Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көшербай біздің жолымыздағы кісі еді. Өзі хат білмейтін адам. Бірақ дарқан шешен еді. Дарқан шешен екені патша түскен соң ғана білініп, шешендікке Ақмолада ешкімді алдына салмаған адам еді. Митингті ашып, Көшербай сөзді ортаға салды. Шығып алып кезек-кезек айтыса бастадық. Сөз қызды. Бұл дертті белдесу, не беріп шығатын, не алып шығатын күн. Екі күннен бері олар да, біздер де халық арасына сөз жүргізгеміз.

Бүгінгіміз енді қоян-қолтық белдесу. Кезек-кезек сөйлейміз. Телміріп тыңдап тұрған жұртты ерітуге күшті саламыз. Көмей құрғады, арқа бусанды, маңдай терледі, шақылдаған аяз естен шықты. Маңдайға тұрған қырау термен еріп, буы аспанға ұшты.

— «Алашорда» деген не?.. «Алашорда» деген осы төңкеріс заманында бұрынғы қазақ халқының желкесіне мінген хандықты қалай орнатудың әрекеті. Біздің қазақ халқына хандық керек пе?.. Хандық керек емес. Хандардың қылығын қазақ халқы көріп болған. Іштерінен «хан боламын» деген мырзалардың далбағының қалың қазақтың бұқарасына, қалың кедейіне керегі жоқ. Николайдан құтылған нашар халық желкесіне тағы енді «хан тақсырды» мінгізе алмайды. Хан кімге керек? Хан байға керек, хан болысқа керек. Хан «төре боламын» дейтін мырзаларға керек. Бірақ бұлар керек қылғанмен, үш жүз жыл патша болған Роман ұлының тұқымын жойған Россияның түрлі ұлтты жұмыскерлері қазақ нашарларының желкесіне ханды мінгізіп қойып отырмайды. «Хан болам» деушілердің, төре болам деушілердің бұл есінде болсын. Бұқара халық бұлардың далбағына ермеуі керек. Қазақтан ақша жинамақ. Ақшаны кімге жинамақ?.. Ақшаны жаңағы «төре, хан болам» деушілерге жинамақ. Қазақтан милиция жинамақ. Милиция кімді, нені қорғамақ?.. Жаңағы «хан болам» деушілердің хандығын қорғамақ. Кімнен қорғамақ?.. Хандарға, патшаларға қарсы большевиктерден қорғамақ. Большевиктер кім? Большевиктер — қалың жұмыскерлердің, жалшылардың, кедейлердің тілегін көздегендер. Большевиктердің соңындағылар кім?.. Большевиктің соңындағылар — барлық қалың жұмыскерлер, жалшылар, қалың бұқара кедейлер. Мына соғыстан қайтып жатқан поселкелердегі қалың солдаттар. Және сол поселкелердегі қалың кедей мұжықтар. Қазақстан халықты қорғауға милиция жинағанда, ол милицияның жауласатыны — жаңағы айтқан орыстың жұмыскерлері, солдаттары, қалың кедей мұжықтары.

«Хан болам», «төре болам» деген мырзалар үшін текке қан төгуге қазақ халқының күші тасып, қаны тасып бара жатқан жоқ. Далбақтағандар далбақтап көрсін. Бұқара халық, қырдағы момын ел бұларға ермеу керек. Қазақтан ақша да, солдат та бермеуіміз керек! — дедік.

Жұрт біздікін қоштады... «Алашордаға» ештеңе бермейтін болып қаулы қылдық. Сөйтіп, тарқадық...

Земствоның уездік жиылысы ашылды. Біздің «Жас қазақ» ұйымының мүшелерінің көбі Земствоға өкіл болып өткен.

Өкіл болып өткен жиылысқа келдік. Біздің Совдептің де біраз кісілері келіп отыр. Жиылыс гимназияның үйінде. Екі қабат, үлкен қызыл қыштан салған үй, гимназияның залына қаз-қатар қойылған үстелге өкілдер отырып жатыр. Кейінгі үстелдерге жай кісілер отырып жатыр. Жиылысты ашатын сол «земство комитетінің» төрағасы Чернов деген доктор.

Өкілдерге тәтті ақ нан, май, сыр, секер мен шай дайындап қойған екен.

Екінші бөлмеде шай ішкендер шай ішіп жатыр. Жұрт қаз-қатар отырып болған соң, доктор Чернов жиылысты ашты. Жиылыс толық. Қаланың келмеген ұлығы жоқ. Бұрынғы судьялар, тергеушілер, инспекторлар, докторлар, тағы басқалар.

Мен алдыңғы қатарда отырдым. Доктор Чернов жиылысты ашты. Ашып тұрып:

— Граждандар, жиылыстың ісіне кірісуден бұрын уақытша үкіметке тура қызмет қылуға граждандық ант қылу керек. Мен мына қағаздан оқып тұрайын, сіздер іштеріңізден айтып тұрыңыздар... Орындарыңыздан тұруларыңызды өтінемін! — деді.

Өкілдер тұрды, біз де тұрдық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий