Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Басшы азаматтарымыз және облыстық қазақ комитеттері кеңесіп марқұмның басына тас қоюға және жақсылап белгі, бейіт салуға қаулы қылды. Қазидың оқуға жасы жеткен бір інісі бар еді. Соны оқытуға стипендия ашты. Кәрі ата-анасына, қатын-баласына жеті мың сом ақша бермек болды.

Жастар ұйымы марқұмның жетісі толған күні жұртты шақырып, құран оқытты, дұға қылдырды.

Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан ұмытылмас, тарихта аты қалады. Бірақ біздің бұдан үлкен алып жүрегімізді соның жүрегіндей қылуымыз керек.

Рухың шат болсын, шейіт болған Алаштың шын баласы! Біз де сенің ізіңде. Қош, жолдасым!

( Бейімбет)

«АЛАШТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРБАНЫ»

Тірі жанға қылымсыз

Қисыны жоқ оққа ұштың.

Қара өмірден тұрымсыз,

Періште болып көкке ұштың.

Қандай жанға қастық қып

Кіммен баққа таластың!

Жат жігерің жастық қып,

Қаһарманы Алаштың!

Ойлатып қал, шағыңды,

Таңба салдың жүрекке.

Бірақ сенің бағыңды,

Таппас ешкім тілеп те.

Әрі тұңғыш, әрі атақ

Күнәсы жоқ мейман дос!

Қонағыңды күтіп ап,

Ұлттың ұлы қош бол, қош!..

( Сәбит)

Міне, сөйтіп «Алаш» ділмарлары өкірген сиырдай азан-қазан болды. Өздері кімді ату үшін әскер жасап жатқаны естерінде болмаған тәрізденеді. Бұдан кейін Семейде «Алашорда» әскері жасалуы тоқталып қалды.

Және Орал облысында «Алашорда» әскері жасалды деп айтқан едім. Оны біраз баяндап өтейін.

«Алашорда» милициясы Семей мен Оралда жасалды. Және Торғайда жасалды. Торғай мен Семейдегі әскер «Алашорда» үкіметіне бағынды. Жанша Досмұқамбетұлы мен Қалел Досмұқамбетұлы Орынбордан Семейге кеткен Бөкейханұлы, Дулатұлы, Байтұрсынұлдарына ермей қалды дедім ғой. Міне, бұлар сол бетімен өздерінің Орал облыстарында, Жымпиты қаласында, өз алдарына «Алашорда» үкіметін ашты. Үкіметтерін қыстыгүні, 1918 жылдың басында жасады. Айтып өтейін, ол былай болған: 1917 жылы желтоқсан айында Орынборда Бөкейханұлы, Дулатұлы, Байтұрсынұлдары жасаған жалпы «екіншісі қазақ-қырғыз съезінде» қазақ автономиясын қазір жариялау дұрыс па, жоқ біраз байқап, милиция жасап алып, жариялау дұрыс па деген мәселеде съезд екі жаққа бөлінген. Көпшілік жағы — Дулатұлы, Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы бас болып, «автономияны милиция жасап алып, біраз байқап барып жариялайық!» — деген. Азшылық жағы — Жанша Досмұқамбетұлы, Қалел Досмұқамбетұлы бас болып «автономияны қазір жариялайық» деген. Досмұқамбетұлдарының «қазір жариялайық» дегендерін қостаушылардың бәрі-ақ сол Орал, Бөкей, Ақтөбе жақтарының адамдары болған. Орынбордан, манағы айтқандай, «Алашорда» үкіметі қашып Семей кеткен соң, Орынборды большевиктер алып, Орынборға жанасқан қазақ ісін Жангелдин басқара бастаған соң, Досмұқамбетұлдары Орал облысына келіп, «Алашорда» жасауға әрекет қылған. Орал облысының съезін шақырған. Съезд Қаратөбеде болған. Қысқаша съездің қалай болғанын айтып өтейін.

ҚАРАТӨБЕ СЪЕЗІ

1918 жылдың бас кезі. Қыстың күні. Съезге Қаратөбеге Орал облысының бар оқыған қазақтары жиылды. Бастықтары — екі Досмұқамбетұлы. Съезге жиналғандардың ішінде, соңынан коммунист болған осы күнгі өзіміздің Кенжеұлы, Қасаболатұлы, Мырзағалиұлы, Қаратілеуұлы, Жолдыбайұлы, Қангерейұлы, Ипмағамбетұлы, Әлібекұлдары бар. Бұлар онда большевик емес...

Съезд ашылды. Съездің басқармасына (президиумына) Досмұқамбетұлдары сайланды.

Қаралатын мәселелердің зоры: әскер жасау, үкімет құру, үкіметке қаражат ақша жинау. Әскер жасауға, үкімет құруға қарсы сөз болған жоқ. Ақша жинау мәселесіне келгенде съезд екі жікке бөлініп, айтысты да қалды. Бір жағы көп, бір жағы аздау. Көпшілік жағы Досмұқамбетұлдары жағы. Бұлар: ақшаны жинағанда «үй басына, от жаққан түндік басына жүз (100) сомнан салайық», — деді. Азшылық жағы Ғұбайдолла Әлібекұлы, Ипмағамбетұлы, Қангерейұлы жағы. Және бұлардың соңында Жолдыбайұлы, Қасаболатұлы, Кенжеұлы, Қаратілеуұлы, Мырзағалиұлдары бар. Бұлар «байға байша, кедейге кедейше салайық», — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий