Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Мұхтар Саматұлы басқармаға телеграмма берді: 26 — 31 декабрьде болатын сайлауға керекті нәрселер жетпей қалды. Сайлау кейін болуын сұранып тұрмыз. «Үш жүз» партиясы көрсеткен Ақмола кандидаттарының бәрі тасқа түспейтін болды...»

Біз «Үш жүзден» бөлек екенімізді білдіреміз деп тасқа түспедік. Әйтпесе «Алаш» партиясынан қорыққанымыз жоқ. Және «Үш жүз» партиясынан бойымызды аулақ қылғанда, бұл партияның бастықтары «Алаш» партиясының бастықтарынан кем адамдар деп және теріс адамдар деп бой тартқанымыз жоқ. Қайта «Үш жүздің» ішінде Шаймерден тәрізді, Ысқақ тәрізді артық адамдар бар еді. Революцияға «Үш жүзден» «Алаш» зияндырақ еді. Жақсы болсын, жаман болсын, «Үш жүздің» бастықтары 1917 — 18 жылы, ердің ерін сынайтын тарихи күндерде қызылдар жағында болды, революция жағында болды.

Бізді«Үш жүзге» қосылды деп шатпақтар (демагогия) деп, учредительное собрание сайлауына белсеніп кірісе алмай қалдық.

Кіріскенде Ақмола қазақтарының қалың бұқарасы біздің жақта болатын еді. Оны сол учредительное собрание сайлауынан бірнеше күн ғана кейін болған земство сайлауында көрдік. Бұл земство сайлауына біраз қатынасып едік. Земствоның уездік жиылысында зор көпшілік (90 проценті) біздікі болды. Оны, сонда Ақмолада болған «Алашорданың» Нұралин тәрізді, Сейітұлы, Абылайханұлы тәрізді адамдары және басқа адамдары көзімен көрген.

Бұл енді әзірге осымен бітсін...

Саясат майданы қазандай қайнады. Ескілік пен жаңалық қан майданға шықты. Қартайған дәуір мен жас дәуір белдесті. Талас-тартыс, қайнаған күрес майданы қызды. Алғашқы күндерде Ақмолада совет ұранын көтерген біздің «Жас қазақ» ұйымының бастықтары мен үркердей ғана он шақты орыс еді. Күн сайын санымыз күшейіп шығатын болдық.

Спасск заводының жастары «Жас жүрек» деген қауым ашты. Бұлар біздің «Жас қазақпен» байланыс жасап, «Жас қазақтың» заводтағы бұтағы болып жүрді. «Жас жүректің» басындағы бір түрік жігіті «Тіршілік» газетіне сөз жазып тұрды.

Жиналыстарда, митингілерде, көбінесе біз үстем болатын болдық.

Кинотеатр үйіне үлкен жиылыс шақырдық. Театрға халық лық толды. Сыймаған жұрт анталап босағаны сықырлатады. Жұрт иін тіреседі. Жиылысты аштық. Ақмолада совет үкіметін орнату деген мәселені қозғадық. Жиналған жұрт екі дай болып, сөз басталысымен қызыл кеңірдек таласқа кірді. Әркім жиылыс басқармасынан сөз алып, әр жерден тұрып сөйлейді. Мен «Тіршілік» газеті атынан Совет үкіметін қуаттап сөйледім, жұртқа үлкен әсер етті. Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді. Кейбір ауыздардың бұрқырап көбігі шықты. Кейде жұрт бір-бірін тыңдамай, у-шу болып қалады. Иін тірескен, бірін-бірі қысқан, ентелеген жұрт, кейбіреулердің сөзі ұрыс-керіспен бітеді. Кейбіреулердің сөзі қол шапалақтатып, шулатып бітеді. Жұрт әбден қызды: жиналған құрғаған дәріге күкіртті тартып қалса лап етіп жанып кететіндей тәрізді. Ақырында олай тартысып, былай тартысып, «уақытша ұйым совдеп» (организационный совдеп) сайладық. Әрбір сайлайтын кісіні жұрт биікке шығарып көріп, кім болғанын, кім екенін біліп алып, дауысқа салды.

Сайланған кісілер мыналар болды: 1. Бачок — Екібастұз заводының жұмыскері. 2. Монин — солдат. 3. Гривогуз — солдат. 4. Лозной—солдат. 5. Коломейцев—солдат. 6. Шафран — жұмыскер, ұста. 7. Пьянковский — жұмыскер. 8. Кондратьева — әйел, суретші. 9. Богомолов — жабайы қызметкер. 10. Репшнейдр — солдат. 11. Бәкен Серікбайұлы — высшая начальная школаны жаңа бітірген жігіт. 12. Абдолла Асылбекұлы — жабайы қызметкер. 13. Нұрғайын Бекмұқамбетұлы — оқытушы. 14. Байсейіт Әділұлы — жабайы қызметкер. 15. Жұмабай Нұркеұлы — оқытушы. 16. Тұрысбек Мыңбайұлы. 17. Байсейіт Жұманұлы. 18. Қапыз Ғиззатуллин. 19. Маназарұлы —жай қызметкер. 20. Мартылого — жұмыскер шаштараз. 21. Грязнов, онсын мен — Сәкен Сейфоллаұлы, тағы басқалар.

Митинг тарқар кезде біреу келіп: «Керенскийдің комиссары Петров қашты» деген хабарды айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий