Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан ыссы күлшенің шетінен бір үзіп ауыз тиді де, қайтарып берді:

− Балалар жесін...

Балалар Ақбаланың қасына кеп қылқиып тұрып алған-ды. Ақбала оларға нан ұстатып жатып суық жүзбен қарап еді, жым боп қолдарына ұстатқан күлшені жеуге де бата алмады.

− Барыңдар! Ойнаңдар! - деп Ақбала балаларды сыртқа шығарып жіберді де, қайтып келді. Еламан отырған көрпенің шет жағын ала отырып жатып кірпік астынан ақырын көз тастады. Еламан Ақбаланың айтатын әңгімесі барын сезді. Енді айтады - ау дегенде әлденеге іш толқынын билей алмай, жұбау жүзінде жасқаншақ күлкі күмілжіді. Демін ішіне жұтып үнсіз отырды да, кенет тез-тез сөйлеп кетті:

− Қайтейін, Құдайдан болған шығар... Баста бір қа - те - лес - тім...

− Құдайлық іс қой... қайтесің...

− Жоқ, жоқ... бәрі... менен. Артыңды күтпедім. Үйіңді құлаттым. Жөргектегі бір жапырақ балаңды тастап, қас жауыңа қатын үстіне шықтым. Мен... мен кінәлімін...

Ақбала алақанымен бетін басып, бүк түсіп отыра қап еңіреп қоя берді. Ара-арасында ащы өксікті ішіне тартқанда дәл бір жалын жұтқандай, екі иығының басы дір-дір етеді.

Еламан сазарып алған.

− Бәрі менен... Мен кінәлімін, - деді Ақбала солқылдап. Еламан жұбатпады. Ақбала жасын тыйды. Көңілін тоқтатып, тынышталып қайта сөйлегенде даусы салмақты шықты:

− Тым құрыса қонақасы бере алмадым. Қаладағы кісінің көрген күні осы. Желіде байлаулы мал жоқ. Бәріміз бір кісінің... - дей берді де, тоқтады. «Жұрттың айтып жүргені рас болғаны ма?» - деп ойлады Еламан.

Әңгімелері жараспады. Үнсіз отыру екеуіне де ыңғайсыз бола бастады.

− Ол өзі... қайда істеуші еді? - деді Еламан.

− Ешқайда... Бос.

− Жұмыс табылмай жүр ме?

− Білмеймін.

Еламан Ақбаланың жанына бататын жайға баспады; Тәңірбергенді тілінің ұшына да алмады. Сонысы үшін Ақбала оған алғыспен ұзағырақ қарап отырды да, көзін тайдырып әкетті. Еркектен гөрі әйел көзі қырағы болса қырағы болатын шығар: Ақбала баяғыдағы балықшы жігіттің бойындағы иненің жасуындай өзгерістің бәрін байқады: қолпылдаған қазақы киімнен орыс қол киімі қонымды екен. Қара мұрт қалың өсіпті. Жалданып тұратын дөңес мұрын, үлкен ауыз қашан да болса оның кесек бітімінен жарасымды үйлес тауып, еңгезердей жігіттің ер пішінін ірілеп тұратын. Бұрынғыдай емес, қазір бет - өңіне суық ажар пайда бопты. Тұнжыраған қабақтың дәл астынан кісі өңіне сазарып қарайтын үлкен ала көздің алдын ұсақ әжім торлаған. Қос самайда қылаң берген ақ шаш та жайшылықта ішін аша бермейтін осы бір мейлінше ұстамды жігіттің кейінгі жылдары талай қиындықты басынан кешкенін паш еткендей. Осы әжімдерден әйел өзінің қиянаттарының ізін көргендей, көзін тартып алды. Қайта қарауға дәті шыдамады да, әңгімелері бітіп қалған-ды. Еламан қоштасып шығып кетті. Көп ұзамай Ақбала да көшеге шықты. Неге екені белгісіз, қараптан - қарап көкірегін өксік қысып, еңіреп жылап келеді. Ойламайын десе де, Еламан есіне түсе берді. Ана жолғы кездескені секілді бұл жолы да өзінің көңілі басылып, сезімі ауырлап, өзіне де, оған да ырза болмай келеді. «Құрысыншы. Құрып қалсыншы бәрі», - деді. Ақбала бәрінен түңіліп, бар дүниеден баз кешкендей болып.

* * *

Еламан да іші-бауыры ит талағандай, өзінен-өзі жаны жабырқап келе жатыр еді; Теміркенің көк дүкеніне қарай бұрыла бергенде алдынан ұзын сары шықты. Еламан ә дегенде оған көз салмай, өтіп кеткісі келді де, кенет тоқтай қалды.

− Жұмыс таптың ба?

− Жоқ...

− Темір жол бойында істер ме едің?

− Ойбай, шырағым - ау... жұмыс таңдайтын заман ба... Былай, әйтеуір... күнкөріске...

− Ендеше, жүр.

Бұлар депоға келді. Неге екені белгісіз, бұндағы жұрттың бәрі тұнжырап қабағы түсіп кетіпті; бірде - бірі бұған назар аудармай, әркім өзімен-өзі, үн - түнсіз жұмыстарын істей берді. Бұндай жағдайда ұзын сарыны жетелеп, салып ұрып Мюлгаузинге жетіп баруға бұ да батылы бармады да, әуелі Ознобинді іздеп тапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий