Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақмола уезінен қазына школдарында оқып жүрген екі-ақ бала бар. Дінмұқамбет Әділұлы және Әшім Омарұлы. Бұл балалардың екеуі де областной қазақ комитетінен ақша, стипендия алып тұрады.

Бұлардан басқа «кусуси» оқып жүрген ақмолалық үш бала бар. Съезд қаулысы бойынша областной комитет үкімет мектептерінде оқушы шәкірттерге ғана стипендия бере алады. Өзгеге беруге билігі жоқ. Оның үстіне, бұл үш бала үшеуі де белгілі бай балалары. Сондықтан Шамиль мырзаның «Балалар Омбының көшесінде қаңғырып жүр» деген қамқорлығы — құр жел сөз.

Дәлелсіз, қисынсыз өтірік елдің тынышын, газеттің құнын кетіреді, жаман ой, жапқан жала, шашқан өсек жалғыз газет бетінде тексерілумен қалмас, закон тексеруіне де түсер.

(Ақмоланың облыстық қазақ комитеті)

Әрине, облыстық комитеттің бұл «ашық хатта» айтқандарының бәрі өтірік, шын болса, хаттың аяғындағы айтқанындай, сотқа берер еді. Сотқа берген жоқ.

Ал комитетті Омбы жатақтарының шындап қумақ болғанын бұл «ашық хаттан» бұрын жазылған өз документтері айқын көрсетеді.

Және стипендия бермеген «кусуси оқып жүр деген үш бала — белгілі бай балалары» дегені тіпті өтірік. Үш «кусуси» баланың бірі — Ақмоланың қызы Гүлшарап Атшабарқызы. Бір қарасы жоқ кедей жатақ қызы. Бірі осы күнгі Жанайдар Садуақасұлы. Бірі — қазіргі Қамза Жүсіпбекұлы және Нілді заводының маңындағы бір ауылдың баласы Қасенбек Құлатайұлы деген бала бар-ды. Бұл Қасенбек деген бала да қаражатсыз баладан. Қасенбек осы соңғы жылдарға шейін милиционер болып жүрді.

Ұлы Октябрь төңкерісінің алдындағы Керенский үкіметінің және біздің «Алаш» көсемдері тәрізді Керенский — Малюковтардың шәкірттері отырған комитеттердің қара бұқараға, қара жұмыскерлерге, жатақтарға қадірі жапалақтың жұмыртқасындай да емес еді. Оған бір дәлел жаңағы уақиға, әңгіме.

Жаңағы айтылған уақиғадан кейін Омбы жатақтары Әйтпенұлын, Шаймерден Әлжанұлын, Қылышбайұлын бас қылып, «Үш жүз» партиясын жасады. Дұрыстыққа келгенде, бұл бастықтар саясатқа үлкен олақтық қылды. «Алашқа» қарсы шығып, сол «Алаштың» күрес тәсілдерін қолданды. Қолданғанда үлкен ебейсіздікпен қолданды. Әйтпесе партияны «социалшыл» деген соң, «Үш жүз» деп несі бар еді. «Социалшыл» деген соң, күреске «Алаштың» тәсілдерін қолданып не керек еді? Мәселен, Бөкейханұлын және кейбір «Алаш» көсемдерін мінегенде: «орыстан қатын алған», «балалары орыс», «дін бұзған» дегендері және «сары орыстың бәрі орыс» дегендері — үлкен шатасқандық. Өз жолын өзі анық білмегендік. Әрине, ол уақытта бәріміз де сара жолды қолмен сипалап жүрген кезіміз еді. Бірақ сонда да әлгіндей сөздер тым оғаш шыққан қате.

Бізді сырттан билеп партиясына жазып алған Шаймерденге мұны айтып мен хат жаздым. Және бұл партияның беті мен әдісі олай болатын болса, біз қосыла алмайтынымызды айттым.

Менің хатыма жауап болған жоқ, «Үш жүз» бастықтары «Алаш» көкжалдарын керексіз сөздерді айтып қазақша боқтай берді. Біз «Үш жүзге» қосыла алмайтынымызды білдіріп, «Тіршілік» газетіне жаздық. Және мен «Қазақ» басқармасына да бұл туралы телеграмма бердім. Бірақ «Үш жүздің» «Алашты» қалай сөксе де әйтеуір сөге беруін, жалпы саясатқа онша зиян болар дегеніміз жоқ.

«Жақсы-жаман болсын, «Үш жүз» өзіне, бірақ тіпті кіршік жуытпай мақтап жатқан «Алаш көсемдерінің» кім екенін жұртқа жариялай беруі зиян да болмас деп ойладық.

Осы күні кейбіреулер бізді «Үш жүзге» қосылып еді деп те айтатын тәрізді. Мұны айтатын не Ақмола облысынан алыс облыстың адамдары, не әдейі басқа мақсат көздейтін адамдар болады.

Біздің «Үш жүзге» қосыла алмайтынымызды «Тіршілікке» жазғанымыз былай тұрсын, менің «Қазақ» газетіне телеграмма бергенім былай тұрсын, әуелі сондағы «Алаш» партиясын ашып және учредительное сайлауын өткізуге Ақмолаға келіп жатқан Мұхтар Саматұлы көзімен көрген. Мұның бұл туралы Орынборға соққан телеграммасы «Қазақ» газетіне басылған. «Қазақ» газетінің 259-шы нөмірінде 1918 жылы 12 қаңтарда хабар ретінде былай деген:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий