Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Алаш автономиясы: Орынбор қаласында өткен декабрьдің 5-нен 14-не дейін созылған екінші жалпы қазақ-қырғыз съезі бір айдан соң, жерлік ұлттық автономиясын жұртқа жария қылуға қаулы қылысып, қазақ-қырғыз үкім жүргізуге ортасынан 15 кісілік уақытша өкімет «Алаш Орда» сайлап тарқасты. Не себепті бір ай уақыт кескендігін газетіміздің өткен нөмірінде жазғанбыз.

Ел басынан милиция қызметіне алынатын жігіттердің ат-тонын, сайманын тездікпен дайындап, айтқан жеріне жеткізу керек. Қазақ-қырғыздың уақытша үкіметі «Алаш Орда» Алаш қаласына келіп, Алаш автономиясын жариялағаннан кейін, қазақ-қырғыз балалары бағынатын өкіметіміз осы деп сеніп, ант беріп, басқа өкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек.

Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, неше-неше қиын-қыстау жерлерден бұл күнге дейін аман өтіп, тарих жүзінде жоғалмайтын беріктігін көрсеткен Алаш ұранды қазақ-қырғыз балалары жұртқа түскен, мына, өмір сынынан да аман-есен аяғын шалдырмай өтер деп сенеміз...

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз!

Енді ешкімнің Алашты,

Қорлығына бермейміз!!

Өлер жерден кеттік біз. Бұл заманға жеттік біз. Жасайды Алаш өлмейміз, Жасасын Алаш жасасын!»

(Ғаббас)

Қазақтың ақындары «Алаш», «Алаш!» деген көптірмелі өлеңдерді газет бетіне толтырып жатты. Бұл араға бір өлеңдерін келтірейік:

АЛАШҚА

(Омар Қарашұлының өлеңі)

Ау, Алаш, көзді бүгін ашар күнің,

Қарманып, ілгері аяқ басар күнің!

Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден бас,

Адымдап асқар белден асар күнің.

Теңізім, телегейім, қайран елім.

Кемерлеп толқын атып тасар күнің!

Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды,

Құрбан қып осы жолға шашар күнің.

Терезең теңгеріліп қатар тұрса,

Уһ! – деп сонда жүрек басар күнің!

Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе?

Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе?

Заманның ыңғайынан аман өтіп,

Зырлаған желмаяға мінеміз бе?

Өнерлі білімдінің қылған ісін

Майданда, мұны байқап көреміз бе?

Күш қосып құралдардың, бас қорғаудың

Жолына белді буып кіреміз бе?

Болмаса күнде бір ел қырғын тауып,

Жылулап, бастан аяқ жүреміз бе?

Тағы да Омар қалпе Қарашұлының бір өлеңін келтірелік.

АЛАШТЫҢ АЗАМАТТАРЫНА

Ақ жүрек азаматтар асқар күнің,

Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің

Дұрыстық ел қамында еткен істі,

Қол соғып, қошеметтеп қосар күнің.

Күш қосып, қол ұстасып, сөз бекітіп

Арадан алалықты тастар күнің.

Адасқан қойдай шулап өрген елді

Бұлтармай оң бағытта бастар күнің!

Аңқылдап Алаш ұлы сеніп отыр,

Орнынан шығып соны растар күнің!

(Омар Қарашұлы)

Сөйтіп, «Алаш» үкіметі» жасала қалды. «Үкімет» жасауға оқығандар қандай құмар.

Орынборда осы айтылған екінші жалпы қазақ-қырғыз съезінің ашылатын қарсаңында, «Қазақ» газетінің 1917 жылы декабрьде, 254-ші нөмірінде «Түркістан автономиясы» деген телеграмма басылған. «Қазақ» басқармасына келіп жарияланған телеграммада былай дейді:

«Қоқан. 2-декабрь. 27-ноябрьде Қоқанда өлейет мұсылман съезі болды. Жерлі Түркістан автономиясы жарияланды. Халық шаттықпен қарсы алып тұр. Уақытша ұлт мәжілісі — жаңа үкімет сайланды. Ғинуарда Түркістанның учредительное собраниесі шақырылады.

Үкіметтің уақытша тұратын орны Қоқан қаласы.

Қайретден Болғанбайұлы»

Баяғы «Қоқан автономиясы» деген осы. Қоқанда «Алаштың» біраз оқығандары сарттардың, ноғайлардың байларымен жиналып отырып, өздерін өздері барлық Түркістанның «үкіметі» қылып сайлап, автономия жариялаған. Үкіметтің бастығы: Мұқаметжан Тынышбайұлы, мүшелері: Мұстафа Шоқайұлы және басқалар.

Міне, бұл үкіметтерін «сайлағаннан» кейін Мұстафа Шоқайұлы Орынборға «екінші жалпы қазақ-қырғыз» съезіне барған.

Съезде Жетісу мен Сырдария қазақтарының Түркістан автономиясына қосыла қоймағанын аңғартқан.

Сөйтіп, ол ерің екі үкіметке мүше болған...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий