Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жар басындағы балықшылар қазір екі ауыл. Бірі - Мөңке ауылы. Екіншісі - Дос ауылы. Досқа қараған ауылдың негізгі дені кешегі жылдары малы жұтқа ұшырап, күн көрісі қиындағасын теңізді сағалап көшіп келген кірмелер. Ішінде Төлеудің, Судыр Ахметтің үйі бар.

Дос ауылы атанған бұл ажарлы, мол ауылдың бас-аяғы жүзден астам. Екі ауылдың арасы онша қашық болмаса да, аралары суығасын ірге ашып, бөлек қонғалы бір- біріне қатынамайды. Тәңірбергенге арқа сүйеген Дос пен Төлеу қазір Мөңкеге қарсы тізе қосып, көп кедейді төңірегіне топтап алыпты. Өздері күйлі. Тәңірберген бәріне бір-бір сиыр, бір-бір түйе, бие берген. Құрығаны қой-ешкі сауады.

Дос пен Төлеудің қатын-балаларының аузы аққа тиген. Олардан басқалары күрпітіп ағарған ашытпаса да, шайына сүт қатып, көже, быламығын бозартып отыр екен. Бұлар бірыңғай теңізге иек артпай, тірлігінің бір ұшы малда кетіпті. Күнде ертеңгісін өріске мал өргізерде ауыл үсті шаң - шұң айқай, ұрыс - керіс. Ұрыс шығаратын Судыр Ахмет пен Қарақатын. Осы ыстықта күнге күйіп жүргісі келмей, кезегі келсе де, жоқты сылтау қып сөз шығарады.

Судыр Ахмет бүгін де бір сылтау тауып, өзінің орнына әйелін малға жіберді де, теңіз өңірінің осынау аспан айналып жерге түскендей шыжғырған ыстығында сыртқа шықпай, салқын үйде жатыр еді. Сол үстіне Тәңірбергеннің бір жігіті келді. Екеуі азырақ шүйіркелесті де өзара бір пәтуаға келгендей, шалғайларын қағып түрегелді. Судыр Ахмет алар аңын көргендей, ұры тышқан көзі жылтыңдап кетті. Тәңірберген жіберген жігіттің алдына түсіп, дедектеп сыртқа жүгіріп шықты. Өзі әлденеге мәз. Шықылықтап күлген бойы жалаң аяғымен май топырақты бұрқ - бұрқ басып есік алдында байлаулы тұрған ірі қара атқа барды. Тәңірбергеннің жігіті бірдеңе деп еді; бірақ ықыласы басқа жаққа ауып кеткен Судыр Ахмет оның өзін де, сөзін де тыңдамай, жалақтап қара аттың алды-артына шықты.

− Е- е, айта бер. Құлағым сенде, - деп, ана жігітті сөйлетіп қойды да, аттың аузын ашты, тісін көрді. «Ой, әттеген - ай, көрі жылқы екен», — деп, санын соқты. Ол бірақ өзіне жамандық жуытпайтын әдетпен жүдеу көңіліне жұбаныш тауып: «Менің қайбір ақы -пұлым күйіп барады?! Әйтеуір жоқтан... қара жаяудан тәуір ғой. Ауыл арасында аяқ артуға жараса болды да. Кім бұның аузын ашып, тісін көріп жатар дейсің?.. Түріне қарайды да, «пай-пай ат болғаныңа болайын! Жануар есік пен төрдей екен», - деп пошымына сүйсінеді ғой. Соңыра сау болса, бұл нар қара «Ахметтің қара аты» атанып кетеді-ау. Пай-пай, ауызға толығын - ай. Жә, жә, арқасы құтты болсын», - деп ойлады да, Тәңірберген жіберген жігіттің қолын ұстап, алақанына алақанымен шарт еткізіп салып қалды:

− Сөзім сөз. Мырзаңа сәлем айт, білуші Алла... бәрін, бәрін реттеймін.

− Сөзіңді жұтпассың...

− Ay, ау, бұл Ахаң айтпайды, айтқасын сөзінен қайтпайды ғой.

− Ал, сау бол!

− Сау бол! Сау бол!

Тәңірбергеннің жігіті жүріп кетті. Судыр Ахмет қара аттың жанынан шыға алмай, қипақтап - сипақтап жүргенде қасына Дос келді. Соңында екі-үш балықшы.

− Ал, ат құтты болсын.

− Рахмет!.. Рахмет!..

− Тәңірбергеннің арқасында тақымың атқа тиді. Жүрімің ұзарды.

− Сөз бар ма?! Ойбай-ау, Тәңірбергенжан өлген ата-анаңды тірілтіп бермеді демесең, адам қолынан келер жақсылықты шаш-етектен келтіріп жатыр ғой.

− Жануар, өзі де есік пен төрдей екен. Енді мұның құйрығын майламайсың ба?!

Судыр Ахмет басқадан ішіп - жегенде болмаса, өз басы шығымсыз, үйінен қара су да татырмайтын. Қолға түскісі келмегенде тез жөн табатын жылпостығына бақты:

− Несін айтасың, Тәңірбергенжан жарылқап жатыр ғой. Құдай бермегенді... Ау, Дос - ау, Тәңірбергенжан берді емес пе? Ең аяғы мына Төлеудің жаман інісін де жетекке алып, қара нардай сүйреп, кеудедегі бір кісінің қатарына шығарған жоқ па? Жарлыңды жарылқап, жаманыңды адам етсе, кәне... Кәне, айтшы... айтыңдаршы, мырзаға қалай жаныңды бермессің? А?.. А?

Осы сәтте шеткі үйлердің бірінен шаңқылдаған дауыс шығып, бұлар елеңдеп қалды.

− Төбелестен сау ма?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий