Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Геноцидті ұйымдастырып отырған Голощекин. Сен оны білесің ғой. Адам етіне жерік кәрі сайқал. Оған әсіресе қазақтардың өлігі өте ұнайды.

— Тәуекел деп Сталинге мен де кірсем қайтеді?

— Мың бол, мың болғыр, Ян Эрнестович!

— Рас, Сталин шамданып қалуы да мүмкін. Араласпас іске араласасың деп айыптауы да мүмкін. Бірақ шындық үшін күресу де керек шығар.

— Шындық! Әділет! Кім айтқаны есімде жоқ... Баяғыда біреу: «Справедливость в Риме восхваляется, но бедствует», — деген екен. Бізде де сондай-ау деп қорқамын.

— Ал Достоевский: «Правда выше Некрасова, выше Пушкина, выше России...» — дегені бар ғой, — деп қостады Рудзутак. — Сондықтан шындық үшін, әйтеуір, тұяқ серпу керек қой.

Екеуі де үнсіз отырып қалды. Екеуі де перделі терезеге тесіле қарап, тың тыңдағандай болды. Көрші бөлмелерден күбір-сыбыр естіледі. Әрифа балаларға: «Тиш-ш-ш»,—деп булығып жүр. «Үйде бөтен кісі отыр, шуламаңдар», — дегені болар.

— Есіңде ме, Тұрар... Соноу 20-шы жылы.. — деп Рудзутак ыңғайсыздана күмілжіді. — Сол конференцияда мен саған үзілді-кесілді қарсы шығып едім ғой... Енді ойласам, тым әсіреқызыл болған екенмін. Конференция сені түгел қолдап, қол шапалақтап тұрып алғанда, мен ойладым: «Рысқұлов шынында да Түркістанды РСФСР-дан бөліп әкетеді екен» деп.

Рысқұлов бас шұлғып, жай езу тартты.

— Өтіп кеткен әңгіме ғой, Ян. Ол кезде сенікі де — жөн. Өйткені алдымызда үлгі жоқ еді ғой, бәрі тыңнан басталып жатқан. Менің талабым — конституциялық қана талап болатын. Ұлттық республика рас болса, РСФСР құрамына федеративтік құқы бойынша кіргенің рас болса, федерация құрамында бол. Бірақ басыбайлы құл болма. Азын-аулақ өз дербестігің, өз еркіндігің болсын. Сол-ақ қой менің талабым.

— Ал енді Одақ болдық. Бірақ барлық республикалардың тізгіні бір-ақ қолда... — деп қалды Рудзутак. «Сталинде» деп айтуға жасқанды ма, онсыз да түсінікті ғой деді ме, Сталинді аузына алмады.

— Енді мына колхозды құйындатқаны қиын. Украинада да адам шығыны көп деседі...

— Ұжымдастыруды жеделдету туралы қаулыға зорлап отырып маған да қол қойғызған қорлығын айтсаңшы, — деп күйінді Рысқұлов. — Колхоз болса — береке болады, ел молшылыққа белшесінен батады деп сендіргенін қайтерсің? Кім білген мұндай сойқанның соғарын? Өкініштен өзегім өртенеді...

— Сенің қол қойғаныңда тұрған не бар, Тұрар. Сен қол қоймасаң да қаулы қабылданады. Политбюро түгел қол қоймаса да қабылданады. Сталин өзі-ақ шығарады.

— Вот именно! — деп Рысқұлов орнынан түрегеліп кетті. — Дәл осыны айттым ғой мен Сталинге!

— Оған бола күйіне берме. Колхоз деген, оны жау шапқандай тездету деген, Сталиннің ісі екенін жұрттың бәрі біледі.

— Ол рас қой, — деп қыза түсті Рысқұлов. — Бірақ кейін-кейін осы колхоздың шикілігі шығып, оның асығыс болғаны қате екенін айыптап, бір ақылдылар шықпай ма? Сонда мойны құрықтай, өзі сырықтай бір профессорсымақ тұрып: бұған Рысқұлов та кінәлі. Политбюроға записка түсіріп, ұсыныс жасаған сол деп оттамасына кім кепіл? Ал мен бәс тігемін, дәл сол профессорсымақ Сталиннің көзі тірісінде, «сталиндік колхоз құрылысының жеңісі, салтанаты!» — деп алдымен даурығады. Сталиннің көзі тайған күні сол әлгі өзі айтқан жарапазанды өзі жоққа шығарып тағы даурығады!

— Ол рас, — деп Рудзутак өкінішпен басын шайқады.

Екеуі бір-біріне мұң шаққандай көпке дейін отырды. Тіпті көрші бөлмелердегі көп адамның абыр-сабыры да сап тыйылды. Сірә, бәрі де ұйқыға кеткен болар. Қалай жайғасты екен? Әлгіде Әрифа: «Бұлардың бәріне төсек-орынды қайдан табамыз?»—деп аңырып тұрғанын көріп еді Рысқұлов.

— Иә, жағдайың кісі қызығатындай емес, Тұрар, — деді Рудзутак жаны ашыған пішін таныта. — Бір пәтерде — бір колхоз. Әйелің тамаша адам. Дегенмен, бақыттысың, Тұрар. Мұндай әулие әйелді мен көрген емеспін. Егер осыншама аш адам Латвиядан қопарыла көшіп, менің үйіме келсінші, әйелімнің не болып кетерін көз алдыға елестетудің өзі қиын. Азамат, алтын адам Әзизаң сенің. Молодец!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий