Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғысты тоқтатамын, бітім қыламын деп қараңғы солдатты ертіп алып, демагогияға сүйеніп іс жүргізген еді, бітім жоқ. Құрылтай ашылған күні, көп жұмысшылар, өзге көп қала кісілері «бар әкімшілік құрылтайға» деп ту алып көшеге шыққан. Осы топты большевик әскері шатырдан пулемет астына алып, көп кісіні өлтіріп, қуып тастаған.

1905 жылы 9 январьда астанадағы неше мың жұмысшылар бостандық бер деп Николайға барғанда, Николай бұларға пулемет бостандығын көрсеткен еді.

Большевик Николайдың аяғын құшты. Николайдың да, мұның емшектес інісі большевиктіңде пулеметтеп жатқаны жалпы жұрт, екеуінің де сүйенгені қараңғы солдат.

Құрылтай алдымен жұртқа беделді үкімет сайламақ еді. Құрылтайға сүйенген күшті үкімет босаған тізгінді жиып алып тежеп ұстап, тентек бастықты тыйып, жұртқа пайдалы тәртіп шығарып, елді билемек еді. Құрылтай өзі Россия мемлекетіне негізгі закон шығарып мемлекет күшін түзетіп, жұртқа пайдалы бітім қылып, жақсы сапарға жұрт тілегін тартпақ еді.

Бұл мақсұттың бәрі 5 январьдағы пулемет оғымен құйын соққан көлдей ұшты, орыс жұртының ұлтшылдары жұртына жаны ашыры, қабырғасы қайысатыны аз да қалды. Ақылды ұлт пайдасын демагогия, қараңғылық басты. Сыртпен бітім жоқ. Соғыстан бұрын Германия 70 млн. еді. Енді орыспен бітім қылмақ, адамын 143 млн. қылып. Олай болса бұрынғы 160 млн. Россия мемлекетінде 87 млн. қалды. Бұл болмайтын бітім емес.

Украина, Дон, Кавказ, Түркістан, Сібір, Орынбор өзге неше ішкі қалалар большевикпен соғысып жатыр. Майдандағы солдат өлді, үйіне қашып жатыр. Мұжық, солдат біз большевик дініне кірдік деп қаланы пулеметшіктер, бай мұжықты талап жатыр.

Темір жол тоқтады. Астаналар астық сатып алатын халықтар, майдандағы әскер жұтап жатыр.

Біздің қазақ жері әзір бұл Россия лаңынан аман. Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па? Болжап болмайды. Қорқамын, жалпы жұрттың қараңғылығынан, басшы былай деп, тонын айналдырып киіп, жұрт білетін өзінің соқыр тиынға айырбастағанынан.

Аға, іні Алаштың азаматы, бір күнгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы қара бұлт Россия лаңынан Алаш баласын қорғайтын жолға шық.

Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бір бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз.

Қош бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар.

Жалпы жұртқа мұрындық бол.

Әлихан»

Алаш газеттерінің бәрі де большевиктерді: «өкімет орнына отыру үшін жұртқа жақсы атты көрінбек болып жүрген жаман ниетті адамдар...» — деп оқушыларын ұғындырып жатты. Әрине, «адасқанның алды жөн...»

Мысал үшін «Қазақ» газетінің 1918 жылы 12 ғинуарда жоғарғы мақала келтірген нөмірінің алдында шыққан 259-нөмірінде, «Демагогия» деген басмақаласында бүй дейді:

Газеттен:

ДЕМАГОГИЯ

Европа тілінде «Демагогия» деген сез бар. Ол сөздің мағынасын толық көрсетіп, баспа-бас төлеуіне тұрғандай қазақта сөз жоқ, тұлпар төлеуіне тұғыр бергендей етіп «Демагогияны» қазақша айтсақ, жұртқа жақсы атты көріну болады. Жұртқа жақсы атты болу бар, жақсы атты көріну бар. Екеуінің арасы айыра білген адамға жер мен көктей. Халыққа жақсы атты болған адамдар ақыл мен білімімен, таза құлқымен жақсы атты болған, жақсы атты көрінетін адамдарда оның бірі де болмай тұрып халыққа жақсы көрінбек, алдыңғылар ақыл жағын ала іс қылғанда, соңғылар көңіл жағын аулай іс қылады. Неғұрлым халық саңылаулы болса, ақыл жағын қуаттайды. Неғұрлым халық қараңғы болса, көңіл жағын қуаттайды.

Қараңғы халықты өзіне ертіп, қару-қара қыламын дегендер халықтың ақыл жағын қойып, көңіл жағын ала іс қылады. Солай істеушілердің өздері Европа тілінде демагог деп, істері демагогия деп аталады. Биылғы орыс бүліншілігі, былтырғы қазақ бүліншілігі демагогия деп қандай істер айтылатынын түсіндіреді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий