Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала сыртқа шықты. Неге шыққанын білмеді. Шыққаннан кейін де қайда барарын, барғанда не істеп, не қоярын білмей, басы зеңіп тұрды да, беті ауған жаққа аяғы алып келе жатқан-ды. Қайда бара жатқанын білмеді. Қанша жүргенін де білген жоқ-ты. Кенет даланы басына көтерген абыр-дабыр, азан - қазаннан онсыз да қатты шуылдап келе жатқан құлағын баса жаздап, қалт етіп тұра қалды. Назарын тіктеп көз салса сапырылысқан ығы-жығы халық. Солардың арасынан аттылы - түйелі ел қазақтары да көрінді. Түсін шырамытқан бірлі - жарым болмаса жыға танитын ешкім кездеспеді. Қақтығысқан, соқтығысқан халықтың арасында біраз жүргесін басы айналды ма, миы мөңгірді ме, үйге қайтқысы келді. Қалаға жақын - жуықтағы ауылдардан меске шайқалып келген қымыздың, шұбаттың иісі, майға пісірген, тандырға пісірген ыссы нан иісі, сары шілденің бір сәт толастамай, осыдан күні бойы ұйытқып соғатын да тұратын аптап желі, жаңағы тағамдардың иісі жан-жағынан үзбей келіп, басы айналды ма, тас төбеге келген өрттей ыстық тапжылмай шақырайып тұрып алды ма, тағы да бір-екі рет тәлтіректеп кетті. Сапырылысқан мың сан аяқтан ұшқан шаң да бұрқылдап, сары табан болған базар түс ауа тіпті қыж - қыж қайнап қапырық боп барады. Кешеден бері нәр татпағанына қарамастан Ақбаланы қазір көбіне - көп шөл қинады.

Күн кешке тақады. Құжынаған көп халықтың шет жағы сөгілгені болмаса, алармандар, сатармандар әлі көп. Қазір ақшасыз шерменделер кетіп, бірыңғай қалталылар мен жалақтаған жалдаптар сақадай екшеліп шыққан. Сауда - саттық та жанданып, базардағы халық та бір түрлі құйқылжып, жаны дызығып әрлі-берлі жосып кетті.

Ақбала кеткісі келді. Қолына ештеңе түсіре алмасына көзі әбден жетсе де, базардан әлденеше рет кеткісі, шыға қашқысы келсе де, бірақ соның бәрінде де әлденеге жіпсіз байланып қала берді. Сүйтіп жүріп бір кезде базардың ық жағына шығып кетті ме, тағы да ыстық нан мен жаймада тұрған неше түрлі тәтті тағам иісі аңқып қоя берді. Тағам иістері оған тағы да үйде қалған аш балаларды есіне салды. Басы айналғасын көзін жұмып, басын ұстап тұра қалды. Көзін ашуға қорықты. Көзін ашса тағы да жаймадағы әлгі тағамдарды көріп, тағы да зығыры қайнарын білді. Қолға түспейтін тірі күйіктерді көргісі келмеді де, қақтыққан - соқтыққандардың арасында көзін жерден көтермей, аяғын ілбіп басып келе жатқан-ды. Кенет төбеге ұрғандай тұра қалды; «О, Тәңірім...» - деп, дәл бір аруаққа сиынғандай түсі қаша күбірлеп, қуанғаны, әлде қорыққаны белгісіз, көзі түскен нәрсенің алдында тұла бойы түгел дірілдеп кетті; сәл кідірсе басқа біреу көріп қалатындай, май топырақ арасынан шеті шығып жатқан он теңгені табанымен баса қалды; тап бір тышқан інін табанымен басқан пілдей, тырп етпей тұр; көзінің қиығымен жан - жағына абайлап қарап еді, ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ, баяғыдай ет сатқан, айран сатқан, нан сатқан жаймаларда үйме-жүйме, ығы - жығы, опыр-топыр халық. Сол баяғы абыр - сабыр, ынжық арасында қақырайған картузды бір шекесіне қисайта киген мұртты полисей қамшы ұстаған қолымен бүйірін таянып алыпты. Бұнымен оның да ісі жоқ. Қайта ар жағындағы опыр - топырға одырая қарап, ата қаздай қоқиланып тұр екен. Ептеп жүрегі орнына түскен Ақбала: «Иә, Құдай, Өзің жар бол! Өзің қолда! Қолдай көр!» - деп тілі жеткенше Тәңірге жалбарынды.

Кенет бір суық ой жүрегіне шауып, мына ығы - жығы халықтың, жаңағы мұртты полисейдің өп-өтірік түк білмегенсіп теріс қарап тұрғаны тегін емес сияқтанды. Бұны сынау үшін әдейі істеп тұрмаса не қылсын?

Базардан шыға қашқысы келсе де, тек сол арада үйде қалған балалар есіне түсіп, өзін әзер тоқтатты. Сол кезде нан сатып жүрген бір кемпір анадайдан қолындағы ыстық шелпекті жер - көкке сыйғызбай мақтап, жарияға жар салып, тұп - тура бұған ойыстап келе жатты:

− Жаңа піскен нан. Өзі арзан. Он теңге!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий