Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні қаланың таныс жатақ жігіттері мені ертіп кетті. Қолдарында гармонь. Жырлайды. Бірге кеттік. Қымызшы-қымызшылардың үйлерін аралап қымыз ішіп, жырлап, гармонь ойнап жүрміз. Мен жай қымыз ішіп қана еріп жүрмін. Жігіттер жырлайды. Көбінесе ноғайша жырлайды. Ноғай күйіне қазақша жыр қосады... Күйінген жанға, ащы қасіретке ноғай күйі лайықты. Ноғай күйі күйікті. Қымызға қызып, күйініп, күйікті күймен жылайды.

Бастым бақыр ақшаға,

Жүгіріп түстім бақшаға.

Бастым бақыр ақшаға,

Жүгіріп түстім бақшаға.

Жиырмаға келген шақта

Керек болдым патшаға...

Жиырмаға келген шақта

Керек болдым патшаға... —

деп жырлайды.

Ноғай күйі күйікті!.. Қарманып, жырлап жылайды. Күйініп, жырлап қақсайды!.. Мен туғалы ноғай күйінен күйікті, ащы, зарлы күйді әлі естігенім жоқ!..

Бір үйге келіп, он шақты жігіт сыра ішіп отырдық. Жігіттер қызу. Біреуі гармонь ойнап отыр. Өзгелері қосылып, кезек-кезек жырлайды. Бір мезгілде үйге Қилыбай деген жігіт келді. Қилыбай — Ақмолада белгілі жігіт. Сері. Жігіттер Қилыбайды ұстай алды. «Ән сал» деп жабылды. Қилыбай әнді қоя берді. Ішті. О да қызды. Менің қасыма келіп отырды. Мені құшақтап: «Уһ!»—деді. «Енді солдатқа кетеміз ғой...» — деп жылады.

— Е, сен қалай солдатқа кетесің? Сен отыз бірден асқан жоқ па едің? — дедім. Қилыбай өзі отыз бірден асқан жігіт еді.

— Ойбай, отыз бір құрғырдан асқанмын ғой, бірақ сонда да кететін болдым, — деді.

— Е, қалайша? — дедім.

— Әлгі қаланың жігіттерінің есебін алып, қай жылы туғанын, жасын жазып жүріп алды ғой, сонда, құдайдың құдіреті, өз-өзімнен бүлдіргенім ғой, — деді.

— Қалайша?—дедім.

— Бір үйде келіншектермен қалжыңдасып тұр едім. Қолдарына жігіттердің атын, жылын жазып жүрген түбір кінағасы бар, кеңсенің кісілері келді. Иттін бәрі мені таниды ғой. Сол жерде менің жасымды сұрады. Сонан соң мен ана келіншектердің көзінше отыз бірден асқанмын деп айта алмай, жиырма бестемін дедім. Түбірге жазып алды. Сонан соң іліктім де қалдым. Қазір енді жүресің деп тұр.

— Ой, шіркін-ау, о не қылғаның?.. Енді соңынан неге жөндетпедің? — дедім.

Сыраға қызып алған Қилыбай шала тілмен, орысша-қазақшаны араластырып сөйлейді. Бұлғаңдап қояды. Жылап қояды.

— Оны артынан жөндей алмадым. Жөндеуге болмады. «Не мүмкін» болды. «Не могу... не мүмкін» болды. Енді «не могу», «не мүмкін» еді, «не мүмкін» дейді. Мен:

— Ой, «не мүмкінің» құрысын! — дедім.

Міне, қалың қайғының ішінде осындай да күлкі болды. Жұрт алынған жігіттер жатқан үйге жиналды. Бір күні алынған жігіттердің алдын жібермек болды.

Дүкен қылуға қызыл қыштан салған үлкен үй. Бұл үйге — жігіттерге мен екі-үш келгенмін. Үйдің маңайы топырлаған халық. У-шу, жылау. Кететін жігіттердің жақындары бір кіріп, бір шығады. Тыстағы жұрт күтуде... Біз де күтіп тұрдық. Міне, біраздан соң солдаттар шұбатылған арбалы көліктерді әкелді. Арбалы көліктер шұбатылып, жігіттер жатқан үйдің алдында тұрды. Жиналған жұрт телміріп қарап тұр. Солдаттар үйге кіріп, бір мезгілде жігіттерді шығарып, тұрғызбай көлікке мінгізіп, шұбатып жөнелте бастады.

Азан-қазан, у-шу, жылау. Айқай-ұйқай, жыламаған жан жоқ. Қатын-қалаш, бала-шаға естен адастырды... Жігіттерді көп жерге шейін жұрт шұбырып, шулап шығарып салды...

Мен ертеңінде школама қайттым. Күндер өтті...

Қыстың ақыры болды. Ақпанның ақыры. Орыс газетін алып оқып жүреміз. Петроградтағы дума айналасының шуы бізде де сезіле бастады. Министрлер жиі түсе бастады. Бірдемені сезгендей жүрек ақырын лүпілдеп күтеді.

«Патша жақын арада түседі» деген иман көкірекке бекіп орнауда. Жүрек күтуде.

Бір күні қуаныш хабар сарт ете түсті:

Патша өкіметі құлады!..

III. РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫ

(Керенский заманында)

«Патша түсті» деген хабар келгенде, қазақ оқығандарының арасында, әсіресе оқыған жастардың арасында жүрегі жарыла қуанбаған адам аз шығар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий