Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мұнда келіп жұмыс істеп жатыр екенсің, жолдасыңның дені орыс екен. Сырын білмейтін халқым. Тек ертеректе көп білетін бір ғұлама кісінің: «Өнерді орыстан үйрен» -деген сөзі құлағымда қалып еді. Жас та болсаң өмірдің ойы мен қырын көрдің. Сен татпаған зәр қалды ма?! - деп қария кеудесін кере күрсініп алды да: - Біз білмейтін жаңа бір жолға түсіпсің. Замана жолы ғой! Теңіз кешіп, тор сүйреткеннен жаман болмас. Қай заманда да өнерлі озған. Тәңірім алдыңнан жарылқасын! Бізге қарайлаймын деп, бұта түбіне аяғынан оралған торғайдай боп жүрмегейсің. Елге иек сүйегесін, шүкір, біз де жаман емеспіз. Азын-аулақ мал - тегене бар, - деп жақсылық пен жамандықты жер түбінен ойлайтын ақылгөй қария Еламанның қол - аяғынан тұсауды алып кетті.

* * *

Есбол атасы кеткелі Еламан өзінің жалғыздығын анық сезді. Ешқайда бармады. Ешкіммен кездеспеді. Жұмыстан шықса, үйге келеді. Үйде де тіл тауып шүйіркелесетін кісі жоқ. Маша кешке қарай Селивановпен қыдырып кетеді. Мюлгаузин үйде аз болады. Ал кемпір шіркеуге барғанда болмаса, қалған уақыттың бәрінде де үйде. Оқтаудай тіп - тік денесін қара киімге малындырып, үй ішінде үн-түнсіз, аяғын дыбыс шығармай, мысықша басып келе жатқанда Еламан әрқашан бой тасалап тығыла қалғысы келетін. Кісіге назар аударып қарамаса да, бет алабы құдды табытта көзі ашық жатқан өліктей, адам жаны түршіккендей ызғар шашатын.

Еламан атасы кеткесін кішкентай қаланың бірыңғай қазақтар тұратын шет жағынан үй іздеді, бірақ бәрі де балалы - шағалы, бір бөлме, мықтағанда екі бөлмеде тығылысып отырады екен.

Салы судан шығып шаршаған Еламан үйге келсе, есік алдында Мюлгаузин тұр. Шамасы, бұнымен сөйлескісі кеп сыртта тосын тұрған сияқты.

− Слушай, қайда жүресің? Неге көрінбей кеттің? - деді Мюлгаузин.

Еламан күлді.

− Неге күлесің?

− Үйде тұрмайтын мен емес, өзіңсің ғой.

− Жұмысың қалай?

− Қалай дейтіні жоқ... Екі қолға - бір жұмыс.

− Сөзінің сиқын. Вот что, дорогой, қаласаң, ертеңнен бастап қасыма алуға болады.

− Рахмет. Осы жұмысым өзіме ұнайды.

− Ознобинді қимай тұрсың ғой. Это твое дело. Маған сенің Ознобинің де, Селивановың да ұнамайды.

− Білем.

− Митингінің уақыты өтті. Жер - жердің бәрі көтеріліп жатыр. Қазір халықты қаруландырып, күреске шығатын кез!

Еламан қарт жұмысшыны қолдап, қарсы дау айтқысы келсе де, орысшасы кемтарлық етті ме, әлде ыңғайлы сөз аузына түспеді ме, көзін жерден көтермей тұнжырап тұрған-ды.

Мюлгаузин:

− Үй іздеп жүрген көрінесің ғой? - деді.

Еламан үндемеді.

− Біздің үй тарлық етіп жүр ме? - деді Мюлгаузин.

Еламан бұған да үндемеді. Тек өзінен көз алмай, қадала қарап тұрған Мюлгаузинге білдірмей ішінен үнсіз мырс етті.

− Не дури, үй жетеді, - деді де, ол ішке кіріп кетті.

Еламан үйге кіргісі келмеді. Атасы кеткелі онсыз да үйге сыймай жүр. Елден келген кісілерді іздесе, бұл, әдетте, Теміркенің көк дүкеніне баратын. Онда Тәңірберген жатыр деп есіткесін бетінен басты. Үй іздегісі келді. Күннің кешкіріп қалғанына қарамастан ол тағы да көл жақ шетте тұратын қазақтардың біраз үйін жағалап шықты. Сүйткенше күн батты. Қас қарайды. Сол күні айсыз түн, әсіресе, тастай қараңғы болған-ды. Кешенің екі бетінде жапырайған аласа үйлерді бұл түн түгіл, күндіз де бірінен - бірін айыра алмайтын. Мына көз байлаған қараңғыда балшықтан соққан, бірін ақтаса көпшілігі ақталмаған, өңшең жер тістеген аласа үйлердің нобайын қараңғыда әзер-әзер көріп келе жатқан-ды. Сондай үйдің біріне тақап келе бергенде кісі бойы дуалдың ар жағынан қора толы көп адамның абыр - дабыры шықты. Еламан қалт етіп тұра қалды да, қайта жүрді. Әлгі абыр -дабырдың арасынан сыңсып жылаған әлдебір жас дауыс шығып еді, оған біреулер басу айтып: «Қой, қарағым! Молда Құран оқысын», - деп жұбатпақ болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий