Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді бүл Совдепке Ақмоланың мекемелері лажсыз бағынды. Совдептің әр мүшесін әр қызметке, біліміне қарай тағайындадық. Әр мекемеге комиссарлар сайладық. 1. Павлов пен Монинді ақша, қазына банктерінің комиссары қылдық. 2. Богомолов пен Асылбекұлын азық-түлік комиссары қылдық. 3. Мені оқу комиссары қылды. 4. Верба деген мүшені почта-телеграф комиссары қылдық. 5. Стегалин мен Малдыбайұлын жер-су комиссары қылдық. 6. Жұмабай Нұркинді тергеуші қылдық, трибунал мүшесі қылдық. 7. Съезд өткен соң Омбыдан Дризге деген жолдасты, Совдеп мүшесі болмаса да, трибунал төрағасы қылдық. 8. Пьянковскийді еңбек комиссары қылдық. 9. Мелюкомов дегенді саулық комиссары қылдық. 10. Тұрысбек Мыңбайұлын бас қылып екі-үш қазақ жігітті қазақ істерін басқаратын бөлім басқармасы қылдық. Және қайтадан соттар сайладық. 11. Кременской деген жолдасты сот қылдық. 12. Шафранды қазынаға алған диірмендердің комиссары қылдық. 13. Грязнов деген жолдасты және Әділұлын уездік милиция бастығы қылдық. Қысқасы, жолдастардың бәрін де әр қызметке тағайындадық.

Іске кірістік. Іс қиын.

Жаңа қызметкерлердің көбі — жөнді оқу білмейтіндер, оның үстіне, тәртіп жаңа. Губерниядағы Совдеппен байланыс шамалы. Одан нұсқалар, жобалар уақытында, жөндемді келіп тұрмайды.

Мекемелердегі бұрынғы қызметкерлердің бәрі-ақ істерін тастап шықты. Істегендері не әдейі теріс істейтін болды, не нем кетеді қылатын болды.

Әркімнің-ақ мойнына алған жүгі ауыр болды.

Қызметтен толас уақыт аз. Совдептің мәжілісі жиі. Сөз көп. Іс көп. Дамыл жоқ болды.

«Тіршілік» шығып тұрады. Ресми редактор Рақымжан. Бірақ ауыр ісінің көбі менің мойнымда. Оның үстіне, мен школда беретін сабағымды да қоймадым. Және кешке ересектер оқитын курс ашып, мен онда да сабақ беретін болдым. Қысқасы, күні бойы, кеш бойы тынбастан қызметте аласұрып жүретін болдық.

Ақмолада уездік қазақ комитеті өзінен-өзі пышыраған. «Қазақ комитеттерінің» бастықтарын шақырып алып, есеп сұрағанбыз. Олар қатты қорыққан. Қазақшылап арамызға фельдшер Наурызбай Жолайұлы түсіп жайластырған. Комитет бастықтарын Құсайын Қожамбердіұлын және Шегеұлын советке кіргізгенбіз. Қазақ комитеттерінің мүшелері есеп сұрағаннан қатты қорқатыны — ақша жағында көп шатақтар бар еді. Оны біз сезуші едік. Әсіресе біздің қадағалағанымыз Омбыда, Ақмоладан оқып жүрген нашар балаларға жәрдемге деп елден комитет жинап алған көп ақша болатын.

Бұл ақшаны бастап жинаған біз болатынбыз. Біз комитеттен шығып қалған соң, сол ақшалардың көбін «қазақ комитеті» Омбыдағы оқып жүрген Ақмоланың нашар балаларына жібермей, өздері жұмсап қойған. Ал жіберген ақшаны Омбыдағы облыстық қазақ комитетіне жіберген. Облыстық қазақ комитеті бұл ақшаны тиісті иелеріне бермей, тіпті Ақмола уезінікі емес және мұқтаж емес өз жақындарына берген. Ақмоладан Омбыға оқуға барған Жанайдар Садуақасұлы, Қамза Жүсіпбекұлы, Қасенбек Құлтайұлы, Гүлшарап қыз тәрізді ақшаға мұқтаж балалар тентіреп, өздеріне арналып жиналған ақшаларының бір тиынын да ала алмай қалған. Бұл туралы Омбыдағы балалар бізге хат жазып жататын.

Біз мұны «Тіршілік» газетіне жазғанбыз. Бұл туралы жоғарыда да айтылды. Комитетке барып жүретін «Жас қазақ» ұйымының мүшесі арқылы жанжал көтергенбіз.

Есеп сұрағанда, қазақ комитеті мүшелерінің қорқатыны осындай істері еді. Қазақ комитетінің мүшелері, Наурызбай фельдшердің үйінде, бізге жылаған соң, біз біраз кейіген сөзімізді айтып-айтып қойдық.

Сонымен, Ақмолада Совдептің ісі қазандай қайнай берді.

Ол екі арада Омбыдан: «Облыстық қазақ комитетінің» «алашшыл» мүшелерін қудық. Комитет қайта сайланды. Комитетке:

Әйтпенұлы, Әлжанұлы, Торсанұлы, Тоғысұлы және басқалар кірді...» — деген телеграмма алғанбыз. Және «Ақмола уездік комитетін қайта сайлап, бізге білдіріңіздер...» —деген телеграмма алғанбыз. Бірақ біз Ақмоланың қазақ комитетін тек тарқатып жіберіп қойдық. Қайта комитет сайлауды теріс деп таныдық...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий