Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Апыр-ай, ата, баяғыда, есіңізде ме, Талғардан Түлкібасқа көшкенде: «Өлсем, сүйегім ата-бабамның қасында қалсын», – деп едіңіз ғой, – деді Рысқұлов Ахатқа. – Енді сол ата-баба жатқан топырақтан неге бездіңіз?

Ахат кемсеңдеді. Қызыл жиек көзін орамалмен сүртіп:

– Е, Тұрар балам, мен өлімнен қашқан жоқпын, – демігіп. – Түлкібаста аштан өлсем, көмусіз қаламын-ау деп қорықтым. Аштан өлгендерді вокзал басынан жинап алып, аяқтарынан сүйреп арбаға лақтырып салып, айдаладағы сайға апарып тастағанын өзім көрдім. Көмусіз қалған бейбақтың жаны, екі дүниеге де сыймай, мәңгі-бақи шырылдап, қорлық көреді екен, мен содан қорықтым... Енді өлсем де арманым жоқ, сен көмусіз қалдырмассың...

— Қорықпа, — деп жұбатты Рысқұлов. — Әлі-ақ жазылып кетесің. Аштық — уақытша нәубет. Бұл қиыншылықтан да құтыламыз, қамықпа. Мына Оразбақ пен Түйметай немесе біздің үйдегі келінің ыстық сорпа әкеліп тұрады, өзім де келіп тұрамын.

— Мен өліп қалсам, Пернегүлге қарайлас, саған аманат,— деп сыбырлады Ахат.

Сөйтіп, Рысқұловтың «колхозына» жаңа мүшелер «өз еркімен» келіп қосылды.

Рысқұловтың асүйінің плитасынан қазан түспейтін болды.

Кіріп-шыққан кісінің көптігінен Рысқұлов есігі қоңырауының жағы сембейтін болды.

Кіріп-шыққан адамның көптігінен үй ішіндегі дәретхана босамайтын болды.

Төтеннен келген кісіге бұл үйден қолаңса, бөтен иіс те сезіле бастады.

Рысқұлов үйіне күнде дезинфекция жасалатын болды.

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ

Рыскұловтың үйіне тағы бір мейман келді. Рысқұлов оған ерекше қуанып қалды. Бұл жөні бөлек қонақ еді. Жандай жақсы көретін тетелес інісі, рухани досы Мұхтар Әуезов телефон соққанда, Рысқұлов жұмысын тастай салып, Совнаркомнан машинаға отырып, вокзал басына жетуге асықты.

Екеуі төс қағысып, құшақтасып көрісті. Тұлта-бітімі бөтен, ажары айдай, кереқарыс маңдай, нәркес көзді Мұхтар бұ жолы жүдеу көрінді.

Түрмеден шыққан беті екен. Рысқұлов істің мән-жайына бұрыннан әбден қанық. Сондықтан «не болды?», «қалай болды?» — деп мазаламай, жолсоқты болған құрметті мейманды бірден үйіне апармақ еді, Мұхтар:

— Тұрар аға, мен бір қонақ үйіне жайғассам жарар, — деді.

— Қазынаның үйінде жата-жата жамбасың сарғаймап па еді, қой «қонақ үйі»дегенді. — Сонан соң шопырға: «Үйге тарт»,—деді.

...Жиырма екінші — жиырма үшінші жылдар еді... Байтақ Түркістанның кіндік қаласы Ташкент еді. Рысқұлов Түркістанның премьер-министрі, ал Әуезов — аспирант болатын. Сол жылдары қазақтың ақын-жазушылары, ғалымдары Ташкентке көп жиналды. Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамбетов, Жанша Досмұхамбетов... Көп еді олар. Шетінен ірі тұлғалар. Ташкентте аз уақыт ішінде көбінің кітаптары басылып шықты.

Бір күні көмекші:

— Мұхтар Әуезов деген жазушы келіп тұр, — деді.

Рысқұлов бұрын Әуезовті көрмесе де, атына қанық еді. Семейден Орынборға кетіпті дегенді естіген. Ол ойланып жатпай:

— Кірсін, — деді көмекшіге.

Рысқұлов қазақ зиялыларында еркек басымен Мағжан Жұмабаевтың көркіне қызығушы еді, мынау да бір келіскен кескін екен, сүйсініп қалды. Жүріс-тұрысы, сөз сөйлеу мәнері аса бір тектілікті танытқандай, күн шұғылалы жазық маңдай, арыстай азаматпен лезде тіл табысты. Тәңірісі сүйген ұлдың маңдайынан шұғыла шашырап тұрады деуші еді, мынау сондай ілуде бір кездесетін нағыз бозымның өзі екен.

Әуезов сонда өзінің оқу іздеп келгенін, өткен-кеткен хикаяларын балдай тәтті тілмен жеткізген. «Алашордаға» байланысты қуғын-сүргінге де түссе керек... Содан Рысқұлов екеуі сырлас, мұңдас болып кетті. Соның жемісіндей болып, 1927 жылы дүниеге «Қараш-Қараш» келді. Бұл Тұрардың әкесі Рысқұлдың ноқтаға сыймас тағдыры туралы. Рысқұл әулетінің қиямет жолы туралы біртуар шығарма еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий