Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өткен нөмірінде бұрынғы комиссарлық Құлманұлы қалып, оның орнына Әзірбайұлы болып еді. Оның бер жағында комиссарлық қалып, Бөкейліктің істері осы кісілер арасынан бөлінді.

Ішкі істі қараушы: Б. Ниязұлы.

Жол ісін қараушы: І. Көшекұлы.

Жәрдем беруші: К. Мендешұлы.

Азық: С. Генералұлы.

Ақша жағын: Д. Темірәлиұлы.

Оқу-оқыту: Мендешұлы.

Денсаулық: М. Көкібайұлы.

Дау: С. Нұралиханұлы

Бұлардың халықтың бас-аяғын жинап мәслихат етуге шыдамай, Бөкейліктің ісін қолдарына алуларын әр түрлі жоруға болады.

Біреуі — уақыт оздырмай осындай қысаңшылық заманда халықты қиындықтардан сақтап тура жолға бастау. Екінші түрлі ойлағанда, ел адамдарына мынау қалай демей, төрт жүз мың бөкейліктің делегаттарының сайлаған адамдарының билігін кешегідей он шақты қара таяққа беріп, өзара кеңесіп, өз тілектерін жасай беруі өздерінің бас қамы үшін деп айтуға да мүмкін. «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген қазақтың мақалы бармен бұл басшыларымыздың бұл істерін жөн яки жөн емес деп айта алмаймын. Дұрыс, дұрыс емесін халықтың өзі шамалап тұрған болар...

Ұран»

«Алашорда» Семейге орнады... Орал, Ақтөбе жақта Совет үкіметі әлі де қазақ арасында орнаған жоқ... Түркістан қазақтары әлі де бөлек автономиялы болудың сандырағында еді. Бірақ «Қазақ» газетінің большевиктер Орынборды алған соң шыққан 1918 жылы 27 (14) ақпандағы 261-нөмірінде мынадай бір хабар басылған:

«...Қоқан. Қоқанда Совет өкіметінің әкімшілігі жүрді. Түркістан Мұқтарият ағзаларынан қазақ Мұстафа Шоқайұлы мен Әбдірахман Оразайұлдары тұтқынға алынды. Басқа мүшелері бой тасалап қашып кетсе керек...» — деген.

Мұнын алдында қаңтардың басында автономия туралы Түркістанның Сырдария облысының қазақ съезі болған. Съезд Түркістан қаласында болған. Бұл съезд туралы «Сарыарқа» газетінің 1918 жылы 3 наурызда шыққан жаңағы 31-нөмірінде «Алаш және Түркістан» деген басмақаласында былай баяндаған:

Газеттен:

«АЛАШ ЖӘНЕ TYPKICTAH

Соңғы жалпы қазақ-қырғыз съезінің қаулысы оқушыларға белгілі, съезд бір ауыздан автономия керектігіне қол қойып, тек қашан ресми жария ету жайын кеңескен еді. Бұл туралы тоғыз күндей толғанып жұрттың шығарған қаулысы:

1. Милиция жасар қамына кірісу;

2. Арамыздағы жат жұрттармен сөйлесу;

3. Түркістандағы ағайынымызды қосып алу, сонан кейін Алаш автономиясын жария ету.

Жоғарғы үш тілекті іске айналдыру және бүкіл қазақ-қырғыз істерін басқару үшін съезд Алаш Ордасын құрды. Алаш Ордасы 5 январьда Түркістан қаласында Сырдария облысының съезін шақырып, ол съезге үш өкіл жіберді.

Түркістан уәлаятындағы бес облыста (Сырдария, Жетісу, Самарқан, Закаспий және Ферғана) қазақ бар. Түркістан автономиясы жария етілгенде осы бес облыс түгелімен Түркістанда қалғанға есеп болып көрінді. Солай болған соң Алаш Ордасы Түркістан уәлаятындағы облыс түгелімен қазақ-қырғыз съезін шақырмай, жалғыз-ақ Сырдария съезін шақыру себептері мынадай еді.

Жалпы қазақ-қырғыз съезінде болған Жетісу облысының өкілдері бірауыздан Алаш боламыз, Түркістаннан шығамыз десті.

Съезге Жетісудың әр уезінен келген телеграммалардан да көрінді. Жетісудың қазақ-қырғызы түгел Алаш туынын астында екендігіміз 27 ноябрьде Қоқанда Түркістан автономиясын жария еткен съезде Жетісудан бір де өкіл болмағандығы білінді, сондықтан Жетісудың Алашта екендігіне шүбә қалмады.

Түркістанның бір облысы Самарқан, бірақ мұның аты облыс болғанымен жалғыз-ақ Жизақ уезінде алты болыс қазақ бар. Бұл алты болыстан жалпы қазақ-қырғыз съезіне келген өкіл Есет Ақжолұлы елінің сәлемін жария қылды. Қалың ағайыннан айрылып адасқан қаздай аз ғана ел едік. Қашанда болса Алаштан айрылмаймыз деп. Бұл Жизақ уезінің қазағынан да Қоқан съезінде өкіл болмаған екен. Бұған қарағанда Самарқан облысындағы қазақ та Алашты аңсап отырғандығы көрінеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий