Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Петров Керенский үкіметінің Ақмола уезін басқаруға қойған комиссары. Қағазға қол қойғанда, жиналыста сөйлеген кездерінде «уақытша үкіметтің комиссарымын» (Комиссар временного правительства) дейтін бұл Петров — жаздыгүнгі әлгі бір жиналыста Дүйсенбайұлы: «сен провокаторсың» дейтін Петров.

«Уақытша үкіметтің комиссары қашты» деген хабар жұртты едәуір толқытып тастады. Біз дереу Гривогузды бас қылып, екі солдатқа Петровты қуғыздық.

Митинг тарқаған соң, уақытша ұйым Совдептің бірінші жиылысы болды.

Бірінші жиылыста тез съезд шақыруға қаулы қылып, жан-жаққа баяндама жасау үшін кісі шығармақ болдық. Онан соң әр мекемеге комиссар сайладық. Әр мекемеге «сайланған комиссарларымызға бағынасыздар» деп қарар шығардық. Ертеңінде біздің уақытша Совдептің қарарын алып барған біздің комиссарларымызды мекемелер мазақ қылып қайтарды. Күш жұмсауға — қолда күш жоқ. Тез съезд жасауға әрекет қылдық. Уақытша үкіметтің комиссары қашып кетті. Біздің уақытша Совдепті қала танымады. Қала бір-екі күн үкіметсіз болды. Олай тартысып, былай тартысып, қаланын әр мекемесінің басындағылары, мещандары, бұқараның бірыңғайлары жиылыс жасап, «Халық советі» дегенді сайлап, бір Петракеев деген кісіні уақытша уездік комиссар қылды. Петракеев социал-демократ еді. Әрине, әкімшілікті Петракеев меңгеріп әкете алмады. Әкімшілікті қалай меңгеріп әкете алсын?.. «Халық советі» дегені ертеңінде-ақ өз-өзінен бытырады.

Ә дегенде әкімшілікті жарыса жүргіздік. Біраздан соң біздің уақытша Совдеп үстем бола берді...

Елден жаңа сайланып келген земствоның уездік жиылысы болды. Земство сайлауын жүргізіп жатқан — сол жылы жаздыгүні құрылған земство комитеті. Земство сайлауына біз де қатысқамыз. Болыс-болысқа Земство сайлауына кісілер шыққан. Қазақ арасына шыққандарға біз—«Жас қазақ» бастықтары нұсқау беріп жібергеміз. Бұл шыққан сайлаушылардың кейбіреулері біздің «Жас қазақтың» мүшелерінен болған.

Сол қарсаңда Омбыдан, қазақтың облыстық комитетінен — доктор Асылбек Сейітұлы мен капитан Миғаш Абылайханұлы келді. Бұлардың келген мақсаты: Ақмола уездік «ұлтсоветін» жасамақ. Екінші түрмен айтқанда, уездік «Алашорда» кеңесі. Және қазақтан ұлт милициясын жасамақ. Тағы және «Алашордаға» Орынборда болған екінші съездің қаулысы бойынша Ақмолаға түскен ақшаны жимақ. Бұлар қазақ комитетіне келді. Онда отырған қазақ комитеттері мен сөйлесті. «Алаш» партиясының атынан Омбыдан келіп учредительное собрание сайлауын өткізіп жатқан Мұхтармен сөйлесті.

Біз де бардық. Жаңағы айтқан үш мәселе ортаға түсіп кеп қалды.

Біз салғаннан қарсы болдық. Біздің жақтан сөйлейтін Абдолла екеуміз. Комитет лық толған қазақ, көбі қырдан келіп жүргендер. Араларында кейбір елдердің мықтылары бар.

Комитет мүшелері түгел. Төрағасы Құсайын фельдшер, мүшелері: Мәтен молда, Сарман переводчик, Құсайын переводчик, Үсен болыс және сол комитеттің қолдаушылары: Олжабай болыс, Бақжан болыс, Төлебай тілмаш, Нұралин, Олжабай болыстың інісі — облыстық комитеттің мүшесі және Мұхтар Саматұлы. Айтысып жатырмыз. Комитетте иін тірескен жұрт. Айтысқа астағы балуан күресіне қарағандай қарап тұрған тәрізді. Тартысып-тартысып, ол күні тарқадық.

Ертеңінде тағы жиналдық. Жиналған жұрттың көптігінен комитет үйі сықырлап солқылдайды. Тағы да тартыстық. «Комитеттер» көмекке шақырып, Ялымұлы Шәріп деген екіұрықтау, сөйлемпаз саудагер ноғайды алғызды.

Біз де оған қарсы қазақ педагог курсының оқытушысы бізбен жолдас Уәли Қангелдіұлын шақырып алдық. Ол да ноғай жігіт. Тағы да айтыстық. Тағы да ештеңеге келе алмай, ертеңінде комитеттің қорасына үлкен митинг жасамақ болып тарқадық.

Ертеңіне комитеттің үлкен қорасына қазақ лық толды. Күн аяз, суық еді. Қыстың басы. Жұрт қалың киінген. Жиналған жұрттың буы аспанға шығады. Көбі — қырдан, әр елден келіп жүргендер. Талай кәрі, жас болыстар да бар. Жұрт иін тіресіп, теңіздей толқысып тұрды.

Митинг ашылды. Митингте төрағалыққа Көшербай Жаманайұлы деген бір қала жатағын сайладық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий