Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Теңіз жағасында тірі жан жоқ. Қайын сіңлісіне таңдана қараған Кенжекей кейіндеу тұр. Көңілге болмаса, қайын сіңлісі бұрынғысынан басқалау сияқты. Кейінгі кезде үйде отырғанда да бұлар білмейтін белгісіз бір ой оны баурап, өзімен-өзі оқшауланып қала беретін боп жүрген-ді. Әнебірде ас ішіп отырып, кенет қолынан қасығы түсіп, ой билеген көздің қарашығы адасып, алдындағы астан, жанындағы жеңгелер мен ағалардан адасып, ойы, қиялы әлдебір жақта отырғанын байқаған. Кенжекей үй ішіндегілердің көзін ала бере қайын сіңлісін сақтандырып, ақырын түртіп қап еді. Айғанша дір ете қалса да, салмақты қалпын бұзбады. Тек «бірдеңе бүлдіріп алдым ба?» - деген үнсіз сұрақпен жеңгесіне қарап еді.

Кенжекей соның бәрін есіне түсіріп, бірақ неге жорырын білмей, дал боп тұрды да:

− Еркем, қайтайық, - деп құлаққағыс қылды.

− Жеңеше...

− Иә, қалқам?..

− Жеңеше... Сен ағама ғашық боп қосылдың ба? - Кенжекей шошып кетті. Төлеу мен Қалау қызды Еламанға таңып, ізіне аңдушы салып қойғанда да бұл өз басы қайын сіңлісіне шық жуытпай, көңілін ондай ойдан таза ұстап жүрген-ді. Сақал - шашына ақ еніп, егде тартып қалған кісі Айғанша секілді уыздай жас қызға жар болудан гөрі әке болуға лайық сияқтанатын.

Айғанша да әлгі сөзді ыссылай айтып салғанын білді. Сонысына оның өзі қысылып, жеңгесін тас қып мойнынан құшақтай алды. Кенжекей Айғаншадан сырын жасырмайтын. Бұның жайына қайын сіңлісі де қанықты. Басқасын былай қойғанда, кейінгі жылдары күйеуінен көңілі қатты суып, іштей алыстап кетті.

− Ай, қалқам-ай! Менің жайым өзіңнің көз алдыңда өтті емес пе?! Баяғыда ғашық болдық па, жоқ па, осы күні өткен өмірім өзіме де көрген түстей. Қызғалдақ көктемде көз алдап бір көрінеді демесең, күздің қара суығы соққанда жер байғұста не сиың қалушы еді?.. Жеңгеңнің басынан қаңтардың қаһарлы суығы соғып тұрған жоқ па? Менен не сұрайсың? Сен бақытты бол! - деп қайын сіңлісін маңдайынан сипады.

Айғанша аңдаусызда жақсы көретін жеңгесінің ең бір жаны ауыратын осал жеріне тиіп кеткеніне өкінді. «Сүйікті жеңешем! Асыл жеңешекем!» деп сыбырлап, ыстық ернімен Кенжекейдің бетінен сүйіп-сүйіп алды.

Бұл кезде күн батып кетіп еді. Теңіз бетте көлеңке кәдімгідей ауырлап, ол жақ тұп - тұтас қарауыта бастады. Тек қызылы сембеген күннен әр тұста үзіліп қалған үйір-үйір сәулелер лыпылдап бір- бірлеп сөніп жатты. Бұ да күліп жатып көз жұмып, ұйқыға бас қойған алып тірліктің ақырғы тынысы, үзілер шағы сияқты еді. Әлдеқайдан өгіз шағала өкірді. Келмей қалған жұбайын кешкі мекеніне шақырып, қиғылық ұрып жатыр ма?

Айғанша жеңгесінің мойнынан құшағын жазып алды:

− Жеңеше, сен кете бер. Мен... мына ауылға соғам.

− Қарғам - ау, бұның қалай? Ағаң білсе...

− Мейлі, білсе біле берсін.

Мөңке аулына бет қойған қыз кешкі ымыртта қапелімде көзден тасаланып ұзап барады.

* * *

− Қыз бен жігіт кеше тағы кездесті. Қыздың өзі іздеп барды. Құрысын, беті ашылып бұзылып болған ғой.

Қарақатынның аузынан шыққан сыпсың үй мен үйдің арасын да сумаңдап жүрді де, бір күні қыз ағасының құлағына шалынды. Төлеу есіткен бойда үй ішінің тас- талқанын шығарып, екі қатынын сабап, екі бұрышқа тығып қойды. Ызалы жігіт сол күні қарындасының жұмыстан қайтқанын да күтпестен жын ұрған кісідей жүгіріп Мөңкеге барды. Сәлем берген жоқ. Әй - шәйға қарамай, қарт балықшыны оңашалап, сыртқа алып шықты. Мөңке Төлеудің мына келісі тегін емесін қатты бұзылған түсінен таныған-ды. Онсыз да араздыққа бет алып бара жатқан екі ауылдың арасын тым құрыса осы тұста ушықтырғысы келмеген қарт балықшы түсін жылытып отырып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий