Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы күндері Ақбала өзін жанып сөнгендей сезініп жүрген-ді. Қалаға келгелі әйел болып әлі бір еркекке көңілі ауып, не көзі түскен, не назар аударған емес. Соған өзі таңғалып, шынында да «сөніп қалғаннан саумын ба? » - деп ойлайтын. Әнуар кетіп, оңаша үйде кешегі күйеуімен екеуден екеуі қалғасын, үй ішінен кенет еркек иісі аңқып қоя берді. Және қасында, небәрі, болып болғаны бұның өзінен қол созымдай ғана жерде қысылғаннан о да бұның дәл өзі сияқты қара жерге кіре жаздап жатқан осы жігітпен екеуі бірге тұрған баяғы бір кез есіне түсті. Сол кезде өздері «жылауық» деп ат қойған алқам -салқам есікті ол балықтан қайтқанда күнде-күнде сықырлатып ашып кіріп келе жататын. Балық салған қолындағы торды отын үстіне тастай салатын. Күні бойы құлазып тұрған үйге онымен бірге тірлік те ере келіп, тұла бойындағы киімнен тер иісі, балық иісі аңқып қоя берген осы бір еркектің кесек ірі денесін, күректей қолының күс-күс алақанын сезетін сияқты. Онан сайын бұрынғы күйеуімен екеуден екеуі оңаша қалатын сол күндерді бар жанымен анық сезіп, осы қазір дәл бір жігіті күткен қыздай жүрегі құрғыр лүпілдеп, тұла бойын діріл билеп барады. Бірақ қозғалмады.

Еламан да тырп етпеді. Ақбала жаққа бірер рет көз қиығын жасқаншақтай тастады. Екеуінің арасында үш бала танауы пысылдап қаннен - қаперсіз ұйықтап жатыр. Ал мына балалардың ар жағында тымсырайып үн-түнсіз жатқан келіншектің денесі үй ішіндегі ала көлеңкеде көмескілеу бозғылданады. Еламан жеңіл көрпе астынан жас келіншектің ақырын тыныстап, көтеріліп - басылған кеудесі мен онан да басқа мүсінін анық көріп, тұла бойын тәтті құмарлық билеп, денесі дірілдеп, көзі тұманданып кете берді. «Құдай-ау... енді қайттім?»

Тағдыр салған шарасыздыққа көніп, бұл дүниедегі ең бір жақсы көретін әйелдің жанында жатып та қозғала алмады. Үй ішіне жарық түскесін Ақбала түрегелді. Еламанның ояу жатқанын біліп, ол жаққа әдейі көз салмады. Шамасы келгенше сыр алдырмауға тырысып, әр қимылын іштей қадағалап ақырын қозғалып жүр. Еламан басын көтерді.

− Ақ - ба - ла!..

Ақбала тоқтай қалды. Өз атын оның аузынан естігенде әлдебір тәтті у қанына тарағандай тұла бойы шымырлап кетті. Даусы шығып та кете жаздап, тек өзін тежеп ұстап қалды. Онда да демін ішіне тартып, өліктей қуарып, ернін қырқа тістеп алды да, тай ана көк жал дүкен алдында жолыққандағыдай, бір ауыз тілге келмей сыртқа беттеп кетіп барады. Сыртқа қалай шықты, солай бүкіл денесі тарқатылған жіптей, бірден сүлдері құрып босағаға бетін басып тұра қалды. Дыбысын шығармай солқылдап жылады. Ыстық алақанынан мұздай жас жылып, ағып, жеңіне сорғалап бара жатты.

* * *

Түндегі оқиға есіне түскенде Еламан басын жастықтан көтеріп алды. Тез-тез киінді. Енді тек үн - түнсіз шығып кетуді лайық көрмей, сыртта жүрген Ақбаланы тосып отырғанда сықыр етіп есік ашылды.

Еламан қарсы барды:

− Рахмет, Ақбала! Түнде... сен болмағанда... - Ақбала оның ауыз ашқанын қаламай, қолымен дәрменсіз қарсылық көрсеткендей болды. Еламан өзінен бетін алып қашып қырындай берген Ақбаланың мұңға толы ажарына қарап: « Мынау баяғы Ақбала ғой. Өзгермепті ғой», - деді ішінен. Ол енді өзінің баяғыда жан - тәнімен жақсы көрген Ақбаласымен қайта қауышып, оның дәл осы қазір басындағы бар мұңы, бар- бар қиындығы, қасірет - қайғысымен бәрін - бәрін бүтіндей құшақтап, қатты қысып тұрып сүйіп алғысы кеп еді. Бірақ оған да дәті бармады.

Ақбала ат жақты. Шай қойды. Кешегі он теңгеге алған екі қадақ ұнның соңын қағып күлше пісіріп еді. Ошақта маздаған от пен тандырға пісірген ыссы нан иісінен жұпыны, жүдеу үй іші әп - сәтте көңілденіп, шырт ұйқыда жатқан балалар оянып, төсектен мойны қылқиып түрегелді. Үлесінен құр қалғандай, ояна сала үш баланың үшеуі бірдей ыссы нан иісі шыққан жаққа мойнын созып, көзімен жеп барады. Ақбала кісі көзінше үндей алмаса да, бірақ ішінен тынып: «Бауырымды жарып шыққан балаларым бұйырмай, қу Құдайдың... енді кісі баласының күйігін тартқызып қойғанын қайтейін», - деді ішінен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий