Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үстіне Мөңке кірді. Тәңірберген оның тегін келмегенін білді де, сұлу жүзін суық ұстап, сазарып алды.

Мөңке төрге шығып отырған бойда Тәңірбергенге тіктеліп қарады:

− Әй, жарқыным, өз арамызда не істесең де алдыңа шыққан адам жоқ еді ғой. Басқаңды қайтейін. Іргесі бүтін отырған бір ауылды екіге бөліп иттей ырылдастырып қойғаның аз ба еді? Талауың мен тонауыңа біз жетпеуші ме едік. Көрші отырған ағайын халыққа ауыз салғаның не?

− Сен шал әуелі өз жөніңді жөндеп ал. Қимақ қышымасын...

− Халыққа батқан іске мен қалай қайыспаймын? Түбі бір түртпейді демеуші ме еді? Түрікпен тескейде малың, төсекте басың қосылған бауырың емес пе еді? Малға бола ағайын елмен араздастырдың...

− Қой, әрі! Менің өз малым өзіме жетеді. Түрікпеннен мал алғызсам, мына қасыңдағы қара сіңір кедейлерге бөліп беру үшін істегем. Жақсылығымды да жамандыққа шығарып отыратын жауым бар екенін білем. Әй, қайсың барсың?

Еңгезердей екі жігіт сып беріп кіріп келді. Тәңірберген оларға иегімен Мөңкені сілтеп, «мынаны алып кет!» дегендей болды.

Екі жігіт үн - түнсіз жетіп кеп, қарт балықшыны тырп еткізбей екі жағынан ұстады да, сыртқа ала жөнелді. Қарт балықшы есік алдына барғанда қатты бір бұлқынып, артына қайырылып тұрып:

− Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Қазақ пен түрікпен арасына от тастап, бітіспес жаулыққа бастап бара жатырсың. Ертеңгі күні осының арты не боларын ойладың ба? - деп зіл тастап кетті.

Бұның арты тегін бітпесін Тәңірберген де білді. Осы жолы оның жігіттері қара үздіріп кете алмай, қуғыншыларды ауыл іргесіне дейін ізіне сап ертіп әкепті. Және ол жорыққа қатысқан жігіттерден қайта-қайта сұрап отырып, Қалаудың бір қаталдығын есітті. Түрікпендер жағынан аты жүйрік бір жас жігіт ұрыс үстінде ерекше көзге түсіпті. Көп жылқыны ілгері оздырып жіберіп, қаша ұрыс салған қазақтардың алдына шығып ап, жолын кес-кестей берген. Осы жігітке Қалау талай шүйліккен екен; бірақ аты жүйрік жігіт жеме-жемге келгенде жалт беріп, сойыл астынан сытылып кете берген; тіпті бір айқаста түрікпен жігіттің күші басымдау түсіп, Қалауды ұрып жыға жаздапты.

Қалау әбден өшігіп, ізіне түсіп жүріп, ақыры оның атын құлатыпты. Түрікпен жігіт бір аяғын үзеңгіден шығара алмай, аттың астында қап, қарсыласа алмаған. Сол сәтте Қалау ағызып кеп, ат үстінен мойнына қыл шылбыр тастап сүйрей жөнеліпті.

Күн кештете қуғыншылар қара үзе бастады. Және қазақ жеріне кіргесін бұлар ештеңеден айыл жимады. Қасқажол, Қаратамақтың деңгейіндегі елсіз жазыққа тоқтап, бір түнеген-ді. Сонан қол, аяғын шылбырмен байлап тастаған тұтқын жігіт от сәулесі жанында тұнжырап отырған түсі суық кісілерге «тірі қалдыра көріңдер» деп жалынып, зар қағыпты. Кейбіреулер шыдамай босатып жібергісі келсе де, Қалау шімірікпепті. Кешегі соғыста жараланған бір жігіт сол түні таң алдында жан тапсырды. Қалау кісі жаны түршіккендей бір қаталдыққа іштей бекіп, бар қаһарын бетіне жиып алған. Тұтқынның жанына бір кісіні жолатпапты. Ертеңіне жігіттерін таң біліне оятыпты. Бәрін ілгері аттандырып жіберіпті де, ал өзі кісі зары құлағына кірмейтін меңіреулікпен қол-аяғы байлаулы жатқан тұтқын жанында үнсіз тұнжырап тұрып алыпты. Оның ар жақ ойын аңғарған тұтқын енді тіпті шыр-шыр қағып: «Өлтіріп кет», - деп жалынған екен. Қалау сол түк шімірікпеген күйі атына мініп, ұзап кеткен кісілердің соңынан жөнеліпті...

Мұны естігенде Тәңірбергеннің төбе шашы тік тұрды. Елсіз - сусыз далада қол - аяғы байлаулы қалған түрікпен жігіт көз алдынан кетпеді. Сонан ол қашан әлі құрып, азаппен өлгенше жапан түзде шыр-шыр етіп жәрдем сұрап жатқан болар. Мырза Қалауды дереу шақырып алды. Қалау мырзаның қуып жібермек боп қаһарына мініп отырған көңілін сезген сияқты. Құлақ жоқ, мұрын жоқ, домаланған бұзаушық басын бауырына алып, үнсіз кірді. Тәңірберген мына жігітті өзіне жауықтырып алғаннан гөрі дәл осындай қаныпезер біреуді қолына ұстап отырғанның бөтен болмасын ойлады.

− Ой, жексұрын... кет!.. - деді Тәңірберген ақырын, бірақ бет бақтырмайтын үнмен.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий