Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл баяндаманы тыңдап, облыстық комитет, өзінің Ақмола облыстық съезінің сайлаған басқармасы екендігін еске алып және облыстық комитетін қайта сайлауға жалғыз-ақ Ақмоланың болыстық съезінің ғана еркі барлығын еске алып және Күдері мен Нұртаза тәрізді бұрын қылмысты болған адамдар бастаған Омбы қаласының жатақтарының дегені бүтін облыс граждандарының дегені емес екендігін еске алып, облыстың комитет мынандай қарар қылды:

«Жоғарғы айтылған Омбы жатақтарының ереуілін ілтипатқа алуға тұрмайтын іс деп табуға; бұларды адастырған Әйтпенұлы, Әлжанұлы, Қылышбайұлы және басқалар деп табуға; Бұл бастықтардың әрекетін әлеуметтің тыныштығын, тәртібін бұзу ниетпен істеген әрекет деп табуға; Әйтпенұлының бұйрығы бойынша істеген «милиционерлердің» қылған күшін законға қарсы деп табуға; Және мұны сот алдында жауапқа тартуға.

Бұл туралы Ақмоланың облыстық құрама-қоспа комитетіне білдіруге және тағы да басқа тиісті үкім иелеріне білдіруге...» қол қойды:

Ақмоланың облыстық комитетінің төрағасы:

Тұрлыбайұлы.

Орынбасары: А.Б. Сейітұлы.

Мүшелері: Мұқышұлы,

Жұмабайұлы,

Жантасұлы.

Хатшысы: М. Б. Сейітұлы...»

Міне, Омбы қаласының жатақтары, жәмшіктері жасаған Октябрь төңкерісінің алдындағы ереуілге Ақмоланың облыстық қазақ комитетінің қарары осы.

Жоғарыда айтылған оқиға туралы және Ақмола уезінен Омбыға барып оқып жүрген нашар балаларға берілсін деп, Ақмоладан жинап жіберілген ақшаны, әлгі облыстық комитет оқудағы нашар балаларға бермегендігін мен өзіміздің «Тіршілік» газетіне жаздым.

Менің шын сөздерімді «өтірік» деп, Орынбордағы «Қазақ» газетіне (1917 жылғы 13 желтоқсанда шыққан 254-ші нөмірінде) Ақмоланың облыстық комитеті «Ашық хат» жазды. Менің жазған мақалам қазір қолда жоқ болғандықтан облыстық қазақ комитетінің «ашық хатын» ғана бұл жерге келтірейін. Ол мынау:

АШЫҚ ХАТ

«Осы ашық хат «Қазақ» бетінде жария болуын өтінеміз. Ақмолада шығатын «Тіршілік» газетінің 4-ші нөмірінде «Шамиль» деп қол қойған бір адамның «Ақмола облысының жандарал қазақ комитеті» деген бір мақаласы басылды. Ол хабардағы сөздердің бәрі бастан-аяқ өтірік болғандықтан, областной қазақ комитеті ол хабарлардың дұрысын ашып беруді өзіне міндет көреді.

Областной қазақ комитетін қумақ болған тіпті Омбы қазақтары емес, оны істейміз деп жүрген Мұқан Әйтпенұлы, Абдырахман Қылышбайұлы, Шаймерден Әлжанұлы, бес-алты жолдастарымен. Омбының қырық-елу жатағының аңқаулық надандықпен бұлардың неге жүргенін білмей, артынан ергенінен басқа түк жазығы жоқ. Аттары аталған адамдардың мінез-құлқы Омбы төңкерілісіне мәлім. Олардың еш уақыт, еш комитетке риза болмайтыны айдай анық. Жаз ішінде сайлаусыз зорлықпен уезной комитетке кіріп алып, күзге шейін жанжал қиянатпен комитетті сайлатқызбай, октябрьдің 20-да сайлау болатынын білген соң 19-да областной комитетті зорлап бекітіп аламыз деген адамдар осылар. Бұлардың әрқайсысы сол 19 октябрьде ұсталып, абақтыға үш күннен жатып шықты, істері қазір де тергеуде.

Омбының уезной комитеті жаңадан сайланды. Областной комитет 1 ноябрьде тарайды деген сөзді біз жаңа естіп отырмыз. Міне, бірінші декабрь де өтіп кетті. Әлі де пәлен айда тарайды деген кесімді сөз жоқ. Областной земство ашылып, жұрт ісі тәртіпке салынбай. областной комитет тарамайды. Қазақ істерін иесіз далаға тастап кете алмайды.

Областной комитетке түскен ақша есебі тіпті өтірік жазылған. Шыны мынау:

Омбы уезі комитетке және стипендияға берген ақшасы 1200 сом. Қалған бермегі 5300 сом. Қызылжар уезі комитет және стипендияға берген ақшасы 4620 сом. Қалған бермегі 11500 сом. Көкшетау уезі комитет және стипендияға берген ақшасы 4400 сом, қалған бермегі 18000 сом. Ақмола уезі комитет және стипендияға берген ақшасы 8500 сом. Қалған бермегі 25500 сом.

Әр уездің берген және бермек ақшасының шамасы осы. Шамиль мырзаның айтқан бір саны да бұларға жанаспайды. Шамиль мырза Ақмола уезінің балаларына областной комитет стипендия бермейді екен дейді, ол өтірік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий