Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан қарсы баурайдан қиялап көтеріліп бара жатып, түнде өзі түнеп шыққан сай бойына көз салып еді; шөбі күйген сұрқай далаға қарағанда, мына сайдың реңі тіпті басқа. Сай табанынан мөлтілдеп бұлақ аққан ана бір тұстағы қалың қауды ол жаңа ат омырауымен жарып өткенде көзі шалып еді, бұлақ бойын қуалап өскен қызыл сирақ тобылғы жасыл сабат арасынан бой созып, таң шапағымен алаулап, өрттей жанып, бір қапылыста қыз белінен түсіп қалған қызыл торғын белбеу сияқтанды.

Түндегі байғыз есіне түсті. Сосын тағы да бұрылып, артта қалып бара жатқан сайдың арғы бетіне көз тастап еді. Түндегі қисыны дұрысқа соғыпты. Шынында, сайдың арғы қабағында жалғыз тас бейіт қалқияды. Құдай біледі, бұл тегі Тәңірбергеннің әкесі -Абыралының бейіті. Ендеше, мынау кәмілсіз Тобылғылы сай. Кешегі жылдары Құдайменде аулының мал жайы мен Ұлықұмды өрлей көшіп, алты ай жаз табаны аумастан Тілеу - қабақ жерін жайлап, сонан күзге қарай қыстауға қайтқанда ғана жолшыбай біраз ерулеп кететін күздігі - малды ауылдың мықты бір белкөтермесі осы сай болатын. Еламан бай ауылда жылқышы болған жас кезін еске алды. Жеті жыл жылқышы болды. О да ізсіз өткен өмір. Не істеді? Не тындырды? Келешекте не істейді? Туған жерге келе жатыр. Жерлестермен кездеседі.

Апақ - шапақ болады. Сосын... Сонан кейінгі тірлік ше? Тағы да балықшы бола ма? Еламан мырс етті.

Туған жер! Нелер заманнан ата - бабалар жайлап, ұрпақ өсірген, өскен, өнген жер. Кішкентай ел кең далаға сыймай, бірін - бірі сауырлап талап, қырқысып өмір кешті. Сонда ол не өзі үшін, не келешек, кейінгі ұрпақ үшін не істеді? Нені тындырды? Қай арманына қолы жетті? Ат арқасы, түйе қомында өткен тірлікте не қасиет бар еді? Ал мал барымталады. Жер даулады. Қыз алып қашты. Онан басқа әрекет болды ма? Мына далаға қарашы, жалғыз жортқан жолаушыға түк білмегенсіп меңіреуленіп, мелшиеді де жатады. Сонда өзіне тіл бітіріп сөйлетер ме еді! Сонда не дер еді? Қалағанына қосыла алмай, қалың - малға кеткен қыздың көз жасы, жігіттің зая кеткен өмірі, нақақ төгілген қаны тамбаған топырақ табылар ма екен бұл араларда?

Еламан күрсінді.

* * *

Түске тарта күн қатты ысыды. Еламан орамалмен аузын байлап алды. Ат шыдаса, қалай да құдығы бар бір жерге тезірек жеткісі кеп, топырақ тұғырды тебіне түсті. Күн төбеден ауа бере қара жалдың басына жаман тұғыр танау қағып ентігіп шыққанда, ар жағында, иек астында тұрған жалғыз қыстауды көрді. Жүрегі құрғыр әлденеге шым етіп, ескі қыстау -ескі таныстай көзіне оттай басылды: «Апыр - ай, - деді Еламан ішінен, - ұмытпаса, ана жылы Федоровты өлтіретінде інісі екеуін қыстың көзі қырауда Шалқарға айдап апара жатқанда жолшыбай осы үйге... Иә, иә, осы үйге тоқтаған еді ғой. Шұқырда отырған жалғыз үй... Тегі, бұл үйде сонан бері тірі жан қыстамаған. Төбесін қопарып, үрлік, шабағын сыпырып әкетіпті. Есік-терезелері үңірейіп, айдалада жалғыз үй отырған жандардың ыстық ұясының тас- талқаны шыққан.

Еламан тамағы бүлкілдеп, босаңсып бара жатқанын сезді де, өзін тежеп қалды. Қиын жол қажытты ма, кешеден бері көңілшек боп кетті.

Қандай жандар еді! Әсіресе, ер көңілді ана... Ана пақыр... Оның қызы да... Бұл інісі екеуі қол - аяқта темір кісен сылдырап, есіктен шыға бергенде, тап сол арада... сол айналайын жүгіріп кеп қоламтадан шыққан ыссы күлшені бұның қойнына тығып жіберіп еді. Кінәсіз жанның кішкентай ықыласы, соның өзі кіріптар кезде қарлығаштың қанатымен су тамызған жанқиярлығындай болып еді-ау!

− Қайда екен? Тірі ме? Тірі ме екен, пақырлар?

Еламан аттан түсті. Жол бойы тақымына басып келген мылтықты онсыз да бүлік басынан арылмай жатқан балықшылар аулына апарғысы келмеді де, иесіз қораның көзден тасалау бір түкпіріне тығып кетті. Былай шыға бере қираған ескі тамға бұрылып бір қарады. Ескі қыстау құласа да, бір заманда осы үйде өмір сүрген ғазиз жандар, кім біледі, тірі шығар.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий