Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мені қайтесің. Басың жас, балаларыңа - ана, өзіңе - жар бол атын жөні түзу әйел табарсың. Қыздай қосылған күйеуіне опа бермеген жан саған не опа беретін еді?.. Қош бол, Әнуар.

− Жо - жо - қ... не дегенің... жібермеймін...

Ақбала киім-кешегін жиыстырып алды да, көздері жәудіреп тұрған үш балаға бұрылды.

− Ал, айналайындар, сау болыңдар... - деп, бұйығы балаларды бауырына тартып бетінен сүймек боп еңкейгенде, көзі олардың көзіне түсіп еді; естияр екі баланың иегі кемсеңдеп, өкіріп жылап жіберуге аз-ақ тұр екен. Ақбала олардың көзінен мөлтілдеген жасты көргенде ғана осы сәттегі өзінің қатал ойынан шошып кетті. Қолындағы түйіншекті лақтырып жіберді де, жалма-жан тізерлеп отыра қап, бауырына тығылған жетім балалардың бәрін қаусырып құшақтай алды.

− Aнa... ана, кетпеші.

− Кетпеймін... Айна - ла - йын... Ендігі жерде не көрсем де сендермен бірдей көрем.

* * *

Әнуар жұмыстан бүгін күндегіден ерте қайтты. Қабағы түсіп кеткен. Осы келе жатқанда ол қаланың қапырық ауасын, қолқа атқан күйген кесек иісін сезген жоқ. Теміркенің көк дүкенін айнала бергенде, ар жағынан арбаның доңғалағындай, басы - аяғы домаланған біреу шыға келді. Әнуар әдепкіде мынаның кісі екенін, әлде шыныменен арбаның доңғалағы екенін айыра алмай, көзін уқалап жіберді. «Бұл пәлеге қайдан кездестім?.. Апыр-ай! Апыр-ай, қарызын сұрамаса не қылсын », - деді Әнуар бұның қарасын көргеннен қипақтап.

Бұ да осы қаланың Теміркеден кейінгі бай кісісі. Бұның да қалада дүкені бар. Және Қазалы, Қамбаштың балығын ешкіммен бөліспей, бір қолдан сатып алып, вагон -вагонымен Орынбор, Орскіге жөнелтіп жатады.

− Ә, Әнуар әфанда, - деді татар байы. Әнуар көзін көтермей, қолымен құйрығын сипалақ қипақтап тұр.

− Көрінбей кеттің ғой? Қалайсың? Байыдың ба?

Біз... Бізге ондай қайда?

− Түсің қандай боп-боз. Ии, сорлы балақай, ауырып тұрсың әлі. Үйіңе бар. Жат. Хе - хе... Сенің қатының бик, бик матур, вит.

− Жо... жоқ, ол... ол менікі емес.

− Син еще қусың. Жасырасың. Иари... Иари. Матур қатыныңа сәлем айт!

Сүйдеп тағы да күлді де, қоштасар жерде түсін суытып «қарызыңды қайтар, сен созып барасың. Ул инди ярами. Ярами», - деді де, құдды біреу ылдиға қарай итеріп, домалатып жіберген дәл бір арбаның доңғалағындай домалап ала жөнелді.

Әкесін көргенде үш бала бәрі бірдей орындарынан ұшып тұрды. Әнуар сыртқа шыға қашқысы келгендей, есіктен аттай бере қалт етіп тұра қалды. Құдды кінәлі кісідей, жас балалардың жәудіреген көзіне тура қарай алмай, сырт айналып кетті. Ақбала оның жұмысқа бара сала ізінше тез қайтып келгеніне таң қалды. Бірақ үндемеді. Әнуар да аузын ашпады.

Бұл үй бүгін де қазан көтермеді. Бір жан жақ ашпады. Күннің қызылы сөнер - сөнбестен үн-түнсіз әркім отырған жеріне қисая кеткен-ді. Ертеңіне балалар ерте оянып, қышқылдапас сұрай бергесін, Ақбала төсектен басын көтерді. Үш баланың ар жағында бетін іргеге беріп бүктетіліп жатқан ұзын сарының жұмысқа баратын уақыты болса да, төсектен тұрмай жатқанын көріп:

− Тұрмайсың ба? - деп еді, Әнуар басын көтерді:

− Тұрайын ба? Тұр десең, жарайт, жарайт, тұ-рай-ын.

− Өзің біл. Мен тек жұмысқа баратын уақыт болғасын айтып жатырмын.

− Жұмыс... Қап, кеше айтуым керек еді.

− Нені?..

− Аузым бармады. Сені... балаларды аядым. - «Мына сорлы не деп тұр? » Ақбала түкке түсінбесе де, бірақ бұның ар жағында қандай да айтуға аузы бармай тұрған әлдене барын байқап, іші мұздап кетті:

− Жұмыстан қуғаннан сау ма?

− Жо... жоқ. Жұмыстан қуған жоқ.

− Сонда не?

− Не - е... не дегенде... Анада ауырдым ғой. Сонда... орныма адам алып қойыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий