырып әкеткендей болды. Аз күн ішінде бұлар өздерінің кім болып бара жатқанын та-нымастай. Бұл құбылыстың басы Қозыбақтан барымта алудан басталды. Содан кейін ағыл-тегіл болып, тоқтамай, шығындап жатқан мал күйігі бар; егес бар; өштік-қастық қайрай түскен қиястық бар – бәрі топтанып келіп Бақтығұл мен анау сегіз-тоғыз жігіттің аттанысын жиілете берді. Әуелде бір алған, екі алған мал барымта деп аталып жүріп еді; аяғы білсе – барымта, білмесе – сырымтаға да ауыса бастады.

Анықтап көздесіп отырып, кезек алысып жатқан Сәттен басқа иісі Қозыбақ түгел күйді. Және солардың тілеуіндегі маңайласы, құдандасы болсын немесе кейде тіпті кімдікі екені белгісіз, тек жерлес бөгде болсын – бөрі де жырынды жігіттердің құрығына іліне беретін болды. Ал келген малды топтап жинап алып, алысқа ұзатып: орыс ішіне немесе басқа дуанға апарып сатқызып, өткізіп отыру тәсілі де шықты. Бұл істі Жарасбай Бақтығұлсыз істейтін. Ондағы ақылшылары, жүріп көмек ететін атқарушылар – Қоқыш, Қайранбай сияқты айлалы, жырынды адамдар.

Бақтығұлдар атқан оқ, шапқан қылыш немесе жылқы мойнына түскен құрық, бұғалық қана болғанда, оны мал ғып жетекке, есепке алатын – Жарасбайдың басқа бас-көз көмекшілері. Бақтығұл түптің-түбінде от көсеген көсеудей күйе кететін болса, бұл малдардың құнарлы қалың топтары қайда-қайда кеткенін білмегені дұрыс. Сәрсенмен оңаша ақылдасқанда, Жарасбай осы жайды да ішіне мықтап құпия түйген-ді. Сөйтіп Бақтығұлдар жетегінде, айдауында келетін ірі малдың мол топтары бұларға белгісіз бір тұңғиықтарға сүңгіп, жұтылып, жоғалып жатты. Ондай топ малдың ішінен қолда бірер күнге сақталып қалса, ұсақ жағы ғана қалады. Еті семіз болғандықтан, күнделікті жиын-топырға солар сойылады.

Осындаймен жүргенде, сайлау да жетті. Жарасбай өз елінің ішінде болыстығына қайта ие болып қалды. Тек көп тартыс, көп қаржасумен, әсіресе мол шығынмен, әупіріммен орнында қалды.

Сәт сырт көзге, сыртқы тартысқа жеңілген сияқты болды. Себебі – ол болыстығынан түсті. Бірақ өзі түскенмен, жаңа болыс соның тілеген адамынан болды: Досай аулы жеңе алмады. Ояз келесінде ұлыққа жақындығын пайдаланып, Жарасбай Сәттен артық салмақ алды. Сырт көзге Жарасбай орнында қалып, Сәт болса – түсіп қалғаны бір елі болса да, кемігені деп саналды. Сол күйге ызаланған Қозыбақ аулы, бастығы Сәт болып, осы партия мен араздықтың, бақталас, тай-таластың аяғын әлі де болса қалмай-талмай қуатын болды. Сонымен сайлау өтіп, күз жетсе де, көп рудың жуаны Жарасбаймен ұстасқан араздықта тыным таппайтын болды. Ол тынымсыз болған сайын, Бақтығұл тобы бұрынғы адал, тыныш еңбектен айрыла берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий