Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні Омбыдағы оқып жүрген балалардан мынандай бір телеграмма алдық: «Ақмола. Сейфоллаұлына, Омбыда оқып жүрген жастардың «Бірлік» атты ұйымының беті «алашордашыл» болып, революцияға қарсы болғандықтан, оқып жүрген біраз жастар «Бірліктен» бөлініп ұйым жасап, демократ-совет ашты. Советтің басқармасына мынандай адамдар сайланды: Жанайдар Садуақасұлы,Таутан Арыстанбекұлы, Қамза Жүсіпбекұлы, Сейітказыұлы, Әбілқайыр Досұлы...» (Акмолинск. Сейфуллину. Часть учащейся молодежи, не согласные с контрреволюционным направлением алаш-ордынской молодежи «Бирлик», откололась от нее. Организовали демократический совет учащихся. В президиум избраны: Арыстанбеков, Садвакасов Жанайдар, Жусупбеков, Досов, Сейтказиев).

Бұған қуанып қалдық. Бұл жастармен біздің бұрын да байланысымыз жақсы еді. Енді тіпті жиі хат арқылы байланысты үзбейтін болдық. Айтқандай, бұлардың қасындағы Дінмұқамбет Әділұлы Омбыда большевиктердің қызыл партизан отрядтарына кіріп кеткен. Отряд аты: «Әлемнің бірінші партизан пролетариат отряды» (Первый международный партизанский отряд.)

Бізге Дінмұқамбет бір-екі хат жазып, телеграмма соғып кеткен. Бір хатында маған большевиктерді мақтап: «Россияда большевиктерден басқа партия кемшілікте жүрген адам баласына теңдік бермейді», — деген. «Алаш Орда» ұлық боламын дегендердің ісі. Сендер де Ақмолада большевиктермен ғана бірге бола беріңдер...» — деген.

Екінші хатында тағы да осындай сөздерді айтып келіп: «Мен енді мұндай уақытта қарап отыра алмаймын, адам баласының бақыты үшін майданға жөнелдім...» — деген.

Қайнаған қалпында іс жүре берді. Көбінесе істі өз білімімізбен істейміз. Жоғарыдан үзілмей келіп тұрған айқын жоба, нұсқалар жоқ... Петроградтағы Совет үкіметі декрет үстіне декрет шығарып жатыр. Ол декреттерді сымсыз телеграмма (радио) арқылы ғана аламыз. О да көбінесе түсінікті болып келмейді.

Көп аймақтар байларының, төрелерінің азғыруымен Совет үкіметін тани қоймай жатты. Совет үкіметіне қарсы әрекет қылып, соғысып жатқан жерлер де көп.

Біздің Ақмоладан басқа Қазақстанның өзге жерлерінің көбі-ақ Совет үкіметін дос көре қоймай жатты. Шыбықсыз телеграммамен кейде: «Петроградта Совет үкіметі құлады...» — деген хабар келіп қояды. Газеттерде де сондай хабарлар жазылып қояды. Мысал үшін газеттерден сөз келтірейік.

«Қазақ» газетінің 1917 жылы, 2 желтоқсанда шыққан 253-нөмірінің «Сүйінші хабар» деген басмақаласында бүй дейді:

Газеттен:

«СҮЙІНШІ ХАБАР»

29/Х1. Орынбор губерниясының комиссары шыбықсыз төте телеграфпен сөйлесіп, Петроградтан анық хабар алды.

Петроградтағы студенттер, юнкерлер, күрістер, барша большевиктер істеріне ырза болмай, зығырлары қайнап, бармақтарын шайнап, күйіп отырған адамдар, жаңа партиялар көтеріліп, большевик үкіметін түсіріп, басшыларының бәрін абақтыға салыпты.

Петроград большевиктері мұндай болғаны Россияда зор сүйінші оқиға болған, большевиктерден басқа жұрттың бәрі Николай үкіметі түскеннен артық қуанбаса, кем қуанбайды. Қандай қуаныш оқиға екені большевиктер әкім болғанда істеген істерін айтпаса көзге көрінбейді.

Большевиктердің мақсаты халықты лайсаң күйге түсіріп, лай судан оңай балық ұстайын деген еді. Әуелі Петроград, Мәскеу, Қазан, Сарату, Самар, Уфа сияқты қалаларды зеңбірек, пулемет, мылтық астына алып, адамын қырып, мал-мүлкін талады. Қатын-бала, кемпір-шал демей өлтіріп, қалалардың көшесін қанға бояды, екінші мемлекет мәшинесінің тетігін босатып, темір жол, пошта, телеграф сияқты халық жүріп-тұрып, хабарласып отырған істерге лаң салып, оны шатастырып, былықтырып болды. Үшінші мемлекет қазынасын талау жасап, ақша шығаратын орындардан шыққан ақшаларды халыққа таратып, алыс-беріс қылатын банк, казначейство сияқты орындарды жабылуға жақындатып, халықты ақшасыз қалдыруға таяды.

Төртінші заң-закон, жол-жоба, құқұқ дегеннің бәрін жоғалтып, сот-судья, адвокат, палата, сенат сияқты ақ-қараны тексеретін орындарды жабуға жарлық шығарды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий