Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан тұнжырай түсті. Түрікпендер жұртқа есесін жіберді дегенді бұл есіткен емес. Ертеңгі күні олардың бір тентегі есеміз кетті деп аттанып шықпасына кім кепіл? Апыр-ай, Төлеу дей ме, әй? Төлеу? Аты қандай таныс. Кірме болды - ау? Көшіп келмей жатып Тәңірбергеннің қойны - қонышына кіріп алған ол кім? Осыған дейін іргесі бүтін отырған ауылдың арасын ушықтырып бүйідей тигесін Тәңірберген тасыраймағанда кім тасыраяды. Мыналардан есіткендері рас болса, оның әлгі қылығы бұрын-соңды бұл өңірдің бір байы істемеген сорақы қылық қой. Алаңғасарлар мен аңқауларды қолға түсіретін анық тұзақ.

Дос Еламанды салқын қабылдады: оның ұсынған қолын ықылассыздау қысып, сәлеміне орай ернін ғана қимылдатты. Күйеуінің ыңғайын байқаған Қарақатын да қозғалмады. Көрпе - төсектері жиналмай, шашылып жатқан төрге отыру ыңғайсыз болғасын қонақтар кірген бетте жоғары шықпай көзімен орын іздеп, есік алдында іркіліп тұрып қалды.

− Көрпе сал! - деді Дос.

Қарақатын құлықсыз қозғалып, шашылып жатқан төсеніштерді әрлі-берлі теуіп іргеге таман ысыра салды.

Аядай жерге тығылысып отырған шалдардың бірі Құран оқыды. Еламан үй ішінің ыңғайын ұнатпай отыр. Дұға артынан қазалы кісілерге көңіл айтар жерде шешіле алмай, біраз күрмелді.

− Дос аға, бір сен емес, жарықтық баршамызға ана еді. Құдай бұйрығына кісі ара тұра ма. Артының қайырын тілейік, - деді Еламан.

Дос тағы да ернін қимылдатты. Еламан қанша шешілейін десе де, Дос осыдан артық пейілге баспай, басы бауырына түсіп, бітеуленіп отыр. Еламан оны тілге келтірудің қиын екенін көрді. Түндегі Мөңке сөзінің шындығына көзі жетті.

Ескі салт бойынша Құран оқығаннан кейін өліктің артын күтіп отырған жанашыр жақындар ас-су қамдайтын. Соған ыңғай білдіруші еді. Қарақатын қол жая келген кісілердің көңілін онан да суытты:

− Әй, не қып отырсың? Мойныңа неге су кетті? Шешең жаңа өліп, оң босағаға қойып отырған жоқ едің ғой. Төлеудің үйіне Тәңірберген мырза кеп, сені күтіп отыр.

− Күте тұрар...

− Мынау не дейді, әй? Мырзаны күттіріп қоятын сен кімнің шікіресісің?!

− Әй, қатын, жап аузыңды! Мына кісілерге шай қой.

− Есің дұрыс па? Шайыңның жабдығы толып тұрған кісідей...

− Қысқарт! Шай қой!

− Шай қой, шай қой!.. Сенің талқы қара суыңа кім зәру дейсің?!

Еламан қасындағы шалдарға кетейік деген ыңғай білдірді. Шалдар да шаққа отыр екен. Еламаннан ыңғай болғасын тез - тез түрегеп, есікке қарай беттеді. Осы арада күтпеген бір оқиға болды; қонақтар есіктен шығар жерде Қарақатын сайқылана күліп, Еламанның алдын кес-кестеді.

− Қайным - ау, неге асықтың? Келуіңнен кетуің тез болды ғой.

Еламан Қарақатынның бір қиқарлыққа басқалы тұрғанын білді. Не де болса сыр бермеуге тырысып, оның күлкі тепсінген жылтыр қара бетіне жай көз тастап артын сабырмен тосып тұр.

Қарақатын:

− Бұл қалай болды? Әңгімеңді де айтпадың, - деп ар жағынан құйқасы көрінген сұйық қасын сайқылана керіп, - бірақ «Ел құлағы елу », біз де естіп жатырмыз. Әңгіменің қызығы сенде көрінеді. Қайта табысқан көрінесіңдер, - деп бетіне мысқыл шауып мырс етті. Еламан оның аямасын білді де, жол бермей, алдын кес - кестеп бөгеп тұрған қатынды иығының басымен қағып жіберді де, үнсіз жүре берді.

− Мына ит қайтеді, әй?

Еламан қайырылған жоқ. Ел анасы болған кешегі қадірлі жанды аяды: «Тірісінде сыйламап еді, өлгесін де байғұстың артын дұрыстап күтпей отыр екен», - деді ішінен.

Еламан ешқайда шықпады. Мөңке ауға кетеді. Бәлекей баласын көтеріп әке - шешесінің үйіне тұра жөнеледі. Әлизамен екеуі оңаша қалғасын қарт ана көз көрген қайнысымен қатар отырып ұзақ сөйлеседі. Алғашқы күндері айтқаны - Бөбек жайы. Бөбек бақытсыз болды деді. Ожырай төбесінен таяқ айырмайды деді. Раймен көңілі жақын болғанын кешірмей, ожар жігіт бір жолы ішке тепкенде Бөбек есінен танып құлап, бойындағы бала өлі түсіпті. Сонан бері Бөбек талма ауруға ұшырады деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий