Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Балықшылар таң алдында ғана тарады; үй іші төсек салғанша Еламан ауыл сыртына шығып, бой жазып қайтты; үй іргесінен басталатын ұлы теңіз таң алдындағы самал желге толқымай, ақырын тыныс алып, солықтап жатыр екен. Еламан балықшылар аулының жік ашып бөлініп кеткенін естісе де, олардың тап мұншалық жүз көріспей жауласып кеткенін білмеуші еді; Дос аулы таяқ тастамдай ғана жерде отыр; олар, әрине, Еламанның елге кеп, Мөңке үйіне түсіп апақ - шапақ қауқылдасып жатқанын есітті. Сонан келе бір адам аяқ баспады. Басқалар білместікпен істесін, ал Досқа не жорық? Жауласса, Мөңкемен жауласты. Оған Еламанның қатысы қанша? Керек десе, бұлардың ашу-араздығы арасында да болған жоқ. Сосын бұның осы жолғы келісінің жөні өзгерек емес не? Жат жерге жалғыз інісін жерлеп кеп отырған жоқ па? Бұл жоқта қарт әжесі де дүние салды. Тым құрыса соны ойласа нетті? Елде жүргенде тілі тиіп, түс шайысқан жері жоқ еді ғой.

Еламан үйге келсе, Мөңке әлі жатпаған екен.

− Ауылың азайып қалған ба, қалай? - деді Еламан.

− Иә, солай.

− Басқа басқа, Мөңке аға, оған не болды?

− Ай, қарағым - ай, жұрттың бәрін өзіңдей көресің бе? Ол тоң - мойын келмейді, күтпей -ақ қой.

− Со - лай де?!

− Иә, солай. Қазір оның сиынатын пірі, сүйенетін құдіреті - Тәңірберген. Осы күні бізбен де Тәңірбергенге арқа тіреп отырып сөйлеседі. Жә, менің сөзімді қайтесің. Жатайық, - деді де, Мөңке төсегіне бармай, киімшең бойымен қонағының жанына қисая кетті.

Кеш жатқандарына қарамай, балықшылар өздерінің күндегі дағдысы бойынша ерте оянды. Шай үстінде Еламан таяуда Достың анасы қайтыс болғанын есітті. Ескі қазақ салтында өлік артын күткен үй қашан кәделі күн өткенше ешқайда шықпай, көңіл айтатын жақын, жуықты отбасында күтетін салт бар. Ендеше, үйіне барып, өлікке Құран оқып, артындағыларға көңіл айтатын рет бұныкі.

Еламан шайды тез доғарды; қасына екі-үш шал ертіп, іргелес отырған Дос аулына беттеп келеді. Бұлар Мөңке аулындай емес, артында ішіп-жейтін қор болғасын ер-азаматтары таң сәріден теңізге шыға қоймайтын көрінеді. Күн көтеріліп қалса да, ертеңгі шайға әлі отыра қоймапты. Тәңірбергеннен алған бірер қарасын ұзатып өріске шығарып сап, енді үйлеріне қайтып келе жатыр екен. Бұлар жақындағанда басына қара жамылған бір келіншек түзге отырғалы ауыл сыртын бетке алып бара жатты.

Еламан түнде Мөңкеден бұл ауылдың таяуда ауыр қазаға ұшырағанын есіткен-ді. Тәңірберген қазір көрші елдерге жігіттерін астыртын аттандырып, өрістен жылқыларды қуып әкеліп, көрші отырған екі халықтың арасына от тастап, бұл өңірде бұрын - соң болмаған тағы бір түсі басқа бүлікті бастағанын айтқан.

Қарақатын сыртта жүр екен. Үйіне келе жатқан кісілерді көрді де, сып беріп ішке кіріп кетті. Қарқатынның салақ жайын білетін Еламан өздері жеткенше отбасын қағып - сілкіп салсын деген ниетпен әдейі ақырын жүріп келеді.

− Ағаң күйлі. Көңілі түссе қой сойғандай да шамасы бар.

− Онан басқалары қалай? Олар да малды ма?

− Бұл ауылда мал ұстамайтын үй кемде-кем.

− Е, сөйтіп... бұларды жарылқап тұр де? - Шалдар күлді:

− Кімді кімнің жарылқап отырғаны бір Аллаға аян.

− Түсінбедім.

− Ол заңғардың қулығына найза бойламайтын ғой. Өзің ойлап қара. Жазатайым малы өле қалса, дереу құнын өндіріп алады.

− Қалайша?

− Ой, шырағым - ай, Тәңірберген тірі болса ретін табады. Анада бір балықшыға өлген малдың құны толғандай ғып шөп шапқызып алды.

Еламан үндемеді.

− Солай болғасын тайлақты енесіне қосып өріске айдап жіберді не, «сүтін іш, қоңын қисайтпа!» - деп, балықшыларға бір-бір қарасының майын берді не?

− Оны айтасың ба... Бұның сыртында оның тағы бір мықты есебі жатыр: сауынға берген малы арқылы ол мына Дос, Төлеу сияқтыларды өзіне тәуелді ғып, қол-аяғын матап байлап алып алды емес пе?

− Тө - леу?.. Сіз осы Төлеу дедіңіз бе?

− Иә, Төлеу...

− Ол қай Төлеу?

− Сен оны білмейсің. Сендер солдатқа кеткен жылы қырдан көшіп келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий