Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғыс жұмысына барғысы келмей тұрған жұртқа барма деп айтса, халық көңіліне ұнайтынын білуге данышпандық керек емес. Халық өзі қып етсе лып етіп, кетейін деп отырған жағына бастасақ ере жөнелетіні мәлім. Жер деп ынтығы құрып отырған мұжық жер береміз дегендерге ергені сияқты, үйін сағынып отырған солдаттар қайтарамыз дегендерге ергені сияқты, қазақ та адам берме деген жаққа еріп, әуре болып барып тоқтағандар қандай бүліншілікке түсетіні Николай тақтан түспегенде белгілі болатын еді. Бағына бостандық болып, қырғын-сүргіннен қазақ аман құтылды. Демагогияның кесапаты қандай екенін өз басынан кешіріп көрмеген қазақ болса, басына түскен бүліншіліктен көріп отыр.

Халыққа демагогия жолымен басшылық етушілер Европа тілінде демагог деп аталады деп жоғарыда айттық. Былтырдан бері қазақтар да демагогтан құр емес. Орыстың осы күнгі демагогтары еліктіріп қазақтан да демагогтар шығып, елді бүлдіргісі келеді. Бірақ тілін жұрт ала қоймаған соң амалы құрып тұр.

Бұл сөзді жазып отырғанда мақсұт — демагогия деген қара халықты алдайтын адамдардың әдісі барын білдіру, халықты демагогтардан сақтандыру. Біреулер тонын айналдырып киіп, ұлтшыл болып келіп, демагог сөзін сөйлер, біреулер жалтыраған түймесін жұлып тастап, жұртшыл болып келіп, демагог сөзін сөйлер. Біреулер мойнындағы кресін жұлып мұсылманшыл болып келіп, демагог сөзін сөйлер, сақ болуымыз керек...

Уа, шіркін! «Алашекеңдер» сөйтіп мөлтеңдепті. «Алаш» бастықтары әскер жасауға талпынды. Кей жерлерде жасала да бастады. Сонымен қатар таратқан өкімет сөздері де жүріп жатты. «Қазақтың» сол 259-нөмірінде «Офицерлер даярлау» деген мақалада былай дейді.

Газеттен:

ОФИЦЕРЛЕР ДАЯРЛАУ

Россия мемлекетінің қазіргі бейтәртіп бүліншілік күйінде қазақ басын бағып, аман қалайын десе істейтін шарасы тез милиция жасау. Ол милиция автономия болса да керек, болмаса да керек. Майданда соғыс тоқталғанына көп болды. Майдандағы әскерлер қайтқаны қайтып, қайтпағаны большевиктерге қосылып елмен соғысып жатыр.

Большевиктерге қосылып жатқандар оңай олжаның адамдары. Шаруасы бар солдаттар ел соғысына қатыспаймыз деп екі жақта да үйіне қайтып жатыр. Қайтқан солдаттар қару-жарағымен қайтып келеді. Майдандағы солдат қолында не қару-жарақ болса, сонысымен келеді. Орыстың поселкесінде адамы солдатқа бармағаны жоқ. Әр поселкеде майданға барып жатқан адамы біреу-екеу емес, бірнешеу, солай болған соң орыс поселкелерінде соғыс әдісін үйреніп, соғыс қару-жарағын асынған бойында еліне келген адамдардың басы құралған. Олар қолында қару тұрған соң өзінің күшті екенін біледі. Олар зорлық қылайын лесе қолынан және келеді. Солдаттардың бұзықтары большевиктерге қосылып, елге келген түзіктерін бұлар күштімін деп себепсіз зорлық қыла бермес деп, жұбата беруімізге болар ма, болмайды. Екі-үш айдан соң жаз келеді. Мұжыққа жыртатын жер керек болады. Қазақ арасында отырған орыстар жер керек болса, қазақтан аламын демей кімнен аламын дер? Жері бар помещиктердің жерлерін, малдарын, мүліктерін ішкі жақтың мұжықтары қалай алғанын майданнан қайтқан солдаттардың көргені көріп, көрмегені естіп келіп жатыр. Жерге менікі, сенікі жоқ. Жер құдайдікі, онан соң кім еңбек сіңіріп пайда шығарса, соныкі деген сөздер қайтқан солдаттардың да, мұндағы мұжықтардың да құлағына бостандық болғаннан бері сіңіп болған.

Ішкі жақтағы мұжықтардың ісін көріп отырған адамдар шошитын түрі бар. Әлі жетсе мұжықтар ақылды керек қылмайтын көрінеді, мұнымыз жөн бе, жөн емес пе деп ойлану деген халықта тіпті жоқ көрінеді.

Қысқасы, мұжық әлі жетпейтін жерде ақылды керек қылып ойланады. Әлі жетіп тұрған жерде мұжық ақылға салып, алды-артын тексеріп іс қылады деп ойламасақ керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий