Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Арттарында сүйсінгендей тамашалап, керініске желігіп, қызығып қалған ауыл кісілері әр алуан қошемет сөздер айтты: "Пәлі, жарайды, еркек-ақ!" десіп, қызыққа қана алмай, шығарып салысты.

Барымташылар тобы әуелде үлкен қара топыр болып бұлдырап, қозғалақтап, арасындағы қылаңдары көпке шейін көрініс беріп барды да, кейін ептеп-ептеп көз ұшынан жоғалып кетті: түн құшағына батты.

Осы кеткен бетінде түні бойы ұйқысыз, тынымсыз жорытқан сенімді қайсар топ таң атқанша ер істейтін әрекеттің бәрін де істеді. Бұлар соғысты да, қуғынды да, басқа тиген сойыл, атылған мылтық оғын да көрді. Соның бәрінің соңында таң аппақ атқан кезде болыс бұйрығын ойдағыдай орындады. Он байталы бар бір айғыр-үйір қысырақты алды. Жылқышы қуғыншыдан әбден құтылып шығып, Шалқар болысының шегіндегі елсіз шатқал, жым-жырт бір дараға келіп кірді. Қайтыста таң алдында жаудан құтылып алған соң, бір-екі жігітті жолдағы ауылға жіберіп, бір бағлан алғызысқан.

Қарауылы мол, қалтарыс қойны кеп дараға келіп орныққан соң, бағланды ақтармалатып сойғызып жіберіп, етін асқызып тастап, Бақтығұл өзі тау басына қарауылға шығып отырды. Айнала жықпыл-жықпыл, мелшиген, иесіз қызыл тас. Алыста көк жібектей мү-нарға оранған көкшіл қалың қарағай. Биікте жарық күнмен шағылысқан, ашық түсті, кірсіз аппақ қар. Елсіз биіктің дәл төбе жағында, шырқаған алыс аспанда торғайдай болып қалқып жүрген – тау қыраны.

Дәл Қозыбақ аулында жылқышы боп жүріп, барымтаға аттанатын күйлердің бірі. Талайды еске түсірді. Қозыбак үшін алушы еді, Қозыбаққа әкеп беруші еді. Бүгін қайтіп отыр? Бұ да соның өзі ме? Апарып Жарасбайға бермекші. "Бірінен кетіп, біріне жетіп ен, не таптың?" деп, көңіл суытқан өкініш ойлап отырды да, өзін-өзі қайта жұбатты. "Жақсат-жа-манат Жарасбайдың өзінде болатын болды. Суық, сұлу жорықтың мынадай шалқып жатқан қызығы болса, бұ да бір канібет пе екен?" деп, біраз отырды да "Жарасбай Қозыбақтың Сәлмені емес; бұл жолы өкінбеспін, өкіндірмес; солай деп еңбек еттім ғой. Осы ойда тұрайын да қалайын" деп, өзінің табанды, тұрақты қалпына келді.

Сайда бұралып шығып жатқан бағланның түтіні көрінді. Бұл жүрістің қызықты шағы және бар. Ол мас еткендей, ширатыла бұралып келіп жатқан көңілдің бір мәлімсіз күйіндей...

Кімнің бағы, кімнің соры екені белгісіз; әйтеуір бәленің басы осы сапар болды. Сол барымтадан соң партия таласымен өшіккен жуан ауылдар аралары қым-қуыт, шым-шуыт болып кетті. Жағалай алыс-жұлыс. Тартыста бірінің ізін бірі қуғандай. Бүгінгінің ертең орайын, кезегін күтіп, одан арғы күні есесін іздеп, өзі тағы соны істеп, елді бәлеге белшеден батыра бастады.

Жарасбайдан да талай барымта алынды. Жалғыз барымта емес, ұрланып алынған мал көп. Оның орайына талай-талай жерден Жарасбай, Қоқыш та әлденеше рет шұбыртып алып жатты. Бір жақтан, барымта молығып жүріп жатса, екіншіден, ұрлық та соны өкшелеп, жанасалап, ұлғайып келе жатты.

Жарасбайдан бұл партия мал да, пұл да көп шығарды. Біреуді алдап, біреуді арбап, талай да талай жерге малпұлы беріліп жатыр. Өзі-өз болғалы партия таласта болыстықтың дәл мұндай қымбатқа түскен, осындай пәле шатаққа белшесінен батырған кезі болған жоқ-ты. Шыққан шығын болса, оны қазір ел мойнына беліп сала алмайды. Салуға, сайлау жақын болғандықтан, ұстараның жүзіндей аунап кете ме деп сескенеді.

Көктемде іштен тоқ санап, бәлендей малым бар деп, ырзалықпен айтатын малдың бұл күнде үштен бірінен айрылып қалған сияқты. Оның үетіне күнде топыр, күнде жиын – үлкен кеңес, соның бәрі сойысымен де құртатын болды.

Партия бір жақты емес: бұ да жұт сияқты неше ағайынды, көп жақты боп араласты. Өзге шығынмен қатар, жақында сондайлық қосарлаған бір мол шығын тағы келді. Бүрген ішінде Сәтке қарсы шығып, Жарасбай жағын ұстап, партияның мықты бір тірегі болып отырған жуан ауыл – Досай аулы. Соңғы кезде сол ауылмен Жарасбайдың достығы шек-қарын араласқандай жақындыққа жетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий