Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қолдарында қызыл ту, туларында нашар қара бұқараның тілеген, айтқан сөздері.

Облыстық қазақ комитетінің мекемесіне келеді. Комитеттің есігін алады. Әйтпенұлы, Әлжанұлы, Қылышбайұлы, он шақты жатақ адамдарымен мекемеге кіріп, облыстық қазақ комитетінің мүшелерін отырған орындарында ұстайды. Тұтқынға алады. Кейбіреулерін ұрады. Облыстық қазақ комитетінің төрағасы адвокат А. Тұрлыбайұлын таба алмайды. Бір тобы іздеп Тұрлыбайұлының пәтеріне барып, таба алмай келеді.

Сонан соң облыстық казак комитетінің мүшелерін: Сейітұлы мен Жұмабайұлын айдап, Тұрлыбайұлының пәтеріне келеді. Тұрлыбайұлының пәтерін қамап алып, бекітулі есігін тепкілейді. Ол екі арада Керенский үкіметінің атты әскері келіп, милиция отряды келіп, жатақтар тобының өзін қамап алып, тұтқындағы Сейітұлы мен Жұмабайұлын босатып, ереуіл жасаушылардың өзін тұтқынға алады...

Міне, «Үш жүз» партиясын жасар алдында, Омбы жатақтарының бір ереуілі осы.

Бұл туралы сол 1918 жылы 21 қазанда облыстық қазақ комитетінде, өзінің кеңесінде жасаған қарарын келтірелік. Қарары орысша жазылған. Оны қазақшаға аударамыз, ол қарары мынау:

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕСІ

№122.1917 жыл, 21 октябрь.

Кеңесте болғандар: Тұрлыбайұлы, С. Жантасұлы, М. Жұмабайұлы, А. Сейітұлы, Е. Мұқышұлы, Е. Тоқбайұлы, К. Торсанұлы және қосып алған мүшелері: Е. Итбайұлы, М. Саматұлы, М. Сейітұлы.

Қаралған мәселе: М. Сейітұлы мен М. Жұмабайұлының 19октябрьде болған оқиға туралы баяндамасы.

...«Осы 1917 жылы, 19 октябрьде, сағат бір-екі шамасында, облыстық қазақ комитетінің мекемесіне Омбы уезінің хатшысы А.Қылышбайұлы келді. Қастарында үш қазағы бар. Қазақтардың жеңдерінде «Омбы уезінің милициясы» деген жазулы шүберегі бар. Бұлар ешбір сөз айтпастан облыстық қазақ комитетінің төріне шығып, төрағасының отыратын бөлмесіне кірді.

Кірісімен Қылышбайұлы қасындағы «милиция» қазақтарын телефонның қасына қойды да: «Телефонға облыстық комитеттен ешкімді жіберме», — деп бұйырып, Әлжанұлы екеуі отырды.

Отырып: «Облыстық комитеттің өзге мүшелері қайда? Және Тұрлыбайұлы қайда?» — деп сұрады.

Бес-он минут өтпей, облыстық комитет кеңсесіне елу-алпыс қазақ ертіп, Омбы уезінің қазақ комитетінің төрағасы Мұқан Әйтпенұлы келді.

Мұның қасындағы қазақтардың да алты-жетеуінің жеңдерінде «милиция» деген шүберегі бар.

Әйтпенұлы ерген қазақтарына қарап, облыстық қазақ комитетінің хатшысы Сейітұлын көрсетіп:

— Ең алдымен мынаны тұтқынға алу керек, — деді.

Бұған Сейітұлы тұрып:

— «Уақытша үкіметтің лұқсатынсыз Әйтпенұлы ешкімді тұтқынға ала алмайды»,— деп еді, Әйтпенұлы өзінің «милиционерлеріне» күш жұмса деп, әдептен тысқары бұйрық қылды.

«Милиционерлер» М.Сейітұлын облыстық комитеттің төрағасының бөлмесінде отырған Жұмабайұлы, Торсанұлы, Әділұлының үстіне күшпен енгізді.

Бұдан кейін Әйтпенұлы жиналған топқа сөз сөйледі.

Топты зорлау, талау, қиянат жасауға азғырды.

— «Ақсақалдар, отағасылар, үлкен аға, кіші інілер! Мен сіздердің араларыңызда өстім. Менің кім екенімді білесіздер. Сіздерді жақтағандық үшін, патшаның заманында менің қандай мехнат шеккенімді білесіздер. Және мені барлық Ақмола облысы біледі. Бұрын сіздер менің сөзіме сенуші едіңіздер. Әлі де маған сіздерді сенеді деп білем», — деді.

Жиналған топ: «Сенеміз! Сенеміз!» — деп гуілдеді.

— Сіздер қара бұқарасыздар. Облыстық қазақ комитетінің мүшелері монархист-патшашыл, облыстық қазақ комитеті сіздердің тілектеріңізбен, сіздердің дегендеріңізбен бір мәселені шешті ме? — деді.

Жиналған топ: «Жоқ! Жоқ! Өйтіп көрген жоқ!» —деді.

Облыстық комитет не істесе де өз ниетімен істейді. Өз әмірін, өз күшін жүргізеді. Қазақ халқы ұшырап отырған пәленің бәрі және қазақ халқының шаруасының күйзеліп бара жатқаны осы облыстық қазақ комитетінің бәлесінен. Уездік және болыстық комитеттерге облыстық комитеттің қағаздарын көрсең, ылғи бұйыру, әмір қылу. Мұнысы қазіргі бостандық қағидасына тура келе ме? — дейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий