Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жел сол ауыл жақтан еді; ық жақтағы бұларға әлгі у-шудан кейде бір- жар сөз естіледі. Бұлар онан түк ұққан жоқ. Тек осы жасында жамандықты көп көріп, жүрегі шайлығып қалған қарт ана шошынып, өз-өзінен дір ете қап тұрған-ды. Кенет бір жас әйелдің ышқынып шыққан ащы даусын есіткенде, қарт ана:

− Мынау... тегін емес. Кім де болса, біреу сорлап қалды ғой, - деп еді.

− Ішке бар, - деді Мөңке.

− Жоқ, жоқ, менен қорықпа. Алғашқыда жүрегім көтеріліп еді... Қазір басылды.

− Мынауың кім? Балкүміс пе, әй? Қайт! Қайт! - деді Мөңке айқайлап.

Балкүміс жалаң бас. Жалаң аяқ. Ұзын көйлектің етегін жоғары көтеріп, ышқырына қыстырып апты. Аяғы аяғына жұқпай зырлап барады.

Балықшылар көзін уқалап, үйлерінен жүгіріп шығып жатыр.

− Мынау не дауыс? Мына ауылға не болды?

− Біле алмай тұрмыз.

− Сірә, кісі өлген ғой. Мына бір шекеңнен шыққандай жас әйел даусын байқайсың ба, баласынан айрылған ана, әлде жарынан айрылған келіншек қана дәл осылай қақсап қалатын еді ғой, - деді бір қария.

− Ойпырым-ай, мына әйел даусы сай-сүйегімді сырқыратып барады. Бұл кім болды екен?..

− Тоқташы... тынышталшы! - деді қарт балықшы ана ауылға шыдамсыздана көз тігіп.

Таң білініп, төңірек бозамықтана бастады. Дос аулы әлі абыр - сабыр. Ауыл үстін аттылы кісілер басып кетті. Бес-алты кісі жаралы біреуді аттан түсіріп, қолдасып көтеріп ішке кіргізді. Онан сайын қарт балықшының күдігі қалыңдай түсті. Әне бір кезде қырда отырған кедей ауылдың пішеншілері теңіз жағасына кеп, қостанып жатқан. Олар бір күні кешкісін қарт балықшының үйіне кеп ас-су ішіп кеткен-ді. Солар ас үстінде тосын бір жайды қозғап «Тәңірберген түрікпеннен жылқы алғызып ұстап отыр», - дегенде, қарт балықшы сенбеп еді. Соның растығына көзі енді ғана жеткендей болды.

* * *

− Өлген күйеуін жоқтап тірілткен қатынды көргем жоқ. Бар, айт, қақсай бермесін, - деді Тәңірберген ақи көз жігітті шақырып алып.

Ақи көз үнсіз шығып кетті. Мырза жаманат хабардың енді осы өңірдегі халыққа тез тарап құлақтанып кететінін білді. Ақи көзден кейін ол Дос пен Төлеуді шақырып, азаматы қаза болған үйлерге бір- бір ірі қара беретінін айтты да, тез жөнелтті.

Дос та, Төлеу де үндемеді. Екеуі де көзін жерден көтермей тымырайып алған. Tic жарып үндемесе де, ар жақтарында реніш байқалады.

− Өлік шығынын да өзім көтерем. Тек жылап - сықтауларын тоқтатыңдар.

− Айтып көрейік...

Тәңірберген бұл екеуін суық қабақ астынан шығарып салды. Осы жолғы сәтсіздікті кімнен көрерін білмей ішінен тынып отыр. «Қолапайсыз қыр дуадағына қайдан жуыдым», - деп ойлап, Аққұм бойындағы атасына ызаланып қояды.

Осы жолы ол түрікпен ішіндегі тентек ру - Текежәуміттің іргелі, ірі байының жылқысына көз тікті. Бұл байдың аты шулы Жөнеуіт ханмен астарлас екенін біліп, жалғыз аттануға жүрексінді. Жігіттеріне шөп шапқызған боп жаз бойы жағада жатқанда, ол бір жағынан осы жайды да көздеп жатты. Аяққұм бойындағы қайын атасына сенімді кісісін жіберіп, астыртын сөйлесіп, келісіп алды да, бұл жолы түрікпен жеріне қарулы қол аттандырды. Екі жағы да ең бір жау түсіргіш, мықты жігіттерін сайлап шығарып еді.

Тәңірберген жақтан Қалау бастаған он жігіт атқа қонды. Көбі қырдан келген кірмелер. Тәңірберген өз жігіттерін таң алдында, ел шырт ұйқыда жатқанда атқа отырғызды. Аттанар алдында Қалауды оңашалап шығарып алып, сақтық жайын қатты ескерткен-ді. Түрікпендер таң, алдында жылқыға тиген жауды біліп қап, белдеуде тұрған аттарына міне - міне қуыпты. Тәңірбергеннің жігіттері көнбеген; және қарабайыр қазақы аттардан түрі бөлек түрікпен жылқыларын көргесін Тілеу - Қабақ жігіттерінің көзі қызығып, желігіп кетіп, әншейіндегі жау түсіргіш содырлығына басқан; жылқышы ілгері оздырып жібергенде, жүйрік атты жиырма-отыз жігіт ізін өкшелеп келе жатқан қуғыншыларға қарсы шауыпты...

− Абыройсыз қалдық. Сол дуадаққа жоламау керек еді... - деп Тәңірберген ішінен опық жеумен болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий