Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үйде отырған ақсақал-қарасақалдың көбі сүйсініп, қозғалысып қалды. Ара-тұра ырзалықпен күлгендері де болды. Көпшілік болыстың салмағы мен айдынына, кісілігіне сүйсінген сияқтанады. Онан соң: "Сорлы ер кедей ғой, еліп кетсе де, шынымен кетеді". "Болыстан кісі өлтірсе де жасырмайды деп едік қой". Алса – алдым дейді!" дескен үндер шықты.

Бақтығұл үлкен үйдегі қалың жұртты түгел шолып, аңдаған жоқ еді. Енді айналып қарағанда, төрдегі Бәйтен баласының тобын көрді. Бұлар Жарасбайдың қайны болғанда, соның ортасында Ораздың Бақтығұл білетін Сәлменге дос інісі – Асан да отыр екен. Жаз-дан бергі Бақтығұл білген мөлшерге қарағанда, Бәйтен аулы ұстасқан Қозыбақтың серігі осы Ораз аулы болған.

Бәйтен баласымен басы қосылмайтын араздың өзі – Жарасбайдың да, Сәт тәрізді, қырына алған қысас аулы енді келіп, ондағы-мұндағы араздардың тізелері қосылып қатар отырып, шырайлары жарасып қапты. Бұны Бақтығұл мүлде ұға алмады. Енді міні: Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өңі жылымай отыр. Алғашқыдай етіп сыртына теуіп, көп сөзбен зекіп келіп, аяғында айтқаны:

– Бұдан былай қия бассаң, менен жақсылық күтпе! Жақын көрсем, маңайыма жолатсам, түзу адам болар деп жүрген шығармын. Жолдан тайған күні сен маған, мен саған жоқпын, жатпын, – деді.

Зәрленіп кепкен бойда сазарып қалды. Болыстың ашулы үніне ұйыған үй іші де тегіс жым-жырт. Бақтығұл қайтарып сөз қатқан жоқ. Жаңағы соңғы ойлаған ойымен үндемеуге, қарсы келіп, болысты ашындырмауға бекінді. Аяғында болыс аз үнсіз томсарып отырды да, жаңағы қатаң үнмен әмір етті:

– Қазір мына мал иесі аулыңа барады. Төрт жылқысына төрт жуан татымды телеу бересің де, соған қосып: басына – қосақ, артына – тіркеу есебінде айыбыңа тағы бір ат, бір түйе тартасың, – деді. Жұрт және де жымдай болды.

Бақтығұлға кесік батып кетті. Мұның қолында қандай мал барын болыс жақсы біледі. Мынау кесігімен Бақтығұлдағы малдың жарымынан көбін сыпырып-сиырып алғалы отыр. Алғанда және кеше өзі аттандырып, өзі жайғастырған мал үшін осылай етіп отыр.

Көңілді күпті ғылар күдікті ойлар бар. Бірақ не де болса, етінен ет кесіп алса да, Бақтығұл түбіне сенді де, үндемей кене беруге бекінді. Болыстың айтқаны екі болмады. Бақтығұл мен Асанның қасына Сәрсен ақсақалды қосып беріп, болыс сол күні былтырдан бері ғана бітіп, Бақтығұл иемденіп жүрген азын-аулақмалдан алты бірдей жуан қараны Асанға шығарып берді.

Мал күйігі оңай емес. Көңілге медеу көріп жүрген малдың тең жарасынан артығы – алты бірдей қара шыққанда, орны үңірейіп қалғандай. Қатшаның да, Бақтығұлдың да іші қатты ашыды.

Болысқа да Бақтығұл көңлі біраз салқын тартып, мұздаңқырап қалды. Жаздай өзін жаулап жүрген дұспанына сойып отырып, мал әпергенімен қоймай, түсін де жылытқан жоқ. Оны қажет деп ойламаған да, сезбегенсиді. Әдейі осылай есептеспей отыр. Ішінде күдігі тыншытпаған Бақтығұл осыдан кейін екі-үш күндей ауыл арасын қыдырып, әркімнен сөз тартты.

Ел ішінің тартысы не күймен келе жатқанын сұрастырып еді. Көрші екі-үш ауылды қыдырып аралағанда, әңгіменің бәріне қанды. Соңғы кездегі оқиғалар Бақтығұлды адастырып, далаға қаңғытып жібергендей, бәле бұлтаққа түсіпті. Қалың тобырдан адасып шаң қуып, қара үзіп, қаңғып қалғандай сезінді. Ел бір бөлек, бұл бір бөлек. Баяғы жалғыз жорытқан көк қасқырша өзімен-өзі ғана болып қалған қу жалғыздың күйін қайта көрді.

Бұл кездегі ел келесінде болып қалған шытырмандар сау кісіні жынды қылардай. Ең ащы, зәрлі кесірі – ақты қара, қараны ақ етіпті. Кінәлі құтылып, кінәсіз тұтылатын шақ туыпты. Талай момынды аққұла шығынға орынсыз жаза-қазаға ұшыратуға соқты. Бір Бақтығұл емес, жазғы алыс-жұлыс уағында елгезек болған, атқан оқ, шапқан қылыш атанған сан кедейді ұры да, қары да қылыпты. Өз басын аямай, жуандардың сілтеуімен отқа түсіп шыққан нелер әлсіз жалғыз-жалғыз азаматтар енді міне: талай жерде, талай рет Бақтығұлша тұмсығынан шаншыла жығылып, қорлық-зордықтан қансырап жатқаны білінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий