Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тыңдап тұрған топ: «Жоқ! Жоқ! Тура келмейді!» — деп гүжілдеді. Әсіресе топтың ішінде Күдерінің, Сәрсенбайдың, Нұртазаның, Құдайбергеннің, Садуақастардың дауыстары басым шықты.

— Олай болса, бұдан былай бұл патшашылдардың облыстық комитеттің басында отыруы жөн бе? Менің ойымша жөн емес! — деді.

Топ күжілдеп, Әйтпенұлының бұл сөзін мақұлдап, облыстық комитеттің төрағасы Тұрлыбайұлын және жоқ мүшелерін тауып, «Енді комитет қызметін мойнымнан тастадым» дегізу керек,—деді.

Тұрлыбайұлын тауып әкелуге Әйтпенұлының өзі шығып, қасына «милиционерін» алып іздеп кетті. Отыз, қырық минуттан соң, өзінің «милиционерлерімен» Әйтпенұлы қайтып келді...

Топқа айтты: «Тұрлыбайұлы қашып кетті. Бірақ үйіндегі екі ит ұрылды» — деді (біреуі көшір, біреуі аспазшы).

Кейбір ақсақалдардың лұқсатымен топқа облыстық қазақ комитетінің хатшысы М. Сейітұлы мынадай сөз сөйледі:

— Мен Әйтпенұлының жақын туысы едім. Мұны өзгеден гөрі мен артығырақ білемін. Бұл өзі қызба, бір нәрсеге реті келген жерде қол созып қалатын нақұрыстау мінезі бар адам еді. Қазір сіздердің жабайылығыңызбен пайдаланып, сіздерді бассыздық жолына салып тұр. Қара күш жұмсауға азғырып тұр. Әрине, сіздер істейін деп тұрған істеріңіздің не екенін өздеріңіз де анық біліп тұрған жоқсыздар. Мұның зор қате екенін білмейсіздер. Әйтпенұлы үшін өздеріңіз жауап беретініңізді білмей тұрсыздар! — деді.

Бұл сөзден кейін Әйтпенұлы бір түрлі ашуланып, біреуге қарап:

— Әттеген-ай! Әлгі иттің осы уақытқа шейін менің алтыатарымды қайтармағанын! Қолымда болғанда қазір іске асар еді,—деді.

Бұдан соң Бөгенбайұлы деген хатшысы Әйтпенұлының айтуымен «жиылыс» атынан облыстық қазақ комитетінің қазіргі мүшелерінің кейбіреулерінен басқасына сенбеулік білдіруге қаулы жазды.

Қаулының ақырында: «Октябрьдің 20-да, сағат 12-де, облыстық қазақ комитетінің қара бұқараға сенімсіз мүшелері енді бұдан былай облыстық қазақ комитетінің қызмет міндетін мойындарына алмайтындығын білдірсін», — деген қарарды жазды.

Бұл «қаулыға» қол қоймағаны себепті топқа көрсетіп, Әйтпенұлы және былай деді:

— Халық! Міне, сенің дегенің жазылған қаулы. Сейітұлы сенің бұйырғаныңды орындауға мойынсұнбай тұр. Бұған қалай қарайсыздар? Мен мұны тұтқынға алуды дұрыс табамын,—деді.

Сол арада Сейітұлын тұтқынға алды. Және Жұмабайұлын тұтқын қылды. Жұмабайұлына Әлжанұлы айтты: «Сіздің тағдырыңыз менде. Сіздің диктаторыңыз мен», — деді. Сонан соң тұтқынға алған мүшелерді айдап, топ «милиционерімен» Тұрлыбайұлының пәтеріне қарай жүрді. Жолшыбай кездескендерге Әйтпенұлы: «Міне, біз патшашылдарды айдап келеміз», — деп отырды.

Тұрлыбайұлының пәтеріне келіп, топ пәтерді қамап алып, Әйтпенұлы, Әлжанұлы, Қылышбайұлы үшеуі қонақ есігін барып қағып: «Тұрлыбайұлын шығар», — деді.

Ол арада Әйтпенұлы бірнеше милиционерлеріне қимадан түсіп, ешбір бөгетке қарамай, күшпен қақпаны ашуға бұйырды.

Ондағы мақсат — топ артқы есікпен Тұрлыбайұлының пәтеріне кірсін деу.

Аз уақыттан соң қонақ есікті ішінен біреуі ашып, бір қару-жарақ асынған адам шыға келіп:

— Мен милиция бастығының орынбасарымын. Сіздерге не керек? —деді.

Есік алдында тұрған Әйтпенұлы, Әлжанұлы, Қылышбайұлы сасқалақтап: «Мына халық Тұрлыбайұлы шықсын деп тұр»,—деді.

Оған милиция бастығының орынбасары: «Тұрлыбайұлы шықпайды. Айтыңыздар маған, сіздерге не керек?» — деді.

Оған үшеуі айтты: «Ендеше сіз оған айтыңыз: мына халық оған бірауыздан сенбейтіндігін білдірді. Сол себепті, халықтың қаулысы бойынша, Тұрлыбайұлы ертең сағат 12-де Күдері Мусиннің үйіне келіп, өзінің мойнындағы қызмет міндетін қалдырғандығын айтуы міндетті», — деді.

Ол екі арада қала милиционерлері және атты әскер жетіп келіп, топты қамап алды. Топты, Әйтпенұлын бас қылып, облыстық комитет мүшелерімен екінші аудан комиссарына алып кетті...»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий