Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біздің «Алаш» автономиясы әлі жарыққа шыққан жоқ. Рәсімі жария етілсе біздің басымызға да Түркістан, Сібір күні туа ма. Ол белгісіз. Бірақ оларға жауып отырған жала бізге жанаспайтынына көзіміз жетеді. Бірақ бізде басқаларға түсімізді бояп көрсетіп отырган өзімізден шыққан шағымшылар. Олар бүгін большевик болыпты-мыс. Қазақтан шын большевик шығып, халықтың мұң-мұқтажын ойлаушы болса арманың бар ма? Төрт-бес жұрттан шыққан сұмдар большевик болмақ түгіл, тескентау өтіп кетсе де жолың болсын дер едік. Бірақ жұрт атынан сөйлеп, соңынан ерген он қазақтың баласы жоқ, жұртты адастырып отыр, соған күйеміз. Кешегі қаралы патша заманында бірі шоқынып миссионер болып, бірі сатылып жандарм мекемесіне тыншы болып, бірі ел алдап, бірі жол тосып жолаушы тонап жүрген соғылғандар. Мынадай лайсаң заманда «большевик» бола қалып, ордалы алаштың ортасына от тастағалы отыр. Жалпы қазақ-қырғыз съезіне жиналған өкілдер байлар қазаққа зияндастар, оны съезд демеңдер, алашқа автономия бермеңдер деп отыр. Алаш Ордасына сайланған он бес кісі қазақ-қырғыздың дұшманы, оларды жоқ қылу керек деп шағым қылып отыр. Қазіргі шығып тұрған «Қазақ» газеттері бостандық дұшманы. Бұлардың жазушылары Николайшыл деп отыр.

— «Көдеден көп қайнаға-ау, түйе ауғанда қайда едің?»

— Ұлтшыл «Алаш» ұлдары-ау, кеше жұрттың көзінің қанды жасы ағып, барар жер, басар тау таба алмай зар еңіреп жүргенде қайда едің?

— Кедейшіл сабаз ерлер-ау, қазақ баласы зар жылап, халқың қанға боялып мал орнына айдалғанда қайда едің?

Бұл сұрауларға сендер жауап бере алмайтындарыңды білеміз. Бұған жауапты халықтан күтеміз. Өздерің жарылқаймыз деп жүрген жарлылардан күтеміз. Сендер кімсіңдер? Қаншасыңдар? Аттарыңды атап, сандарыңды санауға он саусағым еркін жетеді, бас-аяғың онға толмайтын оңбағандар жалған ұран шығарып, жай білмейтін жатқа жарамсақтанып, жақынға жала жауып, жақсы атқа ие болғансып отырсыңдар. Шын ұлтшыл екендеріңді білейік, жұрт соңдарыңда екенін көрейік, майданға шық, тапқа түс. Елден қалсаң арманымыз жоқ. Арттарыңнан ерейік, болмаса сендер кімсіңдер? Сендер «күні бойы сабан тартып, шаршап келе жатырмын» деген өгіздің мүйізіндегі шыбынсыңдар.

Естеріңде болсын санасыздар. Халық құдай жаратқаны рас болса жоғалмас. Біз мұнан да кедей күнімізде тойға барғанбыз, басымызды көтеріп, есімізді жиып ел болармыз. Сендермен сонда сөйлесерміз!

Алаш, саған айтамын: адаспа, жасыма, қайғырма! Арамза туған ұлдарың сендермен күшейіп отырған жоқ. Оны есіңнен шығарма! Тағдырсыз іс болмас, Алланың басқа салғанын әлі де болса көрерміз. Алаштың азаматы зорлықшыл үкіметтен құтылып, теңелдік деп төбесі көкке жеткендей қуанып еді. Жыл он екі ай болмай бұрынғы қорлық басымызға қайта туса, басымыз айдауға, малымыз байлауға душар болатын болса, бұл да тағдырдың ісі шығар шыдайық. Бірақ, жұртым, мұны өзгеден көрме. Өзіңнен көр. Жасыма Алаш, жасқанба! Аз күнгі қуанышқа сүйсінбе, уақытша қайғыға күйінбе, ақыл-ойыңды алысқа жұмсап жұрт болудың қамын қыл. Кім дос, кім қас? Мұны да бірақ ұмытпа!

Мадияр»

Осылайша бұлар жамандамаған, бұлар сөкпеген большевик жоқ. Бұлар Ленинді де: «бұзық ниетті», «жұртты бұзғыш», «немістен ақша алған» деп жамандап бақты. Соған қарағанда бұларға жамандау өте арзан тәрізді.

Іс қазандай қайнаған бетімен жүріп жатыр. Іс сүріне-қабына жүріп жатқан тәрізді. Байлардың үйлерін, диірмендерін қазынаға алдық. Сібір банкін алдық.

Орынборды Дутовтан большевиктер алғанымен, Ақмола облысынан басқа жерлердің қазақтары әлі де Совет үкіметін өкімет деп тани қоймай жатты.

Тек бөкейлік қазақтардың арасында саяси қозғалыс болып, оқыған жастардың арасында советшілдері барлығы білініп жатты. Газеттерге қарағанда, бөкейліктердің оқыған еңбекші азаматтары өздеріндегі Керенский үкіметінің өкімдерін түсіріп, Бөкейлік үкіметін бұқара қолына алғандығы білінді.

Бұл туралы «Қазақ» газетінің 1918 жылы 27 ақпанда шыққан 261-ші нөмірінде «Ұран» газетінен мынандай бір хабар басылды:

Газеттен:

ТАҒЫ ДА ӨЗГЕРІС

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий