Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Орынборда тұрғын қазақ 5-6 үй болатын, бұлардың азаматы әм бала-шағалары большевик сүргінінен тегіс аман. Өздерінен болмаған себептермен Орынбордан шығып ел ішіне кеткен. «Қазақ» газетінің басындағы азаматтар әлі Орынборға оралған жоқ. Шәкірттері Орынборға қайтып оқуға кірісті.

Большевикті азуы алты қарыс арыстандай көргендіктен бе, яки басқа бір себебі бар ма, Орынборда қазақтың басы осы февраль ішінде ғана көріне бастады. Қалада осы күні тыныштық. Таңырқарлық талан-тараж, өлім-жітім хабарлары жоқ. Орынборға жақын отырған қазақ ауылдары да аман. Торғай комиссары қазақ пен орыс арасында болған жанжалдарды басуға және «большевик» болған мұжықтар қазаққа бел көрсетіп, ауылын шауып талап әкетпесіне қолдан келген істерді шұғыл істеп жатқан көрінеді.

Почта, телеграф жүріп, банктер ашылды. Бірақ банктегі ақшадан жұма сайын иесіне 150 сомнан артық берілмейді. Қалада уақ ақша жоқ еді, Петроградтан жаңадан келген уақ ақшаны 100 сомдықтарға айырбастап алып жатыр. Дутов кезінде шығарылған Орынбордың жаңа ақшасы бұрынғы бәсін жойған жоқ. Большевиктер де сол ақшаны тағы даярлатып жатыр.

Ж. Жәнібекұлы»

Және сол 261-нөмірінде жазған басмақаласында тағы да былай деген:

Газеттен:

«ОРЫНБОР 27 (14) ФЕВРАЛЬ

Тоқсан тарау ерсілі-қарсылы саяси партияны қолдаушылар әмән пікір жарысында жүр. Бірі бір жолмен, екіншісі өзге жолмен ұлтты көгерту ниетінде екені газет оқушыларға мәлім. Сол түрлі саясат партиялардың бірі — большевик партиясы.

Патша түсіп, төңкеріс болғаннан кейін, большевиктер өзгелермен бірдей саясат майданына жарысқа шығып, сол уақыттағы «жаңа үкіметке» ынжық, айтқанын негізгі жұмысқа аудара алмай, құры сөзбен желбуаз қылып табаны тесілген, алақаны ойылған сорлы жұмыскерлерді есіне алмайды деп наразылығын сөзбен де, күшпен білдіріп, үкіметті өз қолдарына алу ойында еді. Октябрь жұлдызының ақырына шейін Россияда большевик алмаған атты казактары мол Орынбор мен Дон, Теке, Украинадан басқа жер жоқ еді.

Қалшиып бірнеше заман қайрат қылған, табан тіресіп атысқан Орынборға осы күнде большевиктер қанаттарын жайып, қонып алды. Қалың большевик ішінде 18 январьда Уфа отрядын бастап, Торғай уезінің жігіті, руы қыпшақ, Әліби мырза Жангелдин келіп іске кірісті. Өзіне қолғабысшы қылып Орынборда тұрып жұрт жұмысына ысылған Мұқаммедияр мырза Тұнғашынды шақырды. Мұқаммедияр мырза төрт күндей толғанып, Орынбор мұсылмандарының аға азаматтары мен мекемедегі жолдастары қолай көріп айтуымен комиссардың сөзін қабыл алды, комиссар жұртқа болып қалған оқиғаларды баяндап, жар шақырып, жақын жердегі Ақтөбе азаматтарының бірнешесін телеграмма арқылы Орынборға шақырды.

Телеграмма алып, хат алып хабарланып, тебіреніп отырған мылтықтың оғының астында жатқан Ақтөбе азаматтары ойланып, заманның түрін ойға алып, бірісі ойдан, бірісі қырдан Орынборға құйылды.

Арқада аламан әңгіменің түрін байқай алмай жан-жағына жалтақтап келген азаматтар комиссар Әліби мен Мұқаммедиярдан басқа қазақ азаматтарын Орынбордан көре алмады.

Комиссар мырза Әліби Жангелдин заманның әсерінен әңгіме айтып, көздеген мақсатын, тұтынатын жолын әшкере еткен соң, азаматтар комиссармен қол ұстасып, жұрттың басына түсіп тұрған ауыртпалыққа шара көздеу ниетімен дағдылы жұмысқа кірісетін ырзалық көңілін білдірді. Ақтөбе елі Торғай облысының шетінде Орынбормен шектес қолтығында болғандықтан, әңгіменің асқынатын түрін сезіп: Ырғыз, Торғай уездеріндегі басты адамдарымен телеграмманың кәдірсіз тілі арқылы хабарласты.

Заманаға сай деп сөйлескен азаматтары, бірнеше жұрт басшылары болып өз беттерімен комиссарға келіп дидарласпақ болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий