Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәңірберген:

− Мені қатынсыз, қарындасыңды байсыз қалады деп тұрсың ба? Өй, нәсілсіз ит! Кет! -деді.

Томай құлақ тұрған жерінен тапжылмады. Тәңірберген: «Ой, малғұн, кет», - деп ақыра жаздады да, өзін ұстап қалды. Мына жігіттің осынша қайсарлықпен басын бауырына алып, тұнжырап тұрған түріне таңдана қарады. «Бұған кісі өлтіру қиын болмас», - деп ойлады да:

− Сенің қарындасыңды қайтем. Соңына сөз ерген қыздың керегі қанша? - деді.

− Ол өсек.

− Өсек емес, шын. Қарындасыңды маған бергің келсе, әуелі ананың жүрімін қысқарт. Күйексіз қошқардай, қуалап кетіп жүрген көрінеді ғой!

Қалау бұрылып жүре берді. Тәңірберген оның қатты ширығып кеткенін білді. Кешегі күні Дос пен Тәлеудің қолынан келмеген жаманшылықтан мына томай құлақтан жүзі таймайтын қаталдық байқады. Оның көзін құртса, теңіз жағасындағы елдің бұған наразылығы біраз бәсеңситінін іші сезіп тұр.

Күн кештете теңіз жағасына көп ауыл құлады. Малда есеп жоқ. Әсіресе, жылқылар танауы пыр - пырлап, шаң арасынан жоны шұбартып шығып жатты. Тәңірберген алаяқ көк жылқыларды бірден таныды. Мынау қайын атасының атақты көкаласы.

Қайын атасы Тәңірбергенге жылап көрісті. Әншейінде көзі толмайтын жылқыларын қазіргідей қысылшаңда қайда тығарын білмей, теңіз жағасының қамыс - қопағын пана көріп келіпті. Тәңірберген жүре сөйлесті. Соны байқаған Тілеу - Қабақ байының баласы Әли жетіп кеп, Тәңірбергенге атының тұмсығын тірей тоқтады. Бұл өзі тік мінез туралығымен ауызға іліге бастаған қара сұр жігіт еді.

− Әй, жезде! Біз тыныш отырған ел едік, бүлікті бастаған сен едің. Жау сенікі. Жеме -жемге келгенде «өлмесең - тұрма», - деп түрікпендердің тырнағына бізді ұстап беріп, өзің тайып тұрмақ екенсің ғой.

Тәңірберген жас жігіттің орынсыз қызбалығын мысқылдағандай, оған күле қарады:

− Е, кім үйдеген?

− Әкеммен неге дұрыстап сөйлеспейсің?

− Қой, шырағым. Үлкенді сыйлауды сенен үйренбеспін. Онан да сен жігіт болсаң, ана иіріліп тұрған көшке бар да, жар астына апарып орналастыр. Қатын - балалар шөлдеген шығар. Бұл арада тұщы су жоқ. Тұщы су Ақбауырда, біздің қорада ғана бар. Осы ауылдағы местерді жинап, үй тіккенше сендер су әкеліңдер. Ал біз, - деп Тәңірберген қайын атасына бұрылды.

− Ие, айналайын... - деп Тілеу - Қабақ байы жас балаша елп ете қалды.

− Ал біз қамсыз болмайық. Жігіттерді жияйық.

− Дұрыс... дұрыс айтасың, айналайын... Тәңірберген әлгіден кейін балдызына назар аудармады.

Бір ауылдың бағлан мырзасын әп-сәтте оп-оңай қол балаға айналдырып, «саған лайығы сол» дегендей оны суға жұмсады да, өзі қайын атасын ертіп анадай жерде иіріліп тұрған көшке қарай кетіп бара жатты.

− Қап, мына түлкінің қорлығын - ай! - деді Әли. Тәңірберген ертеңіне күн шықпай тұрды. Қайын жұртын балықшылар аулынан бөлектеп, өз алдына дербес бір ауыл ғып орналастырды.

Тілеу - Қабақ руы қай заманнан сойыл соғар, «сен тұр, мен атайын», ержүрек ел-тұғын. Жігіттері де көп екен. Жау жоқтағы әншейін желөкпелік болмаса өңшең жарау ат мініп, сойыл, шоқпар өңгеріп, келсең кел деп алақанына түкірген ығай мен сығай. Тәңірберген іштей ырза боп, сүйсініп қалды. Бұрынғыдай емес, осы тұста өзіне де жігер, жалын пайда боп, Дос аулы мен қайын атасының аулын соңыра бастарына күн туа қалса қайрат көрсетер қимылға әзірлеп, қамсыз болмау жағын қарастырып жүр. Аты жүйрік жігіттерді жау бетке шығарып, бер жағы - Бел - Аран, арғы жағы - Боташ Ұяоба, Сырғақты, Жетімқара секілді биік басына қарауыл қойды. Қалғандары да аттан түспей, теңіз жағасында бас қосқан ел-жұрт сергек отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий