Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көшеде кісі аяғы басылса да, бүл үйде әлі бір жан қыбыр етпеді. Керек десе шам жақпады. Еламан, Ақбала екеуі екі жерде тұр. Ақбала тым - тырыс үйде қаттырақ дем алуға да қорықты. Қозғалайын десе құлап қалатындай сезді. Өңі, әлде түсі екенін де біліп тұрған жоқ.

Бір кезде үйде өзінен басқа әйелдің жоғы есіне түсті де, үнсіз қозғалып төсек қамдады. Қараңғыда жолда тұрған шелекті қағып кетті. Бос шелек даңғыр еткенде, үшеуі де дір етті. Ақбала сәл бөгеліп, шелекті жолдан былай алып қойды. Еламан мен Әнуарға төсекті бірге салып, өзі балалардың қасына қисайды. «Жұрттың айтып жүргені бекер болғаны ма?» -деді Еламан ішінен. Қалай болғанда да Ақбаланың мына сүмелек сарымен бірге жатпағанына дән ырза. Көріп тұр, үй иесі қой аузынан шөп алмайтын момын. Сонан келе, адал асты арамдап кеткендей, салған жерден осы сүмелек сарыны суданы сүймей, өз денесіне оның бір жері тиіп кетсе де мұз қарып алғандай түршігіп қап жатқан-ды. Үй іргесінен біреулер жүгіріп өтті. «Мені іздеп жүрген біреу - міреу ме екен? Мюлгаузин қайда екен? Қалайда әлгі қысылтаяңда қуғыншылардың бетін олардан аударып, өзімнің соңыма салып әкеткенім дұрыс болды».

Еламан көзінен ұйқы қашып, әлі де болса ойы онға шауып жатыр. «Бізді қалай біліп қалды?» - деген ой басынан кетпеді? Ә дегенде бәрі ойдағыдай басталып еді. Қала шырт ұйқыда. Тек бұлар қараңғыны жамылып темір жолға жақындай бергенде станса жақтан паровоз айқайлады. Тосын шыққан ащы дауыстан дір етті. Қасында өзімен бірге келе жатқан Мюлгаузиннен көз жазбай, шалғайласып келеді. Көптен бері бұған көңілі салқындап жүргенде, осы істің тұсында аяқ астынан бұған қалай сенім білдіріп қасына алғанына қайран.

Темір жолды кесіп өткесін, таса - тасаны бетке ұстап бұқпақтап кеп оқшау тұрған тас үйдің іргесіне жата - жата қалды. Тас үйдің алдындағы жалғыз фонар жел астында ақырын шайқалады. Қараңғыда бауырына түскен сәуле де дір - дір етіп, шаммен қоса шайқалып тұр. «Күзетші қайда?» - деп ойлағанша болмай, бұлар көз тіккен жақтан біреу шам сәулесіне жақындап келе жатты. - Маған ұлықсат етші! - деді Еламан. Мюлгаузин түрік майданында талай-талай жау шебіне өтіп тіл әкелген-ді. Осы жолы да сол машықпен қара кездікті бел ортасынан тістеді де, жер бауырлап еңбектей жөнелді. Қапелімде қараңғыға сіңіп, бұлар оның қарасынан көз жазып қалып еді; сүйтсе ол күзетшіге жақындап барып, бір бұтаны қалқалап бетке ұстап бұғып жата қапты. Есіл - дерті күзетшіде боп, онан көз айырмай аңдысып жатып консервіден босаған қалбырды байқамапты. Күзетші қолынан түсіп кеткен әлдебірдеңеге еңкейіп ала бергенде, бұл бұғып жатқан жерден атып тұрған екен, әлгі қаңылтыр қалбырды аяғы қағып даңғыр етіпті. Солдаттар оянып, мылтық атылыпты. Оқтар қараңғы түнді түйреп зу - зу. Қашқандар мен қуғандардың аяғының дүрсілі. Айқай-сүрең. Тарс-тарс атыс.

Мюлгаузиннің соңынан тұра жүгірген Еламан көз байлаған тастай қараңғыда күзетші солдаттың өлігіне сүрініп құлай жаздап, жер таяна бергенде қолына бесатар іліккен еді...

Тағы біреулер терезенің алдынан жүгіріп өтті. Көңілге болмаса бір- екі кісі Еламан тығылып жатқан үйдің іргесіне жабысып күбір-күбір сөйлесетін секілді. Еламан жаңа төсек - көрпе астына тыға салған мылтықтың мұздай теміріне қолы тигесін ғана көңілі сабасына түсті. Сол екі арада жазғы таң да саз берді. Терезеге тұтқан ескі шапанның шалғайынан алғашқы сәуле сығалады. Әнуар жөтелді. Сосын басын көтерді. Сосын өз денесін өзі ауырлағандай, сүлеленіп түрегелді. Ешкімге көз салмай, солбырайып есіктен шығып барады. Оны Еламанның салқын қабақ астынан жөнелтіп салғанын байқаған Ақбала қараптан - қарап әлденеге қысылып, өзінің бұнда баспана үшін тұрып жатқанын айтқысы кеп кетті. Бірақ оны қалай айтарын білмеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий