Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні көшеде келе жатып, семинарияда бірге оқыған бір казак-орыс баласына ұшырастым. Қырдағы бір елден жаңа ғана қайтып келіпті. Үстінде жалтыраған, сылдыраған прапорщик офицер киімі бар. Амандастық, халдерімізді сұрастық. «Қазақтың бунтын басуға» келген екен.

—Өз қолыңмен қазақ өлтірдің бе, неше қазақ өлтірдің?—дедім.

Зиранов күліп:

— А-а... Өз қолыммен бес-ақ қазақ шауып өлтірдім, — деді.

Міне, хал осындай болған!..

Енді Бұғылы елінің ауылдық школына жүріп кеттім. Жаңа ашылған школға барып орнығып, балаларды жиып, оқыта бастадым. Бұл Бұғылы елі — қалаға жақын болғандықтан, бунт жасамаған ел. Ел қаладан алпыс шақырымдай жерде. Нұраның бойында.

Біраз күн өтті... Жақындағы және орта төңіректегі қазақ басылды. Жалғыз-ақ біздің Тінәлі мен бірсыпыра алыстағы ел басыла қойған жоқ. Оларды енді еппен, алдап шақыру тәсіліне кірді. Әскердің көбі қайтты. Басылған елдің он тоғыз бен отыз бірдің арасындағыларын алмақ болды. Ақмола уезінің үш жерінде жастарды қарап алатын комиссия ашылды. Елдің көбі Ақмоланың өзінде қаралмақ. Болыстар тізімдерін беріп жатыр. Бай да, кедей де балаларын, інілерін қалдыруға аласұруда. Ел тіпті сасып үрейленген. «Қорықпа» деп ақыл айтсаң да құлақтарына кірмейді.

Болыстар, билер, старшындар «атқа мінді». Комиссиялардың төңіректерінде «жеңгелер» жүре бастады. Әркім баласын, інісін алып қалу үшін бар малын ортаға салды. Кедейлер шабылды. Оларға жәрдем қылар, болысар кісі жоқ. Бар малын қулардың құлқындарына тықты. Байлардан қара жұмысқа баратын кісі жоқ. Болыстардың, билердің құлқындарына тыққан малдарының арқасында оларды түрлі сылтаумен алып қалмақ болып жатыр. Ел топ-тобымен қалаға шұбырды. Жылау зораймаса, басылған жоқ.

Жігіттерді алып жатыр. Нашардың жылауы күшейді. Нашар мен момын енді әдемі шабылды.

Алыстағы ел кісілерін берген жоқ. Біздің болыстағы екі мыңдай үйден қырық, елу-ақ кісі «жарайтын» болыпты. Өзгелерінің бәрін ақшаны алып-алып, «кейінгіге» қалдырыпты.

Ел шабылуда. Ұлықтардан ынсап кеткен. Кім ақшаны көп берсе, соның баласын қалдырады. Жұрт малдан шығып кетті. Байға білінетін емес. Кедей сыпырылып жатыр. Біздің жастарды Спасск заводында қарап жатыр.

Біздің елдің болысы — Спасскідегі Сейіткамалов деген байды «жеңге» қылып, елдің ақшасын сол бай арқылы начальникке төгіпті. Начальник те лықиған, Сейіткамалов та лықиған. Малы жоқ өте кедейлер ғана кетуі керек. Ардан, ұяттан безіп, қиянаттың, жауыздықтың дәуірі енді ашықтан-ашық жүрді...

Ақмола уезінің бастығына барлық болған және болып жатқан жәбіршіліктің бәрін айтып, бөтен атпен хат жаздым. Хатымда сөзімнің артын салмақты қылып: «Кім біледі, әлі әділдік те келер, жауыздардыңда жазаларын тартатын уақыты жетер», — дедім.

Ештеңе болған жоқ.

Мен тағы қалаға жүрдім.

Қаланың халі сұмдық. Сеңдей соқтыққан халық. «Сауданы» жұрт ашық сөйлеп жүр. Ақша іздеген халықта қисап жоқ. Арам, қу саудагерлер соңыра қой алуға, ақшаны қазақтарға арзан қойға беріп шытырлатып жатыр. Әрине, ақша бергенде қойдың жарты бағасын береді.

Олай барса да таланған, былай барса да алданған сорлы халық.

«Шабылмасаңдаршы, қорқатын не бар енді? Балаларың бара берсін! Енді өздерің құрисыңдар ғой», — деп, Мүсәпір деген кісінің үйінде жиналып отырған қазақтарға сөз сөйледім. Болмайды, тіпті болмайды.

Ақмола толған қазақ. Ақмоланың өзінде тұрған қазақтың жастары «солдатқа барамыз» деп топтанып көшеде сенделуде. Күндіз-түні қымызшы-қымызшының үйлерін жағалап, қымыз ішіп, өлең айтып, жырлап, домбыра, гармонь тартып, ойнап, гулеп, жылап, мас болуда. Бұрын солдатқа баратын поселкелерден және қаладан жиналған орыстың жастары прием уақытында гармонь тартып, топтанып жүріп, бұзақылық жасаушы еді. Дәл сондай болып енді біздің қала қазағының жастары да жүр. Бұларда да гармонь. Бұларда және домбыра. Бұлар да жырлайды. Бұлар да жылайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий