Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Әнебір жылы да Тәңірбергеннің тіліне ерген Темірке біздерді дәл осылай ашық теңізге айдап шықпады ма?! Сонда Кәлен күйіп кетіп: «Бұл қара шекпеннің байы қазып шығарған теңіз емес, Құдайдың құдіретімен пайда болған, бәрімізге бірдей, ортақ теңіз», - деп еді. Ол патша кезі болатын. Енді, міне, Керенский тұсында да Тәңірбергендер теңдік бермей қойды. Құдайдың кенже ұлындай қара жер мен көк теңізді қоса билеп отыр. Бүгін олар қатын - баламыздың аузындағы асын тартып жесе, ертең көре қап, астындағы қайығыңды аударып, өзіңді теңіз түбіне батырып кетпесіне кім кепіл? Е, соның бәріне көне береміз бе? Құдай салды, біз көндік дейміз де отырамыз ба?

Жастардың да зығырданы қайнап отыр екен. Айрықша Рәйіс мәз. Бұрын Мөңкені қанша жақсы көрсе де, бір реніш бүйірінің түбінде жататын. Талай рет қиянаткердің қолында өлетін жерде де осы шал өздерін етектен басып, тоқтатып қала беретін.

Рәйіс сүйсініп кетті:

− Мөңке аға - ай, жақсы айттың - ау! Бәсе, біз қасқырдан қашқан қоянның жатырынан түсіп қалған сұр көжек емес едік қой. Бізді де бір қазақ қызы мақтанышпен тумап па еді? Қашанғы бас қорғап бұға береміз?!

− Ие, сүйдеші! Бұта түбінен бойымыз асатын күн бола ма?!

− Шіркін, Қандыөзектің аузына ay құратын күн туса, қарық болар едік қой!

− Дәмең зор екен. Қандыөзектің аузына қақпан құрылғалы қашан?!

Қартаң балықшылар күрсінді. Жастар дағдарып, Мөңкеге, онан Еламанға қарады. Еламан мұның арты тыныштықпен бітпесін біліп, іші мұздап отыр. Басқалары албырт жастықпен істесін, ал қарт балықшының көтерілгені не? Әлде, кім білген, өмір бойы қорлық көріп, зығырданы қайнап келген жан осы арада бұның елге келгенін де күш көрді ме? Сүйтті ме екен?

Еламан алдында ұйықтап жатқан баласын бешпентінің шалғайымен қымтап қойып, көп алдында кеудесін көтеріп шалқайып отырды.

− Жә, жігіттер, бұға бергеннен де берекет шамалы екені рас. Тек сендер жау мықты екенін ойладыңдар ма?

− Ойладық, Елаға.

− Ендеше, ертеңгі күні жау жеңсе де өкінбейтін болыңдар. Кейін өз іштеріңнен кінәліні іздеп, көз шұқитын болсаңдар Тәңірберген, Теміркелермен тіресудің керегі жоқ.

− Білеміз, Елаға.

− Біз бәріне де бел буғанбыз.

− Не көрсек бірге көрейік. Тек бізді де бір бастаңызшы!

− Жә, ендеше тараңдар!

Балықшылар ақырын тарай бастады. Рәйіс бұрынырақ шығып, Айғаншаны есік алдында күтіп алды:

− Шығарып салайын...

Айғанша ыңғай бермей, үнсіз кетіп бара жатты. Үйі жатып қалған екен, шам жақпады. Қалаудың қорылынан құлақ тұнып тұрған тас қараңғы үйде сипалап жүріп, Кенжекейдің қасынан төсегін тауып алды. Шешінбей, киімшең бойымен қисая кетті. Тек жатар алдында бала кезден бойына сіңген әдетпен көйлегінің етегін тартып тізесінен төменірек түсіріп қойды.

Осы кезде кіші әйелдің төсегінен Төлеу басын көтерді.

− Сен осы қайда жүресің?

Айғанша үндемей, іргеге қарай аударылып жатты. Төлеу ана жолы киім тұсындағы реніштен кейін қарындасының бетіне қатты келмей, жасқаншақтай беретін. Осы жолы да наразы бірдеңелерді күңкілдегені болмаса, әлгіден кейін Қалаудың қорылына қосылып ұйықтап кетті.

Айғанша ұйықтай алмады. Мөңке үйінен ширығып кеткен жаңағы ызалы жандар көз алдында. Ертең олар Тәңірбергенмен мықтап бет ашыспақ: я жеңеді, я жеңіледі. Осы жайды Еламан ашық айтты. Еламан! Қызық - ау! Оны тосырқамай, бірден танығанын айт. Ол баяғыда да дәл осындай еді. Осындай ма еді? Рас, басқа кісілерден бөлектеу көрінген. Ол кезде Айғаншаның өзі де нақ мұндай емес-ті. Ол кезде үй ішіндегі жандар мен қалаға қатынаған Ебейсін секілді бірен-саран саудагерлер, кірешілер болмаса, олардан басқа тірі жанды көрмей жапан түзде жабайы өскен жас қызға, шынында да, сол жолы балықшы жігіт біртүрлі оқшау көрінген еді. Қол-аяғындағы темір кісен де оны өзінен басқа өзге бірде - бір жанға ұқсатпай, даралап оқшаулай түскен еді. Әжесі айтатын әлгі бір ертегілер, қиссалар мекенінде ғұмыр кешкен бұғаудағы батыр ма? Ел қамын жеген ержүрек жанкешті ме?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий