Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жаңа үйден шыққанда жел шырадай тымық еді; теңізге кеп қайықтарын суға сала бастағанда бұлардың бетіне салқын леп тиді. Тәжірибесіз жастар бұны теңіз бетінен соққан таң самал деп ойлаған-ды. Бұны тек Мөңке мен Еламан басқаша қабылдады. Сосын қыл жиекке біткен бала құрақтар қатты желдің қаһарын сезгендей сусылдап әбігерлене бастады. Қайыққа үштен, төрттен мінген балықшылар ескекке отырып, Қандыөзекке бет қойғанда әлгінде ғана шырадай тымық теңіз ырғалып ісіне бастады. Әзір толқын көрінбесе де, сонау аңғар беттен, тереңнің дәл өзінен шүйлігіп лықсып келе жатқан құдірет күш бар ма, суға салған қайықтар секектеп, жағаға сығылыса берді.

− Ал тезірек қимылдаңдар. Жел көтеріліп барады, сірә, дауыл болатын шығар, - деді Еламан асықтырып.

Жігіттер үнсіз. Қайықтың қарағұсын кешегі ау салған жерге туралап қос ескекті құр малшымай, қиқулап еседі. Қайратты жігіттердің қолындағы қос-қос ескек құс қанатындай лыпылдап, тұмсығымен су жарған он қайық ақ езуленіп алған.

Жел көтеріліп кеткен. Ашық теңіз өкіріп, ақ жал толқындар ереуілдеп ойнақтап, онсыз да малтыға бастаған қайықтарды кеудесімен қағып өтеді.

Еламан мен Мөңке бір қайықта. Бас ескекке Мөңкені қойып, өзі бел ескекте отырған Еламан көзінің қиығын жағадан айырмады. Жағалауда тірі жан жоқ. Промсол жақ жым-жырт.

− Курнос Иван ана жылы жоқ боп кеткен жоқ па еді? - деді Еламан.

− Қаңғып - қаңғып қайта келді ғой.

− Жел қатайып кетті-ау!

− Дәнеңе етпейді. Ау өзектің ішкі бетінде. Көре қал, қамыстын ығы жел жібермейді. Тымық.

− Солайы солай. Тек, қайдам, өзекке жеткенше бүйірден ұрған толқын есіңді тандырмаса...

Еламан ескекті Мөңкемен бірдей алып келе жатқан. Оны бағанағы ой қайта мазалап, тынышсызданып кетті де, бұрылып ілгергі жаққа көз тастады. Оны билеген ой Мөңкені де мазалап келеді екен. Мөңке ескегін бір сәт судан көтеріп алған бойы:

− Бізден басқа бір жан теңізге шықпағаны қалай? - деп күдігін айтты.

− Бәсе, ешкім жоқ қой. Осы тегін бе?

− Түсінбеймін. Қарап қалулары мүмкін емес еді. Әлде сенен сескенді ме?

− Әй, қайдам...

Бұлар Қандыөзекке кірді. Мөңкенің айтқаны расқа соқты: ашық теңіздей емес, іштің ығы мол екен. Бұлар келген бетте ескекті қайықтың кенеріне қайыра - қайыра салды да, шап беріп аудың құлағына жармасты. Ау болған аудың бәріне көлдің қара мөңкесі мен кешегі ағыспен келген ұлы теңіздің ажарлы, ірі балығы аралас түсіпті. Ау құлағын көтергенде әлгі балықтар әбігерленіп, шапыр - шұпыр болды да қалды. Баяғы балықшы кезі есіне түскен Еламан:

− Әп-п бәрекелді!..- деп, дәл бір сол кездегідей шабыттанып, теңізді басына көтере күліп жіберді. Басқа жігіттер де балықтың қызығына түсіп, қауқылдасып жатқанда қырық - отыз қайыққа мінген жүз қаралы кісі өзектің екі бетінде жарланған нар қамыс арасынан шыға -шыға келді. Кейбір сабырсыз ұрда - жықтар ұзын ескекті ызғарлана көтеріп апты. Бұларды бастаған Курнос Иван. Астында сүйір тұмсық ақ қайық. Қолында қос ауыз мылтық. Дос, Төлеу, Қалау, Курнос Иваннан қалмай тісін қайрап, кіжініп алған.

Еламан оларды басқалардан бұрынырақ көрді.

− Қамданыңдар! - деп айқай салған бойы дереу ескекке жармасты. Өзектің екі бетіндегі нар қамыстан бір сәтте, бір мезгілде шыға - шыға келген мыналарды тосып тұрып, анықтап қараса, өздерінен әлдеқайда көп екен. Және Курнос Иванның қайығымен жаға буды боп келе жатқан төрт - бес жігіттің бәрінде де мылтық. Қалғандары да құр қол емес.

− Қарсыласпайық, қан төгілер, - деп Мөңке елден бұрын ескегін лақтырып тастады.

− Әттең, Құдай - ай, мұны білмедім ғой, - деді Еламан. Курнос Иванның көзі Еламанда. Мылтығын кезеп апты.

Еламан өзінен әмір күтіп тұрған жігіттерді көзімен шолып өтті:

− Қарсыласпалық.

− Неге?.. Елаға - ау, онан да өлгеніміз жақсы ғой, - деді Рза.

− Жә, сөзді қой!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий