Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы күні орыстар соғысып жатқан жауын тастап өзді-өзі ұрысып, бірін-бірі жаудан жаман қырып жатыр. Мұнысы ақыл жағынан қарағанда ақымақтан басқаға келмейді. Ит екеш ит те қораға қасқыр шауып жатқанда өзді-өзі таласпайды. Орыста иттің есіндей де ес қалмай отырғаны демагогияның салдары.

Бостандық болғаннан кейін әр партия жұртты өзіне қаратып, елді өзі билеп, өзі түзу деген жағына жүргізбекші болды. Біреулері ақыл жағын ала іске сүйене іс қылады, біреулер жұрттың көңіл жағын аулай нәпсісіне сүйене іс қылады, ақыл жағын ала іс қылғандар Россия мемлекеті бұрынғы ұлы мемлекет болған дәрежесінен, абыройынан айырылмау жағын көздеді, көңіл жағын аулай іс қылғандар жұрттың қазіргі көңілі тілеп тұрған жағынан қызықтыра іс қылады. Халықтың білімді саңылаулы табы ақылға қонымды жағына ерді. Халықтың қараңғы табы көңілге жағымды қызықтырған жағына ерді. Россия мәдениет жүзінде кейін қалған, саңылаулысы аз, қараңғысы көп мемлекет екені белгілі. Сондықтан ақыл жағы азда қалып, көңіл жағы көптік алды.

Елді қызықтырудың өзі екі түрлі болады: біреулер баяғыдан бері мұжықтың ынтығын құртқан жер еді деп әуелі құдай, екінші жерге еңбек сіңірген деп, жер біткенді мұжыққа тегін бергіземіз деп қызықтырды. Тегін жер береміз деген соң мұжықтар бұған еріп кетті. Бірақ олардан да гөрі ол ертуге ептірек адамдар табылады. Олар жерден де гөрі ынтығырақ болып тұрған жақтан қызықтыратын іс қылады. 4 жылдан бері өлгені өліп, қалғаны қашан үйімізге қайтамыз деп зарығып отырған майданда неше миллион солдат бар. Россияның қару-жарақ бар күші соларда. Оларды кім өзіне қаратып, ертіп алса, қара күштің бәрі сонда болмақ. Бұларды ертіп алдау да елді ертуден де оңай болды. Өйткені ақыл салып, ар жағын ойлайтын адамдар олардың арасында аз. Көбі қараңғы. Қараңғының ақылы көңіліне жақын, ақылға қарамайды. Соғыстан қашып, үйін сағынып қайтқысы келіп тұрған солдаттарға үйіне қайтарамын дегеннен артық көңіліне жағымды нәрсе болар ма?

Россияның билігі қолымызға тисе тез бітім жасап, елге қайтарамыз деушілер шығып еді, солдаттар оларға еріп кетті. Мұның бәрінің ақыры не болып шықты. Россия ұлы мемлекеттің бірі еді. Бұл күнде қатардан қалып, оның үстіне өзді-өзі ұрысып, бірін-бірі талап, өртеп, бүлініп жатқаны мынау. Жасалған бітім де жоқ, берілген жерде жоқ.

Құр лаңнан басқа жұртқа түскен түк пайда жоқ. Соғыс лаңынан қажыған халық бүліншілік лаңына түсіп, киерге киім, ішерге азық таппай, күні бүгін аман, ертең не боларына көзі жетпей, жинаған мал-мүлкі кімнің қолына кететінін білмей отыр. Соның бәрі демагогияның лаңы. Бәрі халықтың ақыл жағын алмай, нәпсі жағын аулай іс қылғанының салдары.

Былтырғы біздің қазақтың бүліншілігі де осындай демагогиядан болған.

25 июнь жарлығы туралы халыққа басшылық етуші екі түрлі болған. Біреулер: «Қазақ қарсы тұрып, күш қылып, ешнәрсе өндіре алмайды. Қырғын-сүргін көріп әлекке түскенше сұраған адамын беріп, тыныш отыру керек», — деген. Екіншілері: «Бермеу керек», — деп, елді желіктірген. Сонда қабағынан қан тамып тұрған Роман үкіметінің тұсындағы қазақ қарсылық қылып, адам бермей құтылып кетеді деп бермеу керек деген емес, олай айтушылардың есебі өзгеше болған. Халыққа шын жаны ашитындар ел бүліншілікке түсіп әуре болады деп аяғанда, балық ұстауға лай су таба алмай жүргендер, сауын қылып сауып қалғысы келген.

Алысып әлі жетпей жүргендер, халықты құтыртып қолына қару қылып ұстап, кіжініп жүргендерінен өшін алғысы келді. Халықты өзіне қарата алмай жүргендер, осындайда халық қамын жеп, халық үшін жаны ашитын сияқтанып, жұртқа жақсы атты көрініп қалғысы келген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий