Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кешке Төлеу келді. Сол бойда Дос оны ауыл шетіне алып шығып, өзі жоқта үйінде болған оқиғаны айтып келе жатыр еді, Төлеу оны тыңдамай:

− Қайтесің, бұл араға араласып. Обалы жоқ. Өзіне де со керек, - деп тұрып жүре берді.

* * *

Төлеудің үйі қазір кәдімгідей қоңданып қалған-ды. Төлеудің өзінен гөрі Тәңірбергеннің қосшылығында жүрген інісі - Қалау әлдеқайда табыскер. Мырзаға еріп қалаға барған сайын қолы құр қайтпайды. Таңа құрығанда қоржынның екі басын шай - шекерге сидалап әкеледі. Ел іші мұнша мол табысты жаман Қалаудың бойына сыйымсыз көреді. Ал Қарақатын мен Судыр Ахмет сияқтылар әр саққа жүгіртіп жатқанда, Қалау қалаға соңғы барғанында мақпалдан бешпет, шалбар, екі жеңгесі мен бөпелеріне көйлек-көншек әкеліп аз ғана уақыттың ішінде үй ішінің иығы бүтінделіп қалды. Осы сапарда Қалау, әсіресе, қарындасын қарық қып, атлас көйлек, көк сауыр кебіс, мақпал қамзол әкелді. Мұның бәрі бұрын Айғаншаның өңі түгіл түсіне де кірмеген-ді. Қоныс ауып теңіз жағасына көшіп келгеннен бері қыз басымен бір үйлі жанның тауқыметін бір өзі мойнына алып, лабазда жұмыс істегелі жоқтыққа бойы үйреніп алғасын тіпті бап талғамады; осы өңірдің балықшыларындай иығына ілінгенді киіп, қалай болса солай жүрем деп өзінің қыз екенін де ұмытып кеткен еді.

Кіші ағасы әкелген киіммен бірге қыз көңілі қоса түлегендей. Дәл мынадай қала тігіншісі тіккен шапшаң, ып - ықшам киімдерді кигенде қыз мүшесі жұтынып шыға келді. Айрықша, қынамалы көк мақпал қамзол қыз белін қылдырықтай қып үзілдіріп, бұрын кең киімнен байқалмайтын кеудесі кенет қатты көтеріліп, қос жұдырықтай томпайып, атлас көйлек астында өзі де азырақ қысылып қап, екі бетінен оты шығып дуылдап тұрып, дыбысын шығармай тұншыға күліп жіберді. Өзінің қыз екенін алғаш рет осы арада мақтанышпен қуана сезіп, қара көзі шоқтай жайнап кетті.

Аға-жеңгесінің алдында әншейінде иба сақтап отыратын әдепті қыз осы жолы ешкімнен именген жоқ; қаласа тіпті өзінің қыз екенін, бойжеткенін, киінгенді жақсы көретінін де жасырғысы келмеді.

− Жеңеше, жараса ма? - деді сәнді бойын жеңгесінің алдына тосып.

− Құтты болсын. Өзіңе өлшеп тіккендей, шап - шақ - ау, шап - шаң...

− Ағам келгенше мына ауылға барып қайтайын ба?

− Өзің біл, айналайын. Тек ағаңның көзіне түсіп қалма?! Сол ауылға барғаныңды жақтырмай жүр ғой.

Айғанша ағаларының Мөңкені ренжіткеніне ырза емес. Туған жерін тастап жағаға көшіп келгенде осы кісінің қол ұшын бергені жас қыздың есінде еді. Басқасы басқа, асымдық балыққа дейін екі үйдің қазанына бөліп сап отырғанын қалай ұмытады? Анасы әл үстінде жатқанда да Мөңке мен Әлиза кезек келіп, күндіз-түні қасында күзетіп отырды. Кейін анасы қайтыс болғасын да, осы екі жан қастарында болды. Ең аяғы қара суықта қатып қалған тоң жерді талай қарулы жігіт қаза алмай, кетпен жүзі тасқатигендей шақылдап жатқанда, осы Мөңке кеп: «Жақсы көретін жеңгем еді. Кәне, маған беріңдер», - деп қайланы қолына ап, анасының қабірін жалғыз өзі қазып шығып еді!

Айғанша Мөңке мен Әлизаны өлердей жақсы көреді. Жақсы көретінін ешкімнен жасырған да емес. Екі ағасының наразы болғанына қарамай, Мөңкенің үйіне қолы қалт етсе жетіп баратын. Еңбек ақысын алған сайын баласы жоқ жетім кемпірді елеп, бір-екі әшмөшке шай апарып беретін. Айғанша соны үй ішінен жасырғыштап қойнына қысып әкелгенде, Әлиза әрқашан тебіреніп кетіп:

− Айналайын, рахмет! Мұңсыз бол! Кешегі оз қолымнан жерлеген он қарағым тіріліп кеп, үстіме үй тігіп бергендей болды ғой, - деп маңдайынан сипайтын-ды.

Осы жолы Әлиза қуанышы қойнына сыймай жүгіріп келген қызға әлденеге тіксіне қарады:

− Шырағым-ау, не боп кеткенсің?

− Жараспай ма?

− Саған киім жарасар - ау... Тек бұны кім берді?

− Кіші ағам.

− Қалау ма? - деп Әлиза қайырып сұрады. Оның адам боп табыс тапқанына шүбә келтіргенін жасырмай тұр.

− Шын, шын айтам. Кіші ағам қаладан әкелді, - деді Айғанша қызарақтап.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий